Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1449 0 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 17:18

Жастар саясаты кемелденіп келеді

Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының негіггі міндеттері: жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту; белсенді азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.

Оны жүзеге асыру үшін мәдени, имандылық және рухани құндылықтарға, азаматтық жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке; конфессияаралық келісім мен этносаралық татулыққа; ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық тәрбиеге басымдық береді.

Ал Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту; денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру; жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау; жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау; жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру жіне экологиялық мәдениетті қалыптастыру; жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру; сонымен бірге дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу; мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету;жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру; жастардың волонтерлік қызметін дамыту болып табылады. Осы бағыттар айқын болған соң соны кемелдендіруге экономикалық әрі идеиалық жұмыстар табысты жүзеге асып келеді.

Бүгінгі күнде Қазақстан бойынша Жастар ресурстық орталықтары –227. Оның ішінде облыстық – 13, Республикалық маңызы бар қалаларда – 3, қалалық – 39, аудандық-175. Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер – 218, Жастар ісі жөніндегі комитеттер-897, Жастар ұйымдары-547. Бұл ұйымдардың жұмысын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес реттейді
Биыл қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Онда жастардың санатына жататындардың жас шамасы ұлғайтылып – Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейiнгi азаматтарын қамтитыны, жас маман – отыз бес жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы екендігі; жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз бес жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) отыз бес жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы айқын көрсетілген. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі екені де атап көрсетілген.

Бұл тұжырымдама 2027 жылға қарай Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларға қатысқан жастардың үлесін 10% - ға дейін ұлғайтуды,Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін 90%-ға дейін арттыруды. NEET санатындағы жастарды 5,8%-ға дейін төмендетуді, еліміздегі жастар саясатын іске асыруға толық қанағаттанған жастардың үлесін 30%-ға дейін ұлғайтуды көздейді, жүзеген асыруға жұмыстанады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 68547адамды құрады(2021 жылы -77648адам), жұмыссыз жастар санының төмендеуі байқалады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% (2021 жылы – 3,8%) құрады. Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында – 5,6%, Қарағанды облысында – 4,8%, Нұр-Сұлтан қаласында – 4,6% байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Атырау облысында - 2,4%, Ақтөбе және Павлодар облыстарында - 2,8%, Қостанай, Жамбыл және Ақмола облыстарында - 3,1%.
2022 жылдың қорытындысы бойыншаNEETсанатындағы жастардың үлесі6,5%-ды құрады (2021 жылдың қорытындысы бойынша - 6,9%), 0,4%-ға төмендегені байқалады

Жоғарыдағы фактілерден еліміздің жастар саясатының заңдық тұрғыдан кемелденіп, қамту аясының кеңейіп, жергілікті өңірлермен орталық қалаларды толық қамтып, базасының нығайып, уақыт өткен сайын кемелденіп келе жатқанын көруге болады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485