Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 1428 0 пікір 10 Ақпан, 2023 сағат 17:56

Қазақстанда радикалды ағымдармен күрес қалай жүргізілуде?

Адам өміріндегі құндылықтар жетерлік. Материалдық және рухани деп бөлінетін құндылықтар әлемінде көпшілік үшін қастерлі, қадірлі саналатыны ұлттық нақыш, дін және тілді айтсақ болады. Ұлттық нақыш пен тілді тек жекелеген ұлттарға тән деп қарастырсақ, дін жалпылай адамзатқа тән. Ол ұлт пен ұлыс таңдамайды, сенім еркіне сай беріледі. Бірі дінді ұстанып, бірі одан бас тартып жатады. Зайырлы қоғамда бұл қалыпты құбылыс, үйреншікті жайт. Өйткені кез келген діннің өзінде зорлық-зомбылыққа тыйым салынған емес пе?!

1991 жылы әлем картасында ойып тұрып он бес ел өз тәуелсіздігін алды. Орталық Азияда ежелден Ислам дінін ұстанған бес елдің бостандығы өз қолына берілді. Жетпіс жыл бойы дінді тұншықтырып, ділді талқандап келген империя келмеске кетті. Алайда КСРО-ның дінге қатысты саясатының зардабы әлі өз әсерін беруде. Тәуелсіздігін енді алған Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан да “ендігі таңда қай тармақты ұстанамыз, дінге қатысты саясат қалай болмақ” деген сұрақты өз көкейінде қойып жатты. Діннің орталығы, Исламның ордасы деп Араб елдеріне имамдар мен діндарларды оқытуға жіберді.

Алайда дін нәзік тақырып. Зайырлы мемлекет болып, “дін саясатқа, саясат дінге араласпасын” бейресми формуласын таңдап алған Қазақстан үшін бұл тақырыпты талқылау қиынға соқты. Сондықтан да кей тұста қателік жіберіп алған сәттерді кеш байқады. Сирия асып содырларға қосылып, Ауған асып лаңкестердің қатарынан табылғандарды көрдік. Дей-тұра мемлекет етек-жеңін тез жинауға тырысуда. Нәтижелі жұмыстар жетерлік. Тоқтап қалмады, жалғасуда.

Сирия асқан, жат ағымның торына түскендерді құтқарып, “Жусан” операциясын жарияладық. Елге жүздеген бала мен ана, қате басқан азаматтар қайтарылды. Олардың бірі заң аясында жазасын өтеп жатса, енді бірі оңалту орталықтарында білім алып, бейбіт аспан астында күн кешуді үйренуде. Балаларға оқ даусымен емес, ашық аспан астында құс сайраған таңның қалай болатынын үйретудеміз. Күрделі әрі маңызды жұмыс.

Қазақстан бойынша лаңкестік пен радикалды ағымның алдын-алу, зардабын халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Арнайы роликтер түсіріліп, орталықтар ашылуда. Ақпараттық түсіндіру бір сәт тоқтаған емес. Мешіт имамдарының уағыздары мемлекет тыныштығы, халық бірлігіне сай болу керектігі айтылуда. Бұл түрлі әрекет болса да, пазл іспеттес діни қақтығысы жоқ, татулығы мықты қоғам құру алдындағы жұмыс.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6220