Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3423 0 пікір 10 Сәуір, 2013 сағат 05:36

Шығыс Түркістан Республикасының қилы тағдыры (жалғасы)

 

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ (Жалғасы)

Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарына Ауыт Мұқибек баласы дайындап ұсынған «Шыңжаңның Үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер» деп аталатын тарихи шежірелік кітаптан үзінді беруді жалғастырып отырмыз. Бұл тараудан сіздер ШТР Уақыттық үкіметінің 4-реткі жоралар мәжілісі Шығыс Түркістан территориясынан Қытайдың дара билік үстемдігін түп-тамырымен жою жөнінде  қаулы қабылдағанын оқи аласыздар.

17.11.1944

Шыңжаң өлкелік үкіметтің 71-реткі жоралар мәжілісі жер-жерде көтерілген құралды күреске әскери, саяси жақтан қатар кірісу бағытын қолданып, құралды күшпен жаныштаумен бірге, «көңіл аулау комиссиясын» құрып, шығыс, батыс, Іле, Алтай, Тарбағатай, Қарашарі - алты бағыттағы үлкен топ ұйымдастырып, «көңіл аулау» қимылын жүргізуді ұйғарды.

Сол кезде Іле аймағының көп бөлегі азат болғандықтан, ол жаққа баратын «көңіл аулау тобы» Жың, Бұратала, Арасан өңірінде ғана қимыл жасады.

 

***

17.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің Оқу-ағарту меңгермесі құрылды. Бастығы Қабип Бернашов, орынбасары Сайпиден Әзези болды.

 

***

20.11.1944

 

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ (Жалғасы)

Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарына Ауыт Мұқибек баласы дайындап ұсынған «Шыңжаңның Үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер» деп аталатын тарихи шежірелік кітаптан үзінді беруді жалғастырып отырмыз. Бұл тараудан сіздер ШТР Уақыттық үкіметінің 4-реткі жоралар мәжілісі Шығыс Түркістан территориясынан Қытайдың дара билік үстемдігін түп-тамырымен жою жөнінде  қаулы қабылдағанын оқи аласыздар.

17.11.1944

Шыңжаң өлкелік үкіметтің 71-реткі жоралар мәжілісі жер-жерде көтерілген құралды күреске әскери, саяси жақтан қатар кірісу бағытын қолданып, құралды күшпен жаныштаумен бірге, «көңіл аулау комиссиясын» құрып, шығыс, батыс, Іле, Алтай, Тарбағатай, Қарашарі - алты бағыттағы үлкен топ ұйымдастырып, «көңіл аулау» қимылын жүргізуді ұйғарды.

Сол кезде Іле аймағының көп бөлегі азат болғандықтан, ол жаққа баратын «көңіл аулау тобы» Жың, Бұратала, Арасан өңірінде ғана қимыл жасады.

 

***

17.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің Оқу-ағарту меңгермесі құрылды. Бастығы Қабип Бернашов, орынбасары Сайпиден Әзези болды.

 

***

20.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі құлақтандыру шығарып, былай деп көрсетті: «Қоғамда тонаушылық, ұрлық, алдамкөстік, өсек-аяң құбылыстары үнемі туылып отырғандықтан, Уақыттық үкімет әр ұлттың беделді адамдарынан ерекше Әскери сот құрып, халықтың қалыпты тұрмысына зиян салған барлық делоларды қарауға және бұзақыларды жазалауға жауапты болады».

 

***

20.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі партизандар қосыны бас штабы Ердеге бір партизандар атретін бастап Құлжадан шығып, Шиңшұихызы арқылы Бұратала ауданына баруды ұйғарды. Онда гоминдаң үстемдігіне қарсы үгіт қимылын жүргізуді; жерлік халықты партизандар қосынына қатынасуға, қосын күшін молайтуға көмектесуге шақыруды тапсырды.

