Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақмылтық 2883 14 пікір 21 Наурыз, 2023 сағат 15:27

Ермұрат Бапи: «Халық блогын» құрайық!

Күні кеше белгілі болғандай, ҚР Мәжілісі сайлауында ОСК ақпараты бойынша жеңіске жеткен белгілі журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи өзге тәуелсіз депутаттарға үндеу жасапты.

Ермұрат Бапи өзін-өзі ұсыну арқылы Мәжіліске өткен өзге әріптестеріне күш біріктіріп, «Халық блогы» фракциясын құруды ұсынған.

«Сонымен, парламенттік сайлаудың ресми қорытындысы шықты: Алматының Алатау және Әуезов ауданынан менің үміткерлігім үшін 24 мыңға жуық сайлаушы дауыс беріпті.

Ең алдымен, үлбіреген үмітін маған аманат еткен сайлаушыларыма алғыс айтамын! Жүрегіме түйіп берген, бір басыма үйіп берген аманаттық парызды өтеуге өларман бола алмасам - маған сын!

Әрине, мен бұған дейін 25 жылдық «ДАТ»-пен бірге халықтық мүдде жолында қаншалықты қызмет қылсам, ендігі жерде сол жолымнан айнымасым анық. Бізде ұлттық ұстаным мен қазақы мұң-зардан басқа жол жоқ.

Ендігі жердегі мақсатым - Парламенттің қақ ортасында оппозициялық орда құру. Мұндай «оғаш» ойлы азаматтар альянсы бүгінгі «Жаңа Қазақстан» құрамыз деген биліктің ықыласына да сәйкес келуі тиіс деп ойлаймын.

Осы мұрат жолында, бұған дейін бірер сұхбатымда айтқанымдай, жаңадан сайланған депутаттарға «Халық блогы» парламенттік фракциясын құруды ұсынамын. Жаңа жағдайда жаңа форматта жұмыс істеп, парламентке тың пәрмен берейік. Нәтижесін алдағы уақыт пен біздің ел үшін етер еңбегіміз көрсетер.

Аман болайық, ағайын!  Наурыз құтты болсын!», - дейді Ермұрат Бапи.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504