Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3963 0 пікір 11 Сәуір, 2013 сағат 04:55

Жұмаш Кенебай. Махатма Ганди (жалғасы)

Айтпақшы, мектептегі жазуы нашар бала да - осы Мохандас болған еді. Ол кейін бұл жөнінде өзінің естелігінде қатты өкініп жазады. "Балалардың жазуы әдемі болуы үшін оларды ең алдымен сурет салуға үйрету керек, содан кейін барып көркем жазуға бейімдесе дұрыс болар еді" деп жазады ол кейін өз естелігінде.

Тағы да сол естелікте назар аударуға тұрарлықтай мынадай жолдар бар: "Барлық үнді орта мектептерінде ана тілінен басқа: хинди, санскрит, парсы, араб және ағылшын тілдерін оқыту керек деп ойлаймын. Бұл ұзақ тізімнен қорқуға болмайды. Шын мәнінде хинди, гуджарати және санскрит тілдерін парсы және араб тілдері сияқты бір тіл ретінде қарастыруға болады.

Мохандас - барлық балалар сияқты досқа бай болады. Соның бірі Мохандастың оны жақсы жолға түсіргісі келген барлық әрекетін жоққа шығарып, керісінше оның өзін жаман жолға бастайды. Жас келіншегі Кастурбай ол досын бір көргеннен-ақ суқаны сүймей, онша ұнатпайды, бірақ, еркектік жалған намысқа берілген Мохандас әйелінің сөзін құлағына да қыстырмайды. Ол жөнінде М. Гандидің өзі былай жазады:

Айтпақшы, мектептегі жазуы нашар бала да - осы Мохандас болған еді. Ол кейін бұл жөнінде өзінің естелігінде қатты өкініп жазады. "Балалардың жазуы әдемі болуы үшін оларды ең алдымен сурет салуға үйрету керек, содан кейін барып көркем жазуға бейімдесе дұрыс болар еді" деп жазады ол кейін өз естелігінде.

Тағы да сол естелікте назар аударуға тұрарлықтай мынадай жолдар бар: "Барлық үнді орта мектептерінде ана тілінен басқа: хинди, санскрит, парсы, араб және ағылшын тілдерін оқыту керек деп ойлаймын. Бұл ұзақ тізімнен қорқуға болмайды. Шын мәнінде хинди, гуджарати және санскрит тілдерін парсы және араб тілдері сияқты бір тіл ретінде қарастыруға болады.

Мохандас - барлық балалар сияқты досқа бай болады. Соның бірі Мохандастың оны жақсы жолға түсіргісі келген барлық әрекетін жоққа шығарып, керісінше оның өзін жаман жолға бастайды. Жас келіншегі Кастурбай ол досын бір көргеннен-ақ суқаны сүймей, онша ұнатпайды, бірақ, еркектік жалған намысқа берілген Мохандас әйелінің сөзін құлағына да қыстырмайды. Ол жөнінде М. Гандидің өзі былай жазады:

"Екінші достығымды өмірімнің күйігі деп есептеймін. Ол ұзаққа созылды. Мен оны түзеуді мақсат етіп достасып едім... Қателескенімді кейіннен түсіндім. Түзетуші түзетем деген адамымен ешқашан тым жақын қарым-қатынаста болмауы керек. Шынайы достық дегеніміз - бұл дүниеде сирек кездесетін жан жақындығы. Тек мінездері бірдей адамдардың арасындағы достық қана ұзағынан әрі баянды бола алады. Достар бір-біріне ықпал етеді. Сондықтан достық түзеуге жол бере қоймайды. Жалпы аса көп жақындықтан аулақ болу керек деп ойлаймын: адам баласы жақсылықтан гөрі жамандықты анағұрлым тезірек қабылдайды. Ал құдай деген адам жапа-жалғыз қалу керек немесе бәрін де дос етуі керек. Бәлкім мен қателесіп те тұрған шығармын, бірақ баз біреулермен жақынырақ достасайыншы деген бір еңбегім зая кетті".

