Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3745 0 пікір 22 Сәуір, 2013 сағат 08:48

Жанұзақ Әкім. 2050: Стратегияның алғышарттары алаңдатады

«Қазақстан-2050» стратегиясы елді дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосу мақсатын қойған, алдағы ондаған жылдарға болашақты айқындайтын сара жол болмақ. Бұл Бағдарламада рухани мәселе, білім мен ғылымды дамытуға, жалпы қоғамның жан-жақты дамуы толық қамтылған.

Бұл ауқымды стратегияны әлемдегі тәжірибелермен салыстыра отырып саралаған «Халықаралық адам институты», оның толыққанды іске асуы үшін біздің ел жағдайында төмендегідей міндеттерді атқару керек деп санайды:

1. Осыдан екі ғасыр бұрын батыстың менталитетіне негізделген АҚШ-тың ең демократияшыл Конституциясы мен заңдарын көшіріп алған Латын Америкасындағы испан тілді, менталитеттері шығыстық мемлекеттер тәуелсіздіктерін ХІХ ғасырдың аяғында алғанымен сыбайлас жемқорлық, наркомафия т.б. арылып, өркениет жолына түсе алмай келеді. Себебі, менталитетіне сай келмейтін заңдарды халық қабылдамағасын, ондай заңдар орындалмай қоғам дамуына кедергі болады. Заңдардың мемлекеттік тілде дайындалуы - ол ел дамуының кепілі. Біздегі осы уақытқа дейінгі заңдардың мемлекеттік тілде дайындалмауы көне гректерден бергі парламентаризм тарихындағы сирек кездесетін, қоғам дамуына қажетті реформалар жүргізуге тосқауыл, сыбайлас жемқорлыққа жол ашып ел дамуын ұзақ мерзімге тежейтін құбылыс. Сондықтан, бізге ел дамуын қамтамасыз ететін заңдарды мемлекеттік тілде дайындайтын кәсіпқой Үкімет пен Парламент қажет;

«Қазақстан-2050» стратегиясы елді дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосу мақсатын қойған, алдағы ондаған жылдарға болашақты айқындайтын сара жол болмақ. Бұл Бағдарламада рухани мәселе, білім мен ғылымды дамытуға, жалпы қоғамның жан-жақты дамуы толық қамтылған.

Бұл ауқымды стратегияны әлемдегі тәжірибелермен салыстыра отырып саралаған «Халықаралық адам институты», оның толыққанды іске асуы үшін біздің ел жағдайында төмендегідей міндеттерді атқару керек деп санайды:

1. Осыдан екі ғасыр бұрын батыстың менталитетіне негізделген АҚШ-тың ең демократияшыл Конституциясы мен заңдарын көшіріп алған Латын Америкасындағы испан тілді, менталитеттері шығыстық мемлекеттер тәуелсіздіктерін ХІХ ғасырдың аяғында алғанымен сыбайлас жемқорлық, наркомафия т.б. арылып, өркениет жолына түсе алмай келеді. Себебі, менталитетіне сай келмейтін заңдарды халық қабылдамағасын, ондай заңдар орындалмай қоғам дамуына кедергі болады. Заңдардың мемлекеттік тілде дайындалуы - ол ел дамуының кепілі. Біздегі осы уақытқа дейінгі заңдардың мемлекеттік тілде дайындалмауы көне гректерден бергі парламентаризм тарихындағы сирек кездесетін, қоғам дамуына қажетті реформалар жүргізуге тосқауыл, сыбайлас жемқорлыққа жол ашып ел дамуын ұзақ мерзімге тежейтін құбылыс. Сондықтан, бізге ел дамуын қамтамасыз ететін заңдарды мемлекеттік тілде дайындайтын кәсіпқой Үкімет пен Парламент қажет;

