«Батыл Тойтарыс – 2023» : Қазақ әскері күшін сынап жатыр
Елімізде жыл сайынғы өтетін күштік құрылымдардың «Батыл Тойтарыс - 2023» оқу-жаттығуы биыл да жалғасын таппақ. Шараның мақсаты – әскери құрылымдарды тиімді үйлестіру, жылдам әскери-техникалық дайындығын дамыту, сонымен қатар әр күштік ведомство арасындағы ұйымшылдықты нығайту болып табылады.
Оқу-жаттығуға ҰҚК Шекара қызметі, Десанттық-шабуылдау әскерлері,Ұлттық ұланның бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі қатысады. Олар бірлесе отырып елді мекендерде ұрыс жүргізу, таулы аймақтарда ұрыс жүргізу тәсілдерін орындайды.
5 сәуір күні "Батыл Тойтарыс" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының аясында Жетісу облысында "Бекет" оқу-жаттығуы және ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерімен аталған шаралардың бірінші кезеңі басталады. Оқу-жаттығу "Көктал" оқу полигонында өтеді.
Оқу-жаттығу шараларына 2500-ден астам әскери қызметші және 900-ге жуық қару мен әскери техника бірлігі қатыстырылады. Оның ішінде әскери-көліктік, армиялық, майдан авиациясы мен ұшқышсыз ұшу апараттары бар.
Былтыр 5 сәуірден 16 сәуірге дейін жалғасқан «Батыл тойтарыс-2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық – штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өткен болатын.
Іс-шараларға Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың барысында мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде, әскери қатерлердің өсуі жағдайында өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.
Айта кетейік, Global Firepower дерегі бойынша бүгінгі таңда ел авиациясында 237 ұшу аппараты бар, оның ішінде 75-і жауынгерлік тікұшақ, жақыннан шабуыл жасайтын 39 ұшақ, 81 жойғыш ұшақ, 17 тасымалдаушы және 25 оқу ұшағы бар. Құрлық әскерлерінде 300 танк, 5,2 мың броньды жауынгерлік машина, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 бірлік сүйретілетін артиллерия және 407 волейбол атысының реактивті жүйесі бар.
Әскери қызметкерлердің жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның ішінде 45 мың адам қазіргі таңда белсенді әскери сапта, 32 мың адам әскерилендірілген құрамаларға жатады.
Қазақстанның күштік құрылымдарына бөлінетін бюджет саны арттырылған. Биыл қаңтар айында мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласының бюджеті 10,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 24,1 есеге артық.
Өңірлік бөлініс бойынша ең көп инвестиция 4,6 млрд теңге Маңғыстау облысына құйылды, одан кейін 2,8 млрд теңге Абай облысына, 2,7 млрд теңге Түркістан облысына бөлінген.
Бүгінгі таңда Global Firepower әскери қуат деңгейінің рейтінгі қорытындысы бойынша ҚР Күштік құрылымдары 145 елдің ішінде 63-ші орында тұр. Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторларды назарға алған. Оларға қорғаныс шығындары, техника мен жабдықтардың арсеналы, армия саны, танктердің, кемелердің, ұшақтардың және басқа да әскери техниканың саны, армияның жауынгерлік қабілетіне әсер ететін ресурстар, мұнайға, көмірге және т.б. қол жетімділік жатады.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстанға жол беріп, Түрікменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдовадан жоғары орынға жайғасқан.
Abai.kz