Әлгі досы оны діншіл үндістерге жат әрекет - ет жеуге, темекі тартуға, аздап шарап ішуге үйретпек болады. Тіпті ұрлық жасауға дейін барады ("Біршама кейініректе қызметшінің ұсақ тиындарынан гөрі ауырлау ұрлық жасадым.. Ол досының азғыруымен лақтың етін жеп, кейін жазықсыз лақ байғұстың маңыраған жалынышты дауысы түні бойы құлағынан кетпей, қатты азап шегеді. Содан былай ол үзілді-кесілді ет жеуден, еттен жасалған тағамнан татып алудан бас тартады.

Тағы бірде сол досы Мохандасты басқа әйелге апарып, зинақорлық жасауға итермелейді. Тыр жалаңаш шешініп, мұны күтіп жатқан жас сұлудың қасынан қашып шығып, әлгі ақшасы төленген әйелдің "сен еркек емессің!.." деген табалауына ұшырап, жер болып, қайтып мұндай әрекетке бармастай күй кешетіні де өз алдына бір әңгіме.

Алдын ала оқиғадан озып баяндайын, Мохандас Ганди өле-өлгенше әйеліне адал болып өтеді. Келіншегі Кастурбай да дініне берік, нағыз еркегі үшін жан беретін төзімді әйел болады.

Мохандас Англияда оқуда жүрген кезінде де, лондондық бикештердің қанша айналдырғандарына да көнбей, тән ләззатынан жанын арашалап, небір ерлік көрсеткені белгілі. Асылы, Мохандас жас кезінен өтірік айту, біреуді алдау дегенді білмей өседі. Ол - тек шындықты, қандай қиындық болса да төзімді, кешірімді болуды ғана жақтайды. Оның мұндай әрекеттерге баруына ең алдымен тумысынан бергі бойындағы ұяңдығы, қорқақтығы себеп болғанын ол өзі де жазған естелігінде ашық мойындайды.

Қорқақтық демекші, жас келіншегіне үйленген кездері, қараңғы түсе сыртқа жалғыз шығудан қорқатынынын қанша жасырып қалғысы келгенімен, онысы білініп қалып, тағы да ыңғайсыз жағдайға қалғаны есінде.

Өзі "Менің өмірбаяным" деген естелігінде жазғандай, қатты нәпсіқұмар болғаны белгілі. Әрине ол кезде қылшылдаған бозбала болатын. Бірде әкесі қатты ауырып өлім аузында жатқанда, әлгі нәпсіқұмарлық сезімі оянып кетіп, ұяттың бәрін жиып қойып, жас келіншегі Кастурбайдың тәтті ұйқыда жатқанына қарамай, оны жұлмалап оятып, толық ләззат алып, әл үстінде жатқан әкесіне келсе, марқұм о дүниеге аттанып кетіпті. Өзінен үлкен ағасы әкесінің соңғы аманатын естіп, бұл мына қылығына қатты пұшайман болып, бармағын тістеген сәті де адамға тән кейбір осалдық мінездеріміздің бір белгісіндей еді.

Сол бір оқиға жайлы М.Ганди аталмыш кітабында былайша ағынан ақтарылады:

"Сағат кешкі он жарым немесе он бір шамасы еді.Әкемнің аяғын уқалап отырғанмын. Ағай мені ауыстырайын деді. Мен қуанып, жатар бөлмеге кеттім. Әйелім қатты ұйықтап жатыр екен, байғұс. Бірақ мен барда ұйқтай алушы ма еді? Оятып алдым. Алайда біраз уақыттан кейін қызметші есік қақты.

- Не болды? Айт.

- Әкей жоқ енді бізге...

Қатты ұялдым, өзімді бір бақытсыз сорлы сезіндім. Егер хаюандық құмарлық көзімді тұмандантпағанда...

...Бұл арада айтып отырған масқаралығым сол - тіпті аса құнтты күтімді қажет ететін әкемнің өлер сағатында да мені нәпсіқұмарлығы биледі. Бұл арсыздығымды ешқашан ұмыта алмаймын және ақтала да алмаймын".

Менің ұлы адамның бойындағы бұл қасиеттерді тізіп жазып отырғаным, Махатма Гандидің де бәріміз сияқты пенде болғанын, оның да жас кезінде бәріміз сияқты небір өрескел әрекеттерге байқаусызда ұрынып қалып отырғандығы, бірақ ешқашан да өтірік айтып, жалған сөйлеп көрмегендігі жасы ұлғайып, әлем мойындағын ұлы тұлғаға айналған тұсының өзінде де, кітап жазғанда да ештеңені ешкімнен бұғып қалмай ашық жазғанынан оқып-біліп, соны ауыз-екі әңгіме ретінде баяндап отырғаным бұл.