 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Патих Мүсілімов, Мәнсұр Ломийовты Кәрім Ажымен бірге Сүйдің, Шиңшұихызы, Лусаугу, Мушұйтайзы өңірлеріндегі хұйзу (дүңген) ұлты жиі қоныстанған қыстақтарға барып, үгіт жүргізіп, аттанықа келтіріп, 50-ден аса адамы бар хұйзу партизандар атретін ұйымдастыруға жіберді.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

 

ШТР Уақыттық үкіметі партизандар қосыны бас штабы Лусаугуден бөлімше штаб құруды, әрі Құлжадан бір паризандар үлкен атретін шығарып, оны Лусаугу партизандар атретімен, Сүйдің партизандар атретімен, хұйзу (Дүңген) партизандар атретімен қосып, төрт үлкен атрет етіп құруды ұйғарды. Бір үлкен атретке 400-ден адам беріліп, Қорғас қалашығы, Сүйдің қалашығы, Күре қатарлы жерлердегі гоминдаң қарауылшы армиясын жеке-жеке қоршап жою тапсырылды.

 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Құлжа аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Типахұнды қойды.

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Мұңғұлкүре ауданын партизандар қосыны меңгеруіне алған хабар Текес ауданына таралған соң, ондағы жерлік малшылар өз еріктерімен жабал үн қосты. Гоминдаңның Текес ауданындағы әкімі Сау Яңсу әскерлер мен үкімет қызметкерлерін бастап, қалашықты тастап, Тоғызтарау ауданына қашып барды.

 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

Гоминдаңның Сұмыл ауданындағы әскери, әкімшілік күштері Сұмыл қалашығын (қазіргі Алтынбұлақ қалашығы)  иелеп жатқандықтан, ШТР Уақыттық үкіметі Лунюгуда (Шапшал сібе автономиялы ауданының қалашығы) Сұмыл аудандық үкіметін құруды ұйғарды. Басқаруға Шаң дышанды тағайындады.

 

***

1944-жыл, қараша айының орта шені.

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Нылқы аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Патих  Мүсілімовты қойды.

***

19-20.11.1944

19-қараша күні Могітнов Лусаугу паризандар атретіндегі 400-ден астам адамды бастап, Қорғас қалашығын қоршауға алды. 20-қараша күні таңсәріде қалашыққа шабуылға өтіп, төрт саған қиян-кескі шайқас жүргізді. Қарауылшы әскердің 300-дей адамын бір-ақ жойып, аудан қалашығын басып алды. іле-шала үш бағытқа бөлініп, бірінші бағыттағылар Кеңсайды қорғап жатқан партизандар атретіне көмекке барды. Екінші бағыттағылар Құлжаға барып, Айродромды қоршауға алу шайқасына қатынасты. Соңғы бағыттағыларды Могітнов бастап, Сүйдің қалашығын қоршап шабуылдау соғысына қосылды.

 

***

22.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Текес аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Тоққожаны тағайындады.

***

22.11.1944

Жушаулияң жаңа 45-дивизияның командирі Шиеи Фыңға Тұрпан ауданындағы (Тұрпан қаласындағы) екі полкті бастап Жың ауданына барып, Құлжаға көмекке баруды күтіп тұруға бұйырды.

 

***

22.11.1944

Қорғас қалашығын партизандар қосыны басып алғанын, Құлжа айродромы партизандардың қат-қабат қоршауында қалғанын естігеннен кейін, Жушаулияң Дудыфуды Құлжаға қоса жіберіп, Құлжадағы қарауылшы әскерлерге қолбасшылықты күшейтуді белгіледі.  Жушаулияңның оған тапсырған міндеті - қоршаудағы әскери бөлімдерді қайта реттеп, Айранбақты, Айродромды, Гүюаңмияуды мықты қорғап, көмекші әскерлер барғаннан кейін, Құлжа қаласы районын қайтарып алу еді. әрі әуе арқылы әскери бұйымдарды үзбей жеткізіп тұруға уәде берді.

Дудыфу жан-жағынан қоршауда қалған Құлжа  айродромына сол күні жетіп барды.