2. Өркениетке ұмтылған әрбір ел алдымен өз ұлтының менталитетіне сүйеніп ана тілін дамытқанын тарихтан көреміз. Оған Жапония феномені, ҚХР және Қазақстан стратегиясында негіз қылып алған «Азия жолбарыстары» сияқты жақсы қарқынмен дамушы елдердің жолдары дәлел. Ашық мұхитқа шығу мүмкіндіктері бірдей, жан саны, діні, тарихы ұқсас, бір географиялық аймақта көрші орналасқан ҚХР мен Үндістанның өзгешелігі тілі мен соған сүйенген менталитетінде. Біздегі орыс тілі сияқты ағылшын тілін мемлекеттік деңгейде 97%-ға дейін қолданатын Үндістаннан,  әлемдегі бұл тілді тұрғындарының небәрі 5-ақ пайызы меңгерген Қытай экономикалық, стратегиялық... барлық жағынан озып тұр. Сол сияқты Еуропаға еліктеп үш ғасыр уақытын сарп еткен Ресей тәжірибесі, ғасырлап ұлттық кечуа тілін мемлекеттік тіл жасаймыз деп уәде бергенімен, португалдық отарлаушылардың менталитет1нен арыла алмай дамымай қалған Перу т.б. елдердің стратегияларындағы кемшіліктер Қазақстан осы уақытқа дейін толық пайдаланбаған құнды тәжірибе. Себебі, мемлекеттік тіл мен оған негізделген ұлттың менталитеті - ол ел дамуының коды, оның ар-намысы мен рухының қайнар көзі және қоғамның жан-жақты өркендеуін қамтамасыз ететін бірден-бір жолы. Сондықтан, Қазақ тілі Қазақстанның ұлттық мемлекет ретінде тәуелсіздігін баянды етіп, оны дамытатын бірден-бір күш, оның сара жолын айқындайтын бағыты және Мәңгі Ел қылатын құралы. Мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына енгізу арқылы елді дамыту бүгінгі күннің негізгі міндеті;

3. Тәуелсіздік жылдары елдегі көлеңкелі экономика үлесінің 40% жетуі - ол мемлекеттік институттардың қалыптасып жүйелі дамымай, бәсекеге қабылетсіздігін және қоғамдағы моральдық құндылықтардың төмендегенін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық дамушы елдердің көпшілігінде кездесетін және асқынған жағдайда Ертедегі Рим сияқты талай өркениеттердің түбіне жеткен қауіпті дерт.

Соңғы дағдарыста банктерді қолдауға Ұлттық қордан бөлінген он миллиард доллардың әлі күнге қайтарылмауын қоғамда алдын-ала ойластырылған сыбайластық схемамен қазына қаржысын ұрлау мақсатында бөлінгені деп түсінуде. Оның қайтарылмауы болашақта Ұлттық қордағы қалған қаржы да сол жолмен ұрланады дегенді білдіреді. Оны қазынаға қайтару мемлекеттің болашағы мен Елбасының арына сын принциптік мәселе! Осындай сын сағатта халық пен Президент біріккенде елде алынбайтын қамал, жетпейтін мақсат болмайды! Біз оны 1997-1998 жылдардағы дағдарыстан шығу үшін Оңтүстік Корея халқының Президентіне сеніп барлық құнды дүниелерін (қыз-келіншектер таққан алтын-күмістерін) жинап беріп, ол ел дағдарысты дамуға айналдырғанынан көреміз.

Біздің қоғам әзірге халықтың мақсаты бірінші, биліктікі екінші, олигархиялық бизнестікі үшінші жақта яғни аққу, шортан және шаянның тірлігін кешкендіктен, адамдардың да тегі бір жақта, ойы мен сөзі екінші, істері 3-ші жақта болып, елдің еңсесі көтерілмей рухы булығып жатыр. Ол, елді Конституция емес, коррупция билеп, арыстандардың албастыға айналатын заманында болатын жағдай. Биліктің елді біріктіру міндетін мойнына алып қоғамды дұрыс жолға салатын жүйені қалыптастыратын уақыт келді. Ал, қазіргі коррупцияның деңгейінде Президенттің жолдауларын желеулетіп ауыл шаруашылығын дамытуға бөлген үш триллион теңгенің жартысынан астамы мақсатына жұмсалмайтыны және Ауғаныстаннан әскерді шығарып жатқан АҚШ, Германия, Англиялар көршілерімізге арзанға сатып жатқан заманауи қару-жарақты, біздегі әскерилердің де алудың орнына, тағы да Израильдан қару аламыз деп бір тырнауышқа екінші сүрініп, 1940 жылдардағы тозығы жеткен жарамсыз қару алмасына кім кепіл?!

