Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 16 Сәуір, 2013 сағат 04:14

Нұра Матай. Матаев мырза, мұныңыз не?

«Алма-Атаны» аңсайтындардың қарасы көбейіпті. Ілгеріде қала әкімінің орынбасары болып тұрған кезінде Сейдуманов Алматыны «Ата» қылғысы келіп, өрекпіп басылып еді. Іле депутат болып кетті. Енді, міне, Серіктің жолын Сейітқазы жалғастырып отыр. О несі екен?!

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев «Алматының атын «Алма-Ата» етіп өзгертсек шіркін, екі дүниеде арманым болмас еді» дегенге саятын әңгіме айтыпты.

- Қалаға бұрынғы атын қайтару мәселесі бұрында көтерілген. Ал, менің қарекетіме фактологиялық материалдар негіз болып отыр. Жақында Алма-Ата атауының Алматы болып өзгеруінің  заңды негізі жоқ екенін анықтадым. Ондай нормативтік құжатты әділет мекемесінен де, қалалық мұрағаттан да таппадым. Бұл мәселе мұндай шешімдерді қабылдайтын  сол кездегі қалалық кеңесте талқыланбаған, - дейді ол.

Матаев мұнымен тоқтамай, 90-ншы жылдары жаңа Конституцияны дайындаған жұмысышы топ мәтінге «Қазақстан Республикасының астанасы  - Алматы қаласы болып табылады» деп жазып жібергенін айтады. «Ал, орыс тіліне аударылғанда бұл сөз сол қалпы жазылып кеткен» дейді ол.

Сейітқазының сөзіне сенсек, Алма-Атаның «Алматы» болып өзгеріп кеткеніне Президент те өкінеді екен. «Конституцияға қол қоятын кезде Президент мәтінге назар аудармаған. Кейін қатты өкініп, отбасында бұл туралы талай айтыпты деседі», дейді Матаев мырза.

Алматының «Алма-Ата» болып өзгеруін қалайтындар, яғни, Сейітқазының жақтастары ішінде қаланың бұрынғы және кейінгі басшылары, қарапайым тұрғындар, шығармашылық одақтардың басшылары, парламент депутаттары және қалалық мәслихат депутаттары да бар екен.

Жақтастарына Құдайдай сенімді Матаев: «Мұндай мәселелерде шешімді олар қабылдайтыны анық. Олардың ойлары болмаса, Алма-Ата атауын қайтару туралы бастама көтерудің өзі мағынасыз іс болар еді» деп, бұйрықтың қайдан келгенін тұспалдап жеткізіпті. Қайтсін енді... «Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы...»

Бастамаға қарсы әлдекімдердің өре түрегелетінін біліп, даулы әңгіменің  алдын алған Секең: «Біз қазақ тілінде Москваны -  Мәскеу, Омскіні -  Омбы, Оренбургті - Орынбор деп айтамыз ғой. Сондықтан орыс тілінде «Алма-Ата» деп, қазақ тілінде «Алматы» деп қалдыруға болады» депті.

Ал, енді біз айтайық, Секе, сіз тыңдаңыз!

Біріншіден, сіздің жазығыңыз жоқ. Сіз айтқанды ғана орындап отырсыз. Өз сөзіңде де «Президент қатты өкініпті», «Бастаманы қолдаушылардың арасында Алматының бұрынғы әкімі Тасмағамбетов, Есімов, депутаттар» бар екенін айтып, әңгіменің қайдан шыққан анық аңғартып отырсыз. Мұныңызға да рахмет!

Қаусаған кәрінің бір тілегін орындай салайықшы деп, көңілшектіктері ұстай қалған жақтастарыңызға сәлем айтыңыз. ҚР Конституциясы көңілге қарап, өзгеріс енгізе беретін ереже, қате кетіп қалса түзей салатын оқушы дәптері емес. Ол - мемлекеттің құқықтық, заңнамалық тұғыры. Осыны ұмытпасын!

Алматыны «Алма-Ата» демесе ішкен астары бойына батпайтын болса, отбасыларында айта берсін, оған біздің қарсылығымыз жоқ. Білген б...қтарын жесін! Ал, бас қаланың атауын ресми түрде өзгертуді армандамай-ақ қойсын! Себебі, оған қазақ қарсы! Сіз айтып отырған «қала тұрғындары» Савостина бастаған орыстың сүйегі сықырлаған, бір аяғы көрде, бір аяғы жерде талтайып тұрған орыстың кемпір-шалдары мен жатырына шапқан жаман айғыр бастанып қанына - қазаққа қарсы шығып жүрген «қара орыстар» екенін ымыңыздан түсіндік.

Ал, депуттар мен басқалардың Алма-Атаға аңсарлары ауып, өздерінің комсомол, коммунист болған шақтарын сағынып жүрсе, Астананың атын «Алма-Ата» деп өзгертіп алсын! «Алма-Ата моя первая люьовь» деп әндете берсін. Біздің қарсылығымыз жоқ! Әй, бірақ, олардікі не сағыныш дейсің, онсыз да олардың әрбір ісі, сөзі әлі күнге дейін комсомол, коммунист екенін айғақтап тұрған жоқ па?!

Сонымен, Секе, Алматының шаужайына жабысқанша Павлодар мен Петропавловскінің атауын өзгертеміз деп шықсаңыз, екі дүниеде сіздің тілеуіңізді тілеп өтер едік. Амал не...

Депутаттар мен әкімдерге сенбеңіз, олар заман ауысқанда біз қазақша Мәскеуден дейтін қаладан бір-ақ шығады-ау... Сол үшін өзгенің емес, өз білгеніңізбен жүр.іп, өз ақылыңызбен адасыңыз! Өзгенің ақылымен жүрсеңіз, көп болса, Сейдумановтың соңынан Мәжіліске барарсыз...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394