Махатма Гандидің тұтас ғұмыры - аңызға толы. Ең бастысы оның балалық, жастық шағының көпшілігіміздің өмірімізге ұқсастығында болса, азамат болып қалыптасып, халқына қызмет еткен жылдары адам төзгісіз небір төзімділіктерге барып, адам қолы бара бермейтін жеке бастық баз кешулері, басқаларға үлгі болуы үшін істеген адамгершілікке толы қилы-қилы әрекеттері ешқайсысымызды да бей-жай қалдырмасы даусыз.

Мохандастың жас кезіндегі қай бір әрекетін алып қарасаң да, саналы түрде әдейі істеген жағымсыз қылықтарын кездестіре алмайсың. Тіпті балалықпен, бозбалалықпен істеп қойған қылықтарының өзінен адалдықты, шыншылдықты, ақиқатты байқау қиын емес. Оның бойындағы адам баласына деген шексіз мейірімділік, төзімділік, ыждағаттылық, ұмтылушылық оның әрбір қылығынан, әрекетінен тап-таза шындық болып, айнадағыдай анық көрініп тұрады.

"Адамгершілік бүкіл әрекеттің негізі, ал ақиқат - адамгершіліктің мәні деген сенім ғана санама терең тамыр бойлатқан еді. Ақиқат менің бірден-бір мақсатым болды. Осы оймен күннен-күнге ширыға бердім, ақиқатты түсінуім де барған сайын кеңейе түсті".

Міне осылайша ағынан ақтарылған М.Ганди ешкімнен ешқашан ештеңе бүгіп көрген емес. Халқына, Жаратушыға адал қызмет етудің бір түрі - Брахмачария антын қабылдау деп ұққан ол әлемде ешбір еркек бара бермейтін батыл қадамға барады. Брахмачария анты - әйелге деген төсек ләззатынан, тән құмарлығынан бас тарту деген сөз. Және анау-мынау емес еркектік қабілеттің әбден кемеліне келіп толысқан шағында нәпсі жағынан өзін-өзі құрбан ету әй ешкімнің қолынан келмейтін әрекет. Ал М.Ганди небары 37 жасында осындай көзсіз ерлікке барады.

"Ант берудің мәнін бұдан бұрынғыға қарағанда көбірек сезіне бастадым. Анттың нағыз бостандыққа барар жолды жаппайтыны былай тұрсын, қайта соған жол ашатынын ұқтым.

...Өзіме өзім сұрақ қойдым: мұндай жағдайда әйеліме мен қалай қарауым керек? Оған деген адалдығымның мәні нәпсі қанағатын тек содан ғана тауып жүргенім бе? Әзірге ындынның құлы болғандығымнан менің адалдығым түкке де тұрмайды. Әйеліме әділ қарауға тиіспін: ол ешқашан да әзәзіл болып көрген емес. Сондықтан егер қаласам, Брахмачария антын алу мен үшін ешқандай қиындық келтірмейтін.

Нық шешімге 1906 жылы ғана келдім. Сатьяграха әлі басталмаған, оны бастала қояды деген ойымда да жоқ.

...Ұрпақ өрбіту және үнемі балалардың қамын ойлап жүру қоғамға қызмет етуге сыйспайтынына көзім жетті".

Міне көріп отырсыздар, Махатма Гандидің қандай ерлікке барғанын. Өз басым мынандай көзсіз ерлікке барған адам баласын тұңғыш және соңғы рет көріп отырғандаймын. Ұлы тұлғаға таң қала отырып табынамын, адам тілі айтып жеткізе алмас бұл қасиетін қандай адамдық өлшеммен белгілеуге болатынын өз басым білмеймін. Ұлтқа, халыққа, адамзатқа қалтқысыз қызмет етудің мұндай ерекше түрін бағалау қиын. Қарапайым халық мұны түсіне қоймасына өз басым сенемін.

