Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 1441 0 пікір 20 Наурыз, 2023 сағат 12:26

Қайырымдылықтың қоғамға қайтарымы бар

2015 жылы қараша айында Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды. Заңды құжатта қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет екендігі, қайырымдылық бағдарламасы – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі екенідігі, қайырымдылық волонтері – қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға болып табылатыны анық жазылған.

Қоғамға аса қажет заңды қабылдаудағы мақсат – қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу, құқықтық тұрғыда негіз қалау болып табылады. Себебі Қайырымдылықтың бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайтуда, сондай-ақ ана болуды қорғау, балалар мен жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде, азаматтар мен қоғамның материалдық, мәдени-білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруда көрсететін ролы өте зор. Қайырымдылық көмектің қамтитын аясы өте кең.

Жеке тұлғадан тартып заңды тұлғаға дейін, қоғамның бар саласын, жабайы табиғатты да қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік және медициналық мекемелерге, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер, білім беру, ғылым, спорт ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге, сондай-ақ көрсетілген салалардың дамуына үлес қосқан жекелеген қайраткерлерге қайырымдылық көмек көрсету; табиғатты пайдалануды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғауға қайырымдылық іс-шаралары жүзеге асырылады.

Қайырымдылық туралы заңда қайырымдылық жасаушылар мынандай санаттарға бөлінген: қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам. Қайырымдылық көмек – пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту мақсатында жасалатын жәрдем. Ол жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде; демеушілік көмек түрінде жүзеге асады. Жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалатын өтеусіз негізде беретін мүлік болып табылады.

Қазақстандағы қайырымдылық заңының қабылдануы қайырымдылық жұмыстарынының жандануына ұйымдармен жекелердің қайырымдылыққа ат салысып, қоғамды ізгілендіруге мықты серпін берді.

Қазіргі күні қазақстанда үлкен қайырымдылық қорлар тұрақты жұмыс істейді. Олардың қатарында мецант Болат Өтемұратов қоры бар. Қордың мұраты – денсаулық сақтауды, білім мен мәдениетті дамытуға ықпалдаса отырып, Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу. Қорды құру идеясын қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа ұсынған. Сондай-ақ «Аяла» қайрымдылық қорын атауға болады. Қордың миссиясы – Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін және дәстүрін дамыту. Қор қызметінің негізгі бағыттары денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік балалар мекемелеріне көмек көрсету болып табылады. Қазақстандағы қайырымдылық істері заңды тұлғалармен ғана жүзеге асып тұрған жоқ.

Еріктілерде үлкен күшке айналған. Қайырымдылық ісі жалды қоғамдық миссияға айналды десекте болады. Оған дәлел ретінде жыл сайын алып барылатын «Мектепке жол» акцияларын, төтенше жағдайлар кезіндегі көп болып көмек беруді айтуға болады. Қазақстандағы қайырымдылық істері ел аумағымен ғана шектеліп отырған жоқ. Өзге елдерге де қанат жаюда. Оған нақты мысал ретінде соғыстан зардап шегіп жатқан украина халқына көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмектерді. туысқан түркі елінде болған жер сілкініс кезіндегі мемлекеттік көмектен тыс ерікті азаматтар көрсеткен қайырымдылық көмектерді атауға болады. Журналист Нұрбек Бекбау бастамашы болып «100 Киіз үй» қайырымдылық жобасын сәтті жүзеге асырды. Президент Тоқаев Түркияға сапарлай барғанда Ердоған Қазақстанға төтенше жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Қайырымдылықтың қоғамға да, елге де үлкен қайтарымы бар. Бұл ізгі дәстүр ары қарай жалғасын тауып, ел еңсесін көтеруге ат салыса беретініне сенім мол.

 

Abai.kz

0 пікір