Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 1380 0 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 10:51

Құрлық әскерінің дайындығы қалай жүріп жатыр?

Қазақтанда кезекті құрлық әскерлерінің дайындығын арттыру мақсатында биыл оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Взводтар жаттығуы жауынгерлік дайындықты жетілдіріп қана қоймай, бөлімшелердің іс-қимылын ұйымдастырып, байланысын дамытуға көмектеседі. Сарбаздар тактикалық тапсырмаларды жылдам орындап, шара жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Жаттығу кезіне сарбаздардың берілген тапсырмаларды жылдам орындауына қатты назар аударылады. Уақыт едәуір бөлігі де соған жұмсалады. Тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс дайындығы, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша нормативтер тапсырылады.

Әскерилерге марш жасау, тірек пункттерін қамтамасыз ету, жауынгерлік тәртіппен сапқа тұру, ұрыста қорғану және шабуыл жасау сынды нақты іс-қимылдар үйретіледі.

Жауынгерлік атыстары немесе бақылау сабақтарынан кейін взводтарды үйлестіру аяқталады. Взводтардың жауынгерлік атыстары взводтың ұрыста, тосқауыл бекетінде, күндіз де, түнде де не істеуі керегін үйрететін тактикалық даярлықтың бірі ретінде жүргізіледі. Өңірлер бойынша әскер құрамдарының әр бағытта көрсете білген жаттығу нәтижелері олардың дайындықтары жақсы екенін көрсетті.

Мысалы, Жамбыл облысы «Айша бибі» полигонындағы взводтар ұйымастырылып, минаатқыш есептоптарының құрамындағы артиллеристер атыс тапсырмаларын сәтті орындап, нормативтерін жақсы тапсырып шықты.

«Оңтүстік» ӨңҚ 5-ші механикаландырылған құрама артиллерия штабының бастығы майор Феликс Ушаковтың айтуынша, артиллеристердің жауынгерлік даярлығының ажырамас бөлігі болып саналатын дала жорықтары теориялы тұрғыдан өтіп, тәжірибеде пысықталғаны аса маңызды. Қысты күні жаттығулар өткізу оңай емес, дегенмен бұл минаатқыштардың іс-қимылдарын шыңдап, қажетті машықты меңгеріп шығуына көмектеседі.

Ал «Жетісу» оқу-жаттығу полигонында десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары атыс дайындығы аясында оқ атуды басқару дағдыларын шыңдады. Олар қозғалыстағы жауынгерлік машиналардан атысты орындады. Одан бөлек, бейтаныс жерлерде ұрыс жүргізу тактикасын шыңдауға да көңіл бөлінді.

Аягөз гарнизонындағы «Майлин» полигонында танк бригадасының әскери қызметшілері ату машығын меңгеруді өткізіп жатыр. Мұнда бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу арқылы взводтарды басқару дағдыларын дамытады.

Жауынгерлік даярлықтың осы кезеңінде бөлімшенің тактикалық қимылы, сондай-ақ взводтардың атыспен тойтарыс беру нәтижелері бағаланады.

 

Abai.kz

0 пікір