Сонымен Махатма Ганди: "1906 жылы 37 жасымда жан-жақты ақылға салып, ойланып ант бердім. Бұл сәтке дейін ойларымды әйеліме айтқан жоқ едім, онымен ант бергенннен кейін ғана ақылдастым. Ол қарсы болмады. Алайда маған түбегейлі тоқтамға келу өте қиынға соқты. Табандылығым жетіспеді. Құмарлығымды тыя алар ма екенмін. Күйеуінің әйелінің жыныстық қатынас жасаудан бас тартуы ол кезде оқыс құбылыс болатын. Дегенмен құдай өзі жар болар деп осындай қадам жасадым".

Брахмачария шартын орыдау үшін - тамақтануды шектеу және ораза ұстау керек. Бұны жақсы білген Махатма Ганди: "Біздің құмарлығымыздың қарқындылығы соншалық - оны тек іштей де, сырттай да қатаң шектеп қана тыйып отыруға болады. Баршаға мәлім, егер мүлде нәр татпаса, құмарлықтың қуаты таяды, сөйтіп құмарлықты тыю үшін ораза ұстау, сөз жоқ, өте пайдалы.

Брахмачария шарты - ой, сөз және әрекетке байланысты сезімдерді бақылау... Брахмачарияның мүмкіндіктері қандай шексіз болса, баз кешудің мүмкіндіктері сондай шексіз".

Міне құрметті оқырман, Махатма Ганди қабылдаған Брахмачария анты дегеніміз осы. Бұл жөнінде әлі де көптеген қызықты деректерді келтіруге болар еді, өкінішке орай сіз оқып отырған журналдың көлемі оны көтермейді. Сондықтан бұл жөніндегі әңгімені осымен доғара тұрып, Сатьяграха дегеніміз не, енді соған тоқталайық...

 

 

 

ІІІ. САТЬЯГРАХА

 

Бұл ең алдымен - М. Ганди өзі бас болып өмірге әкелген ұлт азаттығы жолындағы қозғалыстың атауы. Және ұлы тұлғаның Брахмачария антынан кейінгі ұлы қадамы, тапқан термині және оның бүкіл өмірінің айнасы. Ол жөнінде М. Ганди тағыда өзінің аталмыш еңбегінде былайша толғайды:

""Сатьяграха" деп аталатын принцип термин ойлап табылмастан бұрын пайда болған... Бұл принципті гуджарати тілінде сипаттау үшін біз бастапқыда "бәсең қарсылық" деген ағылшын сөзін пайдаландық... Маганлал Ганди "сатаграха" ( ста - шындық, аграха - кәміл) деген сөз ойлап тапты... Мен оны "сатьяграха" деп өзгерттім".

Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады.

Ол бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет-ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады. Бірақ күрестің басты шарты - ешқандай күш көрсетпеу болып есептеледі. Бұл қозғалыс М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде дүниеге келіп, Үндістан халқы толық тәуелсіздік алғанға дейін жалғасын тапты. Мәңгілік тарихта қалды.

"Мен ойымда, сөзімде және іс-әрекетімде Брахмачария ұстауды да, сатьяграха қозғалысына бар уақытымды арнауды да бірдей аңсадым. Бұған мен тек қана өзімді өзім тазарту жолымен жете алатын едім. Сондықтан өміріме одан әрі де өзгерістер енгізе бастадым және тамақтануға байланысты қатаңдау шек қойдым.

Ораза ұстау және тамақтан тартыну өмірімде анағұрлым елеулі роль атқара бастады.

...Денемді жетілдіргім әрі тәртіптегім келген, бірақ ендігі басты мақсат тежеле білу және талғамымды көндіктіру болғандықтан, мен алдымен бір тамақты, одан кейін екіншісін таңдап ішіп, бірте-бірте оның азықтық құрамын кеміте бердім. Алайда тамақтануды жаным сүйе беретін болды. Өзіме ұнаған бір тамақтан бас тартып, басқасын ішсем, онда бұл соңғы тамақ мені жаңадан әрі анағұрлым артық тұшынтатын болды".

Тамақ ішуді шексіз шектеген М.Ганди аптаның екі-үш күнін ораза ұстап, қалған уақытында бірнеше тал таза жеміс-жидек жеп, таза су ғана ішіп, ауырғанда топырақпен емделіп, үй-ішінің барлық адамдарын осы әдіске көндіреді.