Жалпы Үкімет пен ұлттық компаниялардың бағдарламаларының барлығы тәуелсіз сараптама жасауды қажет етеді. Қазіргі мемлекеттік тәуелсіз сараптама - ол, билікке тәуелді және мамандармен 40-45% ғана қамтылғандықтан жұмысы тиянақсыз, көптеген «өлі» жобаларға қаржы бөліп сыбайластыққа жол ашуда;

3. Қатардағы қызметкерлерден бастап жоғарғы лауазымды орындарға дейінгі мемлекеттік қызметтің құндары белгілі және көп аймақтарда қызметте қалу үшін мұғалімдер мен дәрігерлерге дейін пара беру жүйесі қалыптасқандықтан денсаулық, білім, құқық органдары... жалпы бюджеттік мекемелердің көпшілігінде моральдық деңгейі төмен білімсіз мамандар жұмыс істейді. Оның негізгі бір себептері - табыстың төмендігі. Халықтың тұрмысы жақсару үшін олардың табысы ЖІӨ-ге пропорционалды түрде өсуі керек;

4. Қоғам тұрақты дамып өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға бөлінетін қаржы 14-15 есе, білім мен денсаулыққа 8-10 есе, бюджеттегілердің табысы мен көпбалалы отбасына көмекті 7-10 есе... өсіру қажет. Ол мәселені Ұлттық қордағы шикізаттан түскен қаржыны сол мақсаттарға жұмсау  және ел тұрғындарына үлестіріп беру арқылы шешуге болады. Оны Астана экономикалық форумына қатысқан белгілі экономистер, Нобель сыйлығының лауреттары да ұсынып және осы жолдың елді дамытудағы тиімділігін әлемдеғі ең дамыған ел Норвегияның тәжірибесі де дәлелдегендіктен, біз де осы жолды ұстануымыз керек. Қазіргі ел азаматтарының жартысы 2050 жылды көрмейді. Сондықтан, Қазақстанның әр азаматы аухатты өмір сүруге құқылы, ал билік оны қамтамасыз етуге міндетті;

6. Кеден одағына кірудің ел экономикасына кері әсерін күнделікті тұтынатын тауардан бастап автомобильге дейін соңғы үш жылда 40-80% өсуінен және осы одақтағы Қазақстанның тауар айналымының небәрі 9,6% (Белоруссиядан үш есе төмен) болғанынан көреміз. Болашақта бұл көрсеткіш 5-6%-ға дейін түсуі мүмкін. Барлық жағынан ел дамуына кедергі болатын бұл одақтан шығып бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруді тез шешу керек.

Соңғы деректер бойынша елде Ресейдің 67 мыңға жуық әртүрлі компаниялары жұмыс істейді және олар кенорындарды т.б. стратегиялық нысандарды алуда. Ал, ол елдегі Қазақстан компанияларының саны бізге келгеннің 5%-на жетпейді. Келген компаниялар бір жағынан алдымен отандық шағын және орта бизнесті құртса, екінші жақтан Қытайдың бизнесі биліктегі кейбір топтардың қолдауымен соңғы 5-6 жылда әр жыл сайын 300 жанармай құятын бекеттер сатып алып... мұнай саласындағы үлесі ресми деректерде 25% (биресми деректерде 40%-ға) жеткен. Елдің экономикалық қауіпсіздігі доктринасын уақытында қабылдамаса жақын уақытта Қытайдың мұнайдағы үлесі 50%-ға жетеді. Отандық (Ұлттық және жеке) компаниялардың мұнайдағы қазіргі үлесі небәрі 20-22%.

