Жаңа әскери факторға сындарлы ұстаным керек!
Жалпы Азия құрлығында ғана емес, дамыған ел саналатын Еуропада ұрыс ошақтары барған сайын арта түсуде.
Экстремистік ұйымдардың бұрын-соңды болмаған белсенділігі мен қатар Ресей мен Украина арасындағы соғыс өртті. Қазақ әскерилеріне де