Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1436 0 пікір 11 Ақпан, 2023 сағат 14:00

Діни сауаттылықты жастардан бастау керек

Қазақстанда дәстүрлі исламның сунниттік ағымы мен хрестиан дінінің православие ағымы ірі конфессиялар болып саналады. Бұл дін ағымдары елімізде қалыптасқан мәдениттердің құрамдас бөлігі.

Тарихи жағынан Қазақстан жеріне ислам діні 10 ғасырда келген екен, ал, хрестианның проваславия сенімі 18 ғасырда аяқ басқан. Бұлардан басқа Қазақстанда бірнеше діни конфессиялар бар. Оларды екі топта бөліп қарасақ болады.

Бірінші топқа иудаизм, буддизм, лютерандық және тб. ұлттық белгілерімен сипатталатын конфессияларды жатқызуға болады. Ал екінші топқа «жаңа», дәстүрлі емес деп атауға болатын діни бірлестіктерді жатқызуға болады.

«Тәуелсіздіктен кейінгі жылдармен салыстырғанда қоғамдағы діни дәстүрлер тұрақтана бастады. Дегенмен бұрынғы атеистік кезеңнің ықпалы жоғалған жоқ. Соған байланысты көптеген қазақстандықтардың дінге қатысты ой-санасы нақтыланбаған. Ол үшін халықтың дінтанушылық сауаты көртерілуі керек. Нақты жоспарлар жасалып, осы бағытта көп жұмсы атқарылуы керек». Бұл сарапшылардың ойы.

Сонымен қатар, діни ахуалды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жастардың дәстүрлі де, дәстүрлі емес те діндерге қызығушылығының артуы. Күн санап өзінің сенімін нығайтқысы келетіндер қатары көбейе түсуде.

Бұл жағдайда, өсіп келе жатқан жеткіншектерге отбасындағы көзқарас әсер ететіні белгілі. Дәстүрлі дінді ұстанған отбасы ұлтының қастерлі салт-дәстүріне сіңіп кеткен дінді бала бойына береді. Екінші жағдайда, жаңа ұйымдар өз ілімдерін: Шет тілдерін үйретудің тегін курстары, түрлі салаларға қызығушыларға байланысты клубтар, тағы басқасын ашып, соған адамдарды шақыру арқылы таратады. Яғни, осындай әдістерді қолданады. Дінге тартудың бұдан басқа агрессивті түрі де болады. Қазақстанда дау-жанжал туғызуға жақын факторлар да кездеседі. Мысалы, дәстүрлі емес конфессиялардың мемлекетке қарсы тұруы, олардың ислам мен православиенің ролін мүлдем қабылдамауы, жалпы алғанда конфессия ішіндегі бәсекелестік жайттарын жатқызуға болады.

Еліміздегі діни ахуалдың қалай боларына шетелде болып жатқан оқиғалар да әсерін тигізеді. Мәселен, исламның қазір толықтай антагонистік болып табылатын әр түрлі ағымдарға бөлінуіне байланысты, біздің елімізде де ұқсас ағымдар жұмыс істей бастады.

Дінді таратудың шетелде дайындалған барлық жаңа әдістері Қазақстанға да жайлап келуде. Жаһанданған ғаламтор заманында оның бәрін бақылап отыру үлкен күшті қажет етеді. Әрдайым жаңа ағымдардың жастарға төтелей әсер ету үрдісін егжей-тегжейлі талдап, сараптама жасалып отыруы керек.

Сонымен аталған факторларға қарап отырып, бірінші кезекте ашық және жабық сипаттағы діни бірлестіктер туралы мәліметтер базасын құру қажеттігін түсінеміз. Мәліметтер қорымен тиімді жұмыс атқару үшін діни бірлестіктерге баға беру критерийлері жүйесі іске қосылуы керек. Мұндай жүйелі жұмыстар жастардың діни сауатын көтеріп, жат ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алады.

Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан мемлекет дін ұстанушылардың белгілі бір топтарын  ғана емес, бүкіл азаматтың сенімін қамтиды. Сондықтан елдің барлық азаматы Үкімет шығарған заңға бағынуы тиіс. Ал діни бірлестіктер бекіткен қағидалар тек олардың мүшелері үшін ғана жұмыс істейді.  Мұны да жастарға жете түсіндіру керек. Сектаға ерудің зардабының қандай болатынын айтқан жөн.  Жастарға Қазақстандағы діни бірлестіктердің қоғамдағы азаматтық татулық пен рухани келісімді нығайтуға қызмет ететінін, мәдени-әлеуметтік ынтымақты нығайтуға рухани негіз болатынын толық ұғындыру керек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522