Ол жаппай жұмыссыздық және тұрғындардың әлеуметтік жағдайларының төмендеуіне яғни қоғамды дағдарысқа әкеледі. Оның «қызығын» алдымен автомобиль нарығы мен мұнай саласындағылар (мысалы Жаңаөзен қаласы) көруде. Халқымыз «жыртық үйдің иесі бар» дегенімен, кеден одағына кірердегі қаржы министрінің болжамы түгелдей кері келіп, енді отандық бизнес иессіз қалуда. Бұған кім жауап береді? Бұл қауіптен шығу үшін кәсіпкерлер қауымдастығы, «Атамекен Одағы», Үкімет және Парламентпен бірге жақын уақытта отандық бизнесті қорғайтын нақты шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар

6. Н. Назарбаев Еуразиялық идеяны халықтар достығы мен тұрақтылықты қалыптастыру үшін ұсынғанын З. Бжезинский жазған еді, және оның өз міндетін белгілі деңгейде атқарғаны белгілі. Ал, самодержавие мен большевизмнен негізін алатын Еуразиялық идея өткен ғасырда Батыс пен Шығыста ешкімге қажет болмады. Оны күшпен Одаққа айналдыру түбінде алдымен Ресейдің келесі ыдырауын тездететін, неколониализмнің бір түрі екенін сол елдің Президенті мен Үкімет басшысына негіздеп жазып бердік. Еуразиялық немесе күйреген империяны жандандыру идеясына еру - ол адасқандардың тірлігі;

7. Осы уақытқа дейін білім жүйесіне жасалған реформалардың көпшілігі аяқсыз қалып, кеңестік жүйедегі мектептердің орнына заманауи ұлттық мектептің моделін жасай алмады. Мысалы, елдегі мемлекеттік тілде оқытатын университеттердің үлесі 50%-дан аспаса, Алматы қаласындағы мектептердің үлесі 20% ғана.

Үш жасқа дейін берілмеген тәрбиенің кеш болатыны белгілі болғанымен, 5-6  жастағы балаларға бірден үш тілді үйрету педагогика ғылымының тарихында кездеспеген, болашақта елді үш жаққа тартатын аққу, шортандар... болып жүрмесін?! Себебі, барлық елдерде бала 10-12 жасқа дейін ана тілін үйреніп қалыптасқаннан кейін басқа тілдерді үйренеді. Баланың қалыптасуындағы тәрбие мен білімнің ана тілінде болуы негізгі шарт. Кезінде Асанқайғы бабамыз айтқан, «Қарағай басын шортан шалар...» деген кезді бастан кешіріп мәңгүрттіктен арыла алмай жатқанда, бұл ХХІ ғасырдың жармақтарын тәрбиелейтін тәжірибе болып жүрмесін. Сонымен қатар түркі халықтары бір ғасырдан бері жүріп келе жатқан, стратегиядағы латын алфавитіне қоғамды түгел көшіруді тезірек шешу керек;

8. Елімізде мемлекеттік тілде шығатын БАҚ үлесі 15-17%, телеарналардікі - 13-14%, басылымдық тауарлардың (кітап, альбом т.б.) - 10-12%, жалпы ақпараттық кеңістіктегі үлес 15%-дан аспағандықтан, Президенттің жолдаулары мен Үкімет бағдарламаларының орындалуы да 30%-дан аспай отыр. Мемлекеттік тілдің үлесі Кеңестік кезде тап осындай мүшкіл болмады.

Кезінде Францияның Президенті Де Голь АҚШ-тың осындай экспансиясынан құтылу үшін сырттан келетін фильм, телеарналар, дисклер, газет-кітаптар т.б. ақпараттық өнімдерге салынған қосымша салықтан түскен қаржыны ұлттық мәдениет пен француз тілін дамыту жұмсап музейлер, Тіл Академиясы... атом қаруын шығарып елдің толық дербестігіне қол жеткізді. Телеарналар, газет, кітап т.б. ақпараттық өнімдер жай тауар емес, ол белгілі жағдайда тәуелсіздікке қауіп төндіретін ақпараттық құрал болғандықтан, оларды түгелдей кеден одағына байланысты құжаттардан шығарып қосымша салық салу арқылы отандық мәдениетті дамыту керек;

9. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болғанда, оған «авторитарлық биліктегі ұлттық мемлекет» деген анықтама берді. Әйгілі философ Ф. Фукуяма әлемдегі дамыған 50 елдер - ол либералдық-демократия жолына түскен  мемлекеттер, олардың ішінде авторитарлық биліктегі елдер жоқ екенін дәлелдеген. Авторитарлық елдер (Кеңес Одағы, араб елдері т.б.) қоғамды дамытуға қабілетсіз, түбінде оны дағдарысқа әкеліп құртатын жүйе екенін М. Тэтчер т.б. дәлелдеген еді. Сондықтан, елде демократиялық жүйе орнап, ол ашық қоғамға айналмай мемлекеттің дамымайтыны аксиома. Елді өркениеттің сара жолына салу бүгінгі күннің міндеті және ол халық пен билік бірігіп қоғамдағы мәселелерді күрделендірмей уақытылы шешуді талап етеді;

10.  Елдің жалпы cыртқы қарызы 2012 жылы $10 миллиардқа өсіп енді  $137,4 млрд (ЖІӨ-нің 75%) болды. 2008 жылғы дағдарыс кезінде сыртқы қарыздардың жыл сайынғы қайтарылатын пайызының өзі $8,0 млрд құрағанын және ол халықты кедейлікке, ел экономикасын дағдарысқа апаратын жол екенін академик Аганбегян дәлелдеді. Ол мәселелерді шешу үшін ірі қалалардағы қозғалмайтын мүліктерді капиталға айналдыру, шетелдік компаниялардағы елдің үлесін көбейту және менеджментті жақсарту арқылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ жылдық таза пайдасын $40-42 млрд жеткізу... арқылы шешуге болады. Стратегиядағы қойылған мақсаттар уақытында орындалуы үшін біздің деректер бойынша ел экономикасының жылдық даму қарқыны 11-12%, инфляция деңгейі 4%-дан аспауы керек. Оны орындауға елде толық мүмкіндік бар;

11. Жалпы малдың саны 1991 жылға дейінгінің 45-50%-ын құрайды. Асыл  тұқымды малдың үлесі 10%-дан аспайды, ол 45-50% -дан асқанда бұл сала тиімді болады. Үкіметтің 2020 жылға дейін ет экспортын 180 мың тоннаға (қазір 4,5 мың тонна) жеткізу жоспарын орындау үшін Қытай, Монғолия, Ресейдегі қазақтарды малымен алдырып жағдай жасау керек.  Бидайдың отандық сорттарының үлесі де 15-16%... 90-шы жылдардағы дағдарыстан кейін ауыл мен шағын қалалардағы  инфрақұрылымдар, мәдени ошақтар толық қалпына келмегендіктен және қаржы институттары мен банктер ондағы кәсіпкерліктің дамуына тікелей араласпағандықтан, ел тұрғындарының 45%-ын қамтитын бұл саланы мемлекет дамуына кері әсері уақыт өткен сайын күшейе бермек;

12. 2012 жылғы БҰҰ Адам даму индексінің рейтингі бойынша Қазақстан 69-шы орынды иемденді. Ел дамуының осы негізгі индикаторы бойынша біз кері кетіп бара жатқан жоқпыз ба?! «Қазақстан 2050-ді» іске асырудың негізгі механизмі - ол елде адам капиталын дамыту арқылы интеллектуальдық ұлт қалыптастыру және постиндустриальдық қоғамға өту болып табылады. Бұл мәселені шешуде біздің Институт отандық және шетелдік ғалымдармен бірге Бағдарлама дайындап, оны «Мемлекеттік тілді қоғамға ендіру», «Медиатехауыл» - барлығы оннан астам салалық жобалар арқылы іске асыруда. Алдымен адам капиталын, сол арқылы қоғамның барлық саласын дамытатын осындай күрделі іске барлық атқарушы органдар, зиялы қауым, оппозиция... - бүкіл Ел бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбектену керек. Сонда ғана біздің қарекетіміз берекетті, мақсатымыз баянды, Еліміз мәңгі болады.!

Жоғарыдағы мәселелердің уақытылы шешілуі елде адам капиталын дамытып, интеллектуальдық ұлт қалыптастырудағы яғни елдің алға қойған мақсаттарын орындайтын нақты қадамдар, стратегияның орындалатынына елді сендіріп, оған қуат-жігер беретін шаралар болмақ. Елді өркендететін бұл жобалардың орындалатынына Алла жар болсын деп тілейік!

«Халықаралық адам инстиутының»

Президенті Жанұзақ Әкім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321