Ата-бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды, тіпті әйелі Кастурбайдың қанша жылап қарсыласқанына қарамай, үстіндегі асыл заттарды сыпырып алып, банкіге өткізіп, оның өсімін жетім-жесірлер мен қозғалыс мүддесіне жұмсап отыруы да былай қараған адамға ақылға сыймайтын әрекет.

М.Ганди Үндістан халық Конгресіне белсене араласып жүрген тұста, әр шеттен келген делегация мүшелерінің өздері тұрып жатқан жердегі тазалыққа мән бермейтініне назар аударады, тіпті аналар еш нәтиже шығармағанда, өзі қолына су мен шүберек алып зәр мен нәжісті еш қиналмастан тазалай бастайтын тұсы бар. Ол бұл әдісті Калькуттадағы бай адамдар тұратын махалладағы тазалықты тексергенде, аналардың қанша алтын мен күміске малынып отырса да адам баласы төзгісіз тазалықтарын көріп, оларды тазалауды өз мойнына алып, еш жиіркенбестен шешініп тастап, жұмысқа кірісіп кетуінен де байқайсыз.

Оңтүстік Африкада жұмыс істеп жүрген кезінде Махатма Ганди үйінде жатып жүрген қозғалыстың белсенді бір мүшесінің күнде астына жіберіп қоятынына қарамастан асқан төзімділік танытып, тіпті әйелі Кастурбайға сол бейтаныс еркектің астын тазалататыны, жарының қарсылық көрсеткенінен ештеңе өнбейтіні де адамды ойға салады.

"Көп ұзамай мен бірыңғай жеміс диетасымен күнелтейін әрі тамаққа мүмкіндігінше ең арзан жемістерді пайдаланайын деп ұйғардым. Тақыр кедей адамдар қалай өмір сүрсе, біздің де солай өмір сүргіміз келеді.

Жеміс диетасы аса қолайлы болып шықты. Тамақ дайындауды қойдық. Күнделікті дастархан мәзіріміз - шикі күйіндегі жер жаңғағы, банан, құрма, лимон және зәйтүн майы.

Мен дегенмен Брахмачария болуға тырысатын адамдарды сақтандыруға тиістімін. Диета мен Брахмачария арасындағы тығыз байланысты көре білгеніммен, сөз жоқ, негізгі нәрсе - ақыл-парасат. Рухтың толайым пасық пиғылдарын оразамен тазартуға болмайды.

...Дегенмен рух пен тән арасындағы тығыз байланыс бар және дененің жаны ылғи дәмді мен тоқтықты аңсайды. Диетаға шек қою мен ораза осыларға бейімделіп кетуден құтылу үшін қажет. Сезімдерді қадағалап отырудың орнына, дененің жаны сол сезімдердің құлы болып кетеді, сондықтан да тән әрдайым да таза, қоздырмайтын тамақ пен мезгіл-мезгіл ораза ұстауды қажет етіп отырады".

Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М.Ганди үшін үйреншікті әдет. Адамның құлқынның құлы болмауы - Брахмачария мен Сатьяграханың басты шарты. Бүгіндері қоғамда орын алып отырған жаппай жемқорлық, ашкөздік, ешқандай тойымның болмауы, "алам берсем, жей берсем" деген көзқарас әсіресе билік тұтқасында отырғандардың арасында кеңінен белең алуы - біз қазақстандықтарды бір сәтке де ойлантуы тиіс. Махатма Гандидің біз тілге тиек етіп отырған батыл қадамдары - әне, сондайларды бір сәтке болса да ойлантар ма екен деген ойдан да өз басым аулақ емеспін. Бұл - қазіргі жағдайдағы мен үшін алыстағы суық жұлдыздай бір арман ғана.

Үндістанның тәуелсіздігі жолында күрескен және осы мақсатта жауларының қолынан қаза тапқан Махатма Гандидің өмір жолы - тәуелсіздігін алғанына көп бола қоймаған Қазақстан сияқты жас мемлекеттің тізгінін ұстап отырғандарға үлгі болса - нұр үстіне нұр дер едім.

Сан миллиондаған халқы бар Үндістанды ешқандай қан төгіссіз, күш көрсетпеусіз азаттыққа алып барған Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысының тындырған ісі ұшан-теңіз.

