Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
Билік 1015 0 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 16:44

Жастарға отаншылдық тәрбие берудегі музейлердің рөлі қандай?

Қазақ халқының ерте заманнан бері Еуразия құрлығын мекендеп келе жатқан ең байырғы ұлттардың бірі екені жалпақ жұртқа мәлім. Тарихымыз тастарға таңбаланып қоймай, ел аузындағы шежіре, жыр-дастандар арқылы бізге жетіп отыр.

Шетел архиптерінде жатқандары, жиналғандары қаншама?! Ондай құнды дүниелер көз қарашығындай қастерленіп, мемлекет тарабынан қорғауға алынып, музейлерде сақталуда. Мұндай мемлекетіміздің тарихынан сыр шертетін бағалы дүниелердің жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде, отаншылдық сезімін оятуда атқаратын ролы ерекше. Музейге барған жастар отанымыздың тарихын көзбен көріп, ескі замандарға қиалымен сапарлап, ерекше күйге енері белгілі. Сол арқылы еліміздің тарихына, мәдениетіне қызығушылығы артып, жастайынан мемлекетшіл тұлға болып жетілері анық. Ондай тарих көргізбесі қойылған жерлер байтақ отанымызда жетерлік. Ең әйгілі ретінде Алматыдағы орталық музеймен Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейін атауға болады. Халқымыздың ескі өркениетінен тұрмыс салтынан сыр шертетін бұл орталықтар әлде қашан Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың бірінші кезекте соғатын тартымды ортасына айналған.

Әлем санаулы музыкалық аспаптарға арналған музейлер қатарына кіретін Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы ашылған. 1990 жылы оған әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімі берілген.

Музейде қазақ халқының Дамбыра, Қобыз, жетіген, шертер қатарлы ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің Үрмелі және ұрмалы музыкалық аспаптары, Мемориалдық музыкалық аспаптар қойылған. Сол мақсатта 9 экспозициялық зал жұмыс істейді.

Музейге келушілер әр экспонат жайында толық мәлімет алуы үшін музей залдары 2 ақпараттық киосктар және бейне контенттік проекторлармен жабдықталған. Киосктар арқылы әр экспонат жайында ақпарат берілсе, бейне контенттен сол аспаптың дыбысталуы, аспапта ойналатын музыкалық шығармалар көрсетіледі. Музейдің барлық залдарында фондық музыка ойнап тұруын қамтамасыз ететін арнайы дыбыс құрылғылары орнатылған. Музейдің 120 орындық концерт залында тұрақты түрде дәстүрлі ән-жыр және күй кештері өткізіліп тұрады.

Қазақстан Орталық музейі 1925 жылы өлкелік Орталық мұражайы болып құрылып, 1929 жылы Алматы қаласына көшірілген. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынған. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын әйгілейді. Қазақстан жерінен табылған көне түркі (5 - 8 ) руханиятына қатысты тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б. жиынтығы мұражай қорында сақтаулы. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мөдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зергерлерінің күмістен жасаған әшекейлік бұйымдары жинақталған. Сондай-ақ, Қазақстан қылқалам шеберлерінің туындылары, фото, суретті құжаттар да бар. Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.

Осыдан-ақ әр бағыттағы ұлттық мәзейлердің жастардың ел тарихымен мәдениетімен танысудағы мүмкіндігін, отанның патриоты болып ержетудегі ролының ерекше екенін бағамдай беруге болады.

Сондай-ақ жастарға музейлерге үнемі апарудан бөлек таза табиғатқа саяхат жасатуды да басты назарға ұстаған жөн. Сол арқылы отанымыздың кеңдігін жете түсініп, дархан даласымен танысып, мақтаныш сезімі оянатын болады. Табиғатты, экологиялық ортаның аялау сезімі оянады. Бұл ретте еліміздегі табиғи қорықтардың алдынғы таңдауда тұратыны анық. Десе дегендей дарқан даламыздың шығысы мен батысын да, оңтүстігі мен солтүстігінде жаратылыстың хикіметі саналатын қасйетті орындар жетерлік. Олардың қатарында Боз жараны, Шарын аңғарын, Көлсайды атауға болады. Мұндай орындарға барған жастар еліміздің әлемде жоқ , табиғаты рекше табиғи қорықтарымен танысып көз аясы кеңейеді. Отанға деген түсінігі артады. Мақтаныш сезімі оянып, жерімізді мақтан ететін болады. Отанға деген махаббат отбасынан басталатыны, бала кезден қалыптасатыны анық. Сондықтан жастардың отаншылдық тәрбиесін оқу орындары ғана емес, ата-аналарда жастайынан қолға алу керек. Қоғам болып қолға алу керек. Музейгк саяхат пен Таза табиғатқа саяхатты ата-аналар мен оқытушылар баланың бала бақша кезінен бірлесе қолға алуы керек. Әдеттің мінезге айналатыны сияқты отаншылдық сезімде солай жастай қалыптасады. Жемісін қоғам, мелекет көреді. Ел іргесі бекиді. Мемлекеттің заттық, рухани қуаты артады.

Abai.kz

0 пікір