 

***

23.11.1944

Дудыфу Айродромда әскери істер мәжілісін ашып, өзі қолбасшы, Саурылиң орынбасары болған бірлескен қолбасшылық штаб құрды. Лишиға бір батолион әскери күшті басқарып, Құлжа айродромын; Пыңжүниеге үш батолион әсер күшпен Айранбақты; Жиаңшуанчуанға бір батолион, бір рота әскери қосынмен Гүюаңмияуды берік қорғауды бұйырды.

 

***

24.11.1944

Әлихан Төре Кеңестік Қазақстан Республикасы үкіметіне хат жазып, көмекке қару-жарақ, оқ-дәрі шешім етуді талап етті. Хатта оның бодауына ШТР Уақыттық үкіметі халықтың жылуға атаған нәрселерін немесе мал беріледі делінген.

***

25.11.1944

Жяңжиеші Ужұңшин ме Жушаулияңға хат жазып, әскери істерді орналастыруда мынадай нұсқаулар берді:

1). Құлжа төңірегіндегі әскери күшті топтай отырып,  белсене шабуыл жасап, Құлжаны және басқа жерлерді кешіктірмей алу керек. Алуға шама жетпесе, тіресудің ұзақ уақыттық жоспарын жасау тиіс. Өзге бір мемлекет араласса, одан олаңдамау керек.

2). Құлжаға жіберілген әскери бөлімдерден басқа әскери күштерді бұрынғы жоба бойынша орналастырып, Үрімжіден Юимінге дейінгі шығыс үлкен жолдың қорғанысын күшейту; оңтүстік Шыңжаң мен солтүстік Шыңжаңдағы маңызды жерлерді берік қорғап, «бандықық дерттің» басқа жерлерге таралуынан қатаң сақтану керек.

3). Кеңес Одағымен дипломатиялық істерді сол жердің өзінде істеу, жылт еткен үміт бола қалса, экономикалық істестік жағында мүмкіндігінше жол беру арқылы территория мен иелік ұқықты қорғап қалу керек.

4). Шыңжаңның жер-жерін барлық саяси және әскери тәсілдермен берік игеру керек. Үрімжінің маңындағы бекіністі, өте-мөте бұрынғы айырплан римонттау заводты мен айыродромды қорғау жұмысына тез кірісу керек!

***

26.11.1944

Талғат Мұсабаев, Гуаңлу және Любиңилер Тоғызтарау ауданына барғанда, Тоғызтарау ауданының әкімі Шижүн, Тоғызтарау ауданына қашып барған Текес ауданының әкімі Сауяңсулар осы екі ауданның әскерлері мен үкімет қызметкерлерімен қалашықты тастап, шығысқа қашты.

***

27.11.1944

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Мұғұлкүре аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Сайдолла Мақсұмды тағайындады.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені.

ШТР Уақыттық үкіметінің ұсынысы бойынша, Владимир Козлов және  Владимир Стефанович бастаған Кеңес Одағының екі ақылшылар үйірмесі Құлжаға келді.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені.

Гаууи мен Сұмыл ауданының әкімі Дұңжияншю Сұмыл ауданындағы Гоминдаң әскерлері мен үкімет қызметкерлерімен бірге аудан қалашығын тастап, Іле өзенінен өтіп, Сүйдің ауданының Күре жамбылына қашып барды.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені.

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Күнес аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Жәйірбекті тағайындады.

***

1944-жыл, қараша айының аяқ шені.

Жушаулияң жұрт көңілін орнықтыру, қауыпты жағдайдан құтылу, Үрімжіні сақтап қалу үшін 29-құрманың әскери күшін батысқа бір-ақ көшіру жөнінде бұйрық берді. Нақтылы орналастыуы мынадай:

1). Жаңа 2-корпустың штабын Үрімжіден батысқа - Шихуға көшіру, 29-құраманың штабын Құмылдан батысқа - Үрімжіге жөткеу, 42-Корпустың штабын Жюшуаннан батысқа - Құмылға апару.

2). Ууиды қорғап тұрған уақыттық 56-дивизияның полкін Шыңжаңға әкеліп, Үрімжіге көмекті күшейту.

***

29.11.1944

Люишияң әскери бөлімді бастап, Жың ауданына келді. Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру жөнінде әскери істер соғыс жоспарын жасады. Іле уәлиі Зошупиң онымен бірге келіп, Іле аймақтық уәли мекемесін Жың ауданында құрып, «Көңіл аулау» қызметін істеді.

***

1944-жыл, қараша айының соңы.

Құлжа айродромын қоршап тұрған партизандар қосыны айродромның сымсыз радио стансиянсасын басып алып, айродромды минамотпен атқылады. Осыдан бастап гоминдаң айропланы ұшып-қона алмай қалды да, әуе тасымалын әуеден керек-жарақ тастауға өзгертті. Алайда партизандар қоршауды барған сайын тарайтып, аспанды оқпен торлап отырғандықтан, биіктен тасталған заттың оннан сегіз-тоғыз бөлегі партизандар базасына түсіп отырды.

***

1944-жыл, қараша айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Ішкі істер меңгермесі құрылды. Бастығы Әбдікерім Аббасов болды.

***

1944-жыл, қараша айы.

ШТР Уақыттық үкіметі шешім шығарып, Қорғас аудандық үкіметті құрып, оны басқаруға Мәмет Ажыны тағайындады.

***

01-15.12.1944

1-желтоқсан күні Люишияң «Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру» соғыс жоспарын атқаруға кірісті. Сәнтайдан жіберген әскери бөлімдер жаңа Артайға шабуыл жасағанда жеңіліске ұшырады.

3-желтоқсан күні Люишияң запас 7-дивизия командирінің орынбасары Хушыңяңды, Жаңа 45-дивизия 3-полкінің командирі Хууынсыны Сыминтузға барып, алдыңғы шеп қолбасшылық орнын құруға жіберді.

4-желтоқсан күні Люишияң Сыминтузға өзі барып, соғысты бақылады.

6- желтоқсан күні Жаңа Артайға тағы шабуыл жасады. Екі жақ төрт күн сұрапыл соғыс жүргізді. Партизандар қосыны қайсарлықпен тосқауылдап соққы берді.

9-желтоқсан күні Жаужүректер атретін ұйымдастырып, екі айропланның қорғауында Жаңа Артайды екпіндете соққыласа да, өнімі болмады. Алай-дүлей қарлы боран соғып, температура отыз градусқа төмендегендіктен, оның үстіне әскери бөлім ауыр шығындалғандықтан, амалсыз шегініп, Сыминтузға қайтып келді.

15-желтоқсан күні запас 7-дивизияалдыңғы шеп қолбасшылық орны Дахиянзыға шегінді. Сонымен, «Кеңсайдан Іле өзені аңғарына жорық жасап, Құлжаға кіру жөніндегі жасалған» жарым айлық әскери істер соғыс жоспары жеңіліспен тынды.

***

03-25.12.1944

3-желтоқсан күні Могннов партизандар үлкен атреті, Мәнсұр Ломийонов партизандар үлкен атреті Сүйдің қалашығына шабуыл жасады. Ондағы гоминдаң әскери бөлімдері қатты қарсыласқандықтан, ұрыс ұзаққа созылды.

25-желтоқсан күні ұсыныс бойынша келген Кеңес Одағы құрлыс әскерлер бөлімінің селбесуінде, қорғанды қопарғыш дәрімен талқандап, бүкіл қалашықты алды. гоминдаң армиясының 50 ротасын жойды. Аудан әкімі мен орынбасарын тұтқындады. Қалашықтағы қытай бұқарасынан көп адам өлді және жараланды.

Паризандар атреті Сүйдің қалашығын алғаннан кейін екі бағытқа бөлінді. Бірінші бағыттағылар Артайға барып, қорғаныс қуатын күшейтті. Екінші бағыттағылары Күре жамбылын қоршау шайқасына қатынасты.

***

04.12.1944

ШТР Уақыттық үкіметі хабарландыру шығарып, бұқараның қолындағы Шыңжаң өлкесінің қағаз ақшасы мен фаби ақшаны Уақыттық үкімет танитындығын және қорғайтындығын, ақша құнының өзгермейтіндігін; ақшаны құнсыздандырып, бағаны қымбаттатушылардың бұқараның экономикалық мүддесіне зиян жеткізді деп қаралып, жазаланатындығын жариялады.

***

1944-жыл, желтоқсан айының басы.

Әбілмит Хажиев Шәуешектегі «Азаттық үшін күрес» ұйымының біріспыра мүшелерін бастап Кеңес Одағына барды. Абыла Рамазановтың көмектесуінде, Тарбағатай аймағындағы жасырын қимылға басшылық ету үшін Қарабаста қолбасшылық штаб құрды.

***

1944-жыл, желтоқсан айының басы.

Хыжың ауданының Байынбұлақ сахарасындағы мұңғұл Шияңзыды Нылқы ауданына келіп, Патих Мұсилімовқа жағдайдан мәлімет берді. Ол қайтарында бірқыдыру қару-жарақ, оқ-дәрі алып барып, Байынбұлақ партизандар қосынын құрды. Сөйтіп, гоминдаң әскери бөлімдерінің Қарашәріден Ілеге көмекке келетін жолын кесіп тастады.

***

07.12.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің Жоғары сөт мекемесі құрылып, Мұқаметжан Мақсұм сот бастығы болды.

***

12.12.1944

Дудыфу Жушаулияңға телграмма арқылы, «бірнеше күннен бері партизандар қосыны минамотпен, ауыр-жеңіл пилимоттармен Айранбақ, Айродром, Гүюаңмияу бекіністерін толассыз атқылауда. Күніне мыңнан астам мина жарады. Бекіністер, үйлер негізінен күйреді. Әскери бөлімдердің оқ-дәрі, азық-түлігі таусылуға айналды. Ат-көлікті сойып жей бастадық» - деп мәлімдеді.

***

15.12.1944

Дәлелхан Сүгірбаев Алтай партизандар қосынының мүшелері мен әр ұлт бұқарасы қатынасқан жиналыста Іле аймағындағы гоминдаң кертартпа үстемдігіне қарсы құралды күрестің жеңіске жеткендігін хабарлады.

***

18-20.12.1944

Ерде паризандар атреті ШТР Уақыттық үкіметінің партизандар қосыны бас штабы жіберген Қайнам бастаған құралды бөліммен бірігіп, Арасан қалашығын қоршауға алды. Қалашықтағы ұсақ ұлт бұқарасының сәйкесуінде, екі күн шайқасып, 20-желтоқсан күні аудан қалашығын алды. Бука Амбаны Арасан ауданына уақытша жауапты етіп тағайындады. Бұл жолға соғыста жау армиясынан 70-тей адам жойылды. Арасан ауданының әкімі Уаңбиңшияң қолға түсті.

***

20.12.1944

Люзырұң Кеңес Одағынан Үрімжіге келіп, Гоминдаң үкіметі Сыртқы істер министрлігінің Шыңжаң өлкесінде тұратын сыртқы істер ерекше уәкілі болды.

***

26-30.12.1944

26-желтоқсан күні Лиюишияң Жушаулияңның Құлжаға көмек беру жөніндегі жаңа жобасы бойынша, соғыстық орналастыруын өзгертті. Құлжаға көмек беру соғысында Жың ауданының оңтүстігіндегі Ашалы асуын бұзып өтіп, Ілеге басып кіруді түйін етті.

28-желтоқсан күні үш роталық әскери күшті Ашалы асуы мен Дахиянзыдан Құсемшекке қарай шабуыл жасауға жіберді. Олар бес күнге созылған қиян-кескі соғыс арқылы Құсемшекті басып алды. Ашалы асуының солтүстігіндегі асуға шегінген партизандар қосынының қайсарлықпен тосқауылдап соққы беруіне тап болып, гоминдаң әскери бөлімдерінің Құлжаға көмекке бару қарқыны баяулады.

***

26-31.12.1944

ШТР Уақыттық үкіметінің партизандар қосыны бас штабы Ысқақбек Мононовқа Сүйдің қалашығын алуға қатынасқан партизандардың бір бөлігін бастап, 26-желтоқсан күні бір айдан астам қоршауда қалған Күреге төте кіруді бұйырды.

29-желтоқсан күні Ысқақбек Мононов Күре жамбылындағы әскерлерге тізе бүгу бұйрығын түсірді. Ондағы әскерлердің оқ-дәрі, азық-түлігі азайып, салындысы суға кеткендіктен, Іле аймақтық сақшы мекемесінің бастығы Гаууи, жаралы әскерлерді сауықтыру орталығының бастығы Гоиңхұй, Гүре саудагерлер қоғамының бастығы Гаушинулар қарауылшы әскерлердің уәкілі болып, жамбылдан шығып, партизандар қосынымен келіссөз өткізді. Екі жақ ақылдасып, мыналарды белгіледі:

1). Ендігі әры қарулы қақтығыс жасалмайды.

2). Құрал-жарақты тықпай, бүлдірмей, жоғалтып жібермей, жиып алып, партизандар қосынына тапсырады.

3). Екі жақ уәдесіне опа қылады. Бұқараның өмірі мен мал- мүлкінің амандығына кепілдік етіледі.

4). Шынзылияң бастаған мәнсаптылардың бас амандығы сақталады. Тұтқынға алынбайды. Сұраққа тартылмайды.

5). Гоминдаң командирлері мен әскерлерінің талабы бойынша орналастыру жасалады.

6). Жоғарыдағы тармақтарға қайшылық жасап, тоңмойындықпен қарсыласқандар қатаң жазаланады.

Келіссөз уәкілдері жамбылға қайтып барғаннан кейін, амандықты қорғау әскери 4-полкінің командирі Шынзылияң және 1-ротадағы әскерлер тізе бүгуден бас тартты.

31- желтоқсан күні партизандар қосыны сұрапыл шабуыл жасап, амандықты қорғау атты 4-полкіне төте қарасты бөлімдер, 2 атты әскер ротасы   және сақшылардан құралған жүздеген адам жойылды. Гаууи мен Шынзылияң өздеріне-өздері қолжұмсап өлді. Күре жамбылы алынды.

Сұмыл ауданының әкімі Дұңжианшю қатарлылар Сұмыл ауданына қашып бара жатқан жолында ШТР Уақыттық үкіметі жіберген партизандар қосыны жағынан түгелдей тұтқынға түсті.

***

28-30.12.1944

Лиюишияң Хушыңяңды Бұраталаға барып, Бұратала, Арасан жақтардағы соғысқа біртұтас қолбасшылық етуге жіберді. Хушыңяң 30- желтоқсан күні Бұраталаға барған соң, сол арадағы әскери күшті дереу Бұратала қалашығының маңызды жерлерін қорғауға орналастырды. Сонымен бірге, Лиюишияңнан біреуі Бұраталаны қорғайтын, біреуі Арасан ауданына шабуыл жасайтын екі батолион әскери күш жіберуді талап қылды.

***

31.12.1944

Таңғы сағат сегізде Жушаулияң Үрімжіден айрпланмен Құлжаға әуе кеңістігіне келіп, Жияңжиешы атынан Дудыфуды және барлық командирлер мен әскерлерді жігерлендірді. Жүз бумадай оқ-дәрі, азық-түлік тастап берді.

Дудыфу өлсек те міндетті орындаймыз деді.

Партизандар қосыны айрпланды зеңбірекпен атып зақымдағандықтан, Жушаулияң масқара болып, Үрімжіге қайтып кетті.

***

31.12.1944

Ужұңшин Тарбағатай аймағының уәлиі болып баратын Пыңрұңды шақырып алып, оған өз қолымен жазылған төрт парша хат берді. Оларды Тарбағатай аймағын қорғап тұрған гоминдаң әскери бөлімдерінің жауаптыларына беруді тапсырды. Хатта олардан әскеи сақтықты күшейтіп, Тарбағатай аймағын қорғауды талап еткен.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

Әлихан Төре талай реткі бұқаралық жиналыста сөз сөйлеп, «Шыңжаң Қытай териториясының айырылмас бір бөлегі» дейтін көзқарасты сандырақ деп, «Біздің Отанымыз Шығыс Түркістан» дегенді дәріптеді.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметінің Үгіт бөлімі құрылып, бастығы Әбдікерім Аббасов болды.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметі ұйғыр, өзбек, қытай ұлттарының «Ұлттық мәдениетті ілгерлету» қоғамдарын және олардың мал-мүлкін өткізіп алуды ұйғарды. Аудандық оқу-ағарту мекемелері аудан дәрежелі «Ұлттық мәдениетті ілгерлету» қоғамдарын және олардың мал-мүлкін өткізіп алсын деп бұйрық түсірді.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

Ең жоғары Дінни сот Құлжада құрылды. Зарыпқали Ажы сот бастығы болды. әр ауданда Дінни сот арт-артынан құрылды.

***

1944-жыл, желтоқсан айы.

ШТР Уақыттық үкіметі Кеңес Одағының әр саладағы мамандарынан бір тобын меңгермелерде ақылшы болуға ұсыныс етті.

Олардан Мұқсын Уақыттық үкіметтің, Громинкин Қазына меңгермесінің, Әли Ішкі істер меңгермесінің, Сүлеймен Розиев Жоғары соттың, Абылаев (кейін Ғалым Құдайберді, Марсаевтер болды) Оқу-ағарту меңгермесінің, Жапар Дамолла Дін істер меңгермесінің, Омар Егін-орман-мал-су шаруашылығы меңгермесінің ақылшысы болды.

(1945-ЖЫЛ)

***

01.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Денсаулық сақтау меңгермесі құрылды. Қасымжан Қамбарбай оның бастығы болды.

***

01.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметі Ерекше әскери соты Күреге шабуыл жасап кіргеннен кейін, бейкүна қытай бұқарасынан бірталайын өлтірген Лафусаңды өлім жазасына үкім етті.

***

02-05.01.1945

2-қаңтар күні гоминдаңның шонжарлары Шаулизы мен Сұнкы Ужұңшин, Жушаулияңдарға бірлесіп телеграмма жолдап, Қытай-Кеңес Мәдениет қоғамының Шыңжаң бөлімшесін алдымен қалпына келтіруді Шыңжаңдағы жерлік билеушілердің Кеңес Одағымен жарасуының шарасы етуді ұсыныс етті.

5-қаңтар күні бұл қоғамның Үрімжіде іс-қимылы қалпына келтірілді.

***

05.01.1945

ШТР Уақыттық үкіметінің 4-реткі жоралар мәжілісі мынадай Үкімет қаулысын мақұлдады:

1). Шығыс Түркістан териториясынан Қытайдың дара билік үстемдігін түп-тамырымен жою.

2). Шығыс Түркістан териториясындағы әр ұлт халқының терезесі тең болу негізінде шынайы еркіндікке, дербестікке ие мемлект құру.

3). Шығыс Түркістанның экономикасын жан-жақты дамыту үшін, алдымен өнеркәсіпті; егін, мал шаруашылығын және жекелік сауданы дамыту. Сол арқылы халықтың тұрмыстық өресін жоғарлату.

4). Шығыс Түркістандағы халықтың басым көбі ислам дініне сенетіндіктен, осы дінді ерекше дәріптеу керек. Сонымен бірге, басқа дінге де еркіндік беру және оны қорғау.

5). Мәдениет, оқу-ағарту және денсаулық сақтау істерін дамыту.

6). Дүние жүзіндегі демократиялы елдермен, өте-мөте Шығыс Түркістанға көрші Кеңес Одағымен қарым-қатынас орнату. Саяси, экономикалық жақтан Қытай үкіметімен байланысты да ілгерлету.

7). Шығыс Түркістанның бейбітшілігін қорғау үшін, әр ұлт халқының құдіретті әскери қосынын ұйымдастыру.

8). Банк, почта, телефон, телеграмма, орман және барлық жер асты байлықты мемлекет иелігіне алу.

9). Мемлекет қызметкерлері арасында өзімшілдік, төрешілдік, ұлтшылдық және жемқорлық сынды нашар стилдерді жою.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394