Махатма Гандидің басшылығымен Сатьяграха қозғалысының мүшелері - ағылшындар тарапынан көрсетіліп жатқан барлық әділетсіздікке үн-түнсіз, күш-көрсетусіз қарсылық көрсету, ұрып жатса да, өлтіріп жатса да, абақтыларға қамап жатса да - тіс жармау, отырып алу сияқты әдістерді кеңінен қолданады.

Үндістанға сырттан басқыншылыр тарапынан әкелінген барлық тауарларды тұтынбау, керексіз ету, тек қана үндінің тауарларын тұтыну, үнді тілінде сөйлеу, т.б. Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысы қойған талаптар ағылшын отарлаушыларын тығырыққа тірегені анық. Ол отарлаушылардың сырттан әкелген тауарлары - мұндағыларға мүлдем керексіз болып, Англиядағы ірі алпауыттардың өзі шашетек шығынға батып, өз үкіметіне еріксіз наразылықтар көрсете бастайды. Билік пен халық арасындағы ұзаққа созылған текетірес - ағылшын отарлаушыларын отар елдерін тастап, еріксіз бассауғалауларына себеп болады. Міне қантөгіссіз, күш көрсетусіз бостандыққа жету деп осыны айтса керек. Бұл - сөзсіз Махатма Ганди бастаған Сатьяграха қозғалысының басты Жеңісі.

"Сатяграха-ашрамның негізі 1915 жылдың 25 мамырында салынған"(бұл да сонда) деп Махатма Гандидің өзі айтқандай бұл қозғалыстың тарихы бай еді. Қозғалыс түпкі нәтижеге қол жеткізді.

"Жан-жақтылы жүргізген тәжірибем Ақиқаттан өзге құдайдың жоқтығына көзімді жеткізді. Және егер бұл кітаптың әр беті оқырманға Ақиқатты түсінудің бірден-бір жолы ахимса екендігін көрсете алмаса, онда кітап жазған еңбегім зая кетті деп ойлаймын. Және тіпті төгілген маңдай терім еш болып шықса да, оқырман біле жүрсін, бұған ұлы принцип емес, таңдап алған жолым кінәлі. Өйткені ахимсаға, сатьяграхаға, брахмачанға деген талпыныстарым неше жерден шынайы болғанымен, олар әлі де жетілмеген, жеткіліксіз. Сондықтан көзім шалып қалған Ақиқаттың жылт еткен болмашы сәулелері күн сайын көріп жүрген күн шапағынан миллион есе күшті, айтып жеткізгісіз Ақиқат шұғыласын ашатын ойды білдіре алар ма екен. Менің көріп, білгенім бар болғаны осы бір орасан зор жұлдыздың көмескі жыпылықтағаны ғана. Бірақ кәміл сеніммен айта аламын, бұл да менің ізденістерімнің жемісі, тек ахимсаны толық танығанда ғана Ақиқатты әбден анық көруге болады" деп ұлы ойшыл, ғұлама, данышпан, ұлы тұлға, Үндістан тәуелсіздігінің жарық жұлдызы Махатма Ганди "Менің өмірім" атты кітабының соңғы тарауында өзі айтқандай Ақиқаттың ақ жолын тапқан адам.

Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін билік басына кім келуі сөз болғанда - Махатма Ганди биік лауазымнан өзі бас тартады, орнына Үндістанның тағы бір ұлы перзенті Джавхарлар Неруді тағайындауды өтінеді. Өйткені бұл екі азамат та Үндістанның тәуелсіздігі жолында кристалдай таза адамдар еді. Джавахарлал Неру да - Махатма Гандиді жанындай сүйген, оның принциптеріне адал берілген, өмірінің ақырына дейін оған адал болған асыл азамат. Үндістанның осы бір қос перзенті - барша үнді халқы үшін аяулы бейнелер. Екеуін бөліп қарау мүмкін емес сияқты. Бірақ Махатма Гандидің орны ерекше!

Ағылшын отарлаушылары Үндістанға амалсыз бостандық берсе де, Кашмирді, Пәкстанды екіге бөліп, будда мен исламның ортасына от жағып кетті. Бұл от бүгінге дейін басылатын емес. Сол бір қауіпті жылдары Махатма Ганди екі діннің ортасына арашашы ретін жатып алып, аштық жариялап, екі жақ амалсыз келісімге келетін болған соң ғана аштығын тоқтатқаны белгілі. Бірақ үндістанның будда дініндегі бір жауыздың үндінің ұлы перзентін қастандықпен өлтіруі -ешбір ақтауға жатпайтын қастандық екені даусыз.

Міне қадірлі оқырман, Үндістаннның ұлы перзенті Махатма Ганди жөніндегі қысқаша әңгімемізді осымен аяқтаймыз.

 

 

ІV. ТҮЙІН

 

Үндістанның азаттығы жолында Махатма Ганди жалғыз күресті десек қателескен болар едік. М.Гандидей рухы биік ұлы тұлғаны жебеп, желеп жүрген Үндістан халқының небір тамаша перзенттері тарихқ атты өшпес кітапқа өз есімдерін алтын әріптермен қалдырды. Есімдерін атайтын болсақ олар мыналар:

Ең алдымен М.Гандидің күрескер серігі, Үндістанның тұңғыш Премьер-Министрі Джавахарлал Неру, халық Конгресінің белгілі көшбасшылары - Бепин Чандра Лал, Л.Л. Рай, Гопал Кришна Гөкхале, Балангадхар Тилак, Рабиндранат Тагор, Патель, Раджендра Прасад, Сарат Чандра Бос, С. Раджагопалачария, Асаф Али, Джагдживан Рам, Джон Маттхай, Мтилал Неру, Аббас тьябджи, М.Р. Джайякар, т.б. есімдерін зор құрметпен ауызға алуға болады ( бұл деректер "ЖЗЛ" сериясы бойынша А.Горев, В. Зимяниннің Неру, Москва, "Молодоя гвардия", 1980 г. жарық көрген кітабынан алынды).

Тәуелсіз Үндістанның бүгінгі халқының саны ол тұста 300 миллионның о жақ, бұ жағында еді және халқының 90 пайызы ауылды жерде тұратын ( бұл да сонда). Сол соңғы көрсеткіштегі халық тұтастай Махатма Гандидің соңынан ерген және оны әулие тұтқанының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұрғыны қазақтардың да дені бүгінге дейін ауылды жерде тұратыны қай-қайсысымызды ойлантқаны жөн сияқты.

"Үндістан мен Пәкстан арасындағы алғашқы дау-жанжал кезінде 1947 жылдың 31 наурызында Делиге вице-королт Маутбэттеннің арнайы шақыруымен келген М.Ганди:

- Егер Халық Конгресі Үндістанның екіге бөлінуіне дауыс беретін болса, онда олар менің өлігімнің үстінен аттап барып қана ондай қадам жасай алады. Тірі кезімде Үндістанның екіге бөлінуіне өліп бара жатсам да жол бермеймін!" - деген ( 307-б.).

Махатма Гандиді аса құрметтеген Джавахарлал Неру ол туралы 1926 жылы былай деген:

"Ганди - крестьяндық көзқарасы бар, дүние-мүлік, киім-кешегі де содан аумаған ұлы крестьянин... Ганди көсем ретінде аспаннан түсе қалған жоқ. Миллиондаған аш-жалаңаш қарапайым халықтың арасынан шықты, солардың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Оның өзі айтқандай "басты арманы - барлық адамдардың көз жасын құрғату" еді (121-бет).

"Махатма Ганди 1948 жылдың 30 қаңтары күні немерелері Ава мен Мануды қасына алып, қашанғысындай тап-таза ақ киімін үстіне іліп, бақ ішіндегі Жаратқанға жалбарыну орнына ақырын басып келе жатады. Сағат тілі тура 17 сағат 17 минутты көрсетіп тұр еді. Үстіне хаки киген бейтаныс бір адам топтан суырылып алға шығып М.Гандиге:

- Бүгін сіз кешігіп қалдыңыз.

- Иә,- деп ақырын дауысымен асықпай жауап бере берген көсемге қатарынан екі рет оқ атылады. Ол оқтың бірі - дәл жүрекке, екіншісі - ішін көктей өткен еді.

- Құдайым-ай!..-деген жалғыз ауыз сөзге ғана келген Махатма Гандидің шыттай таза ақ киімі қызыл қанға боялып, ұлы тұлға мәңгілікке көз жұмады..." (бұл да сонда, 322-бет).

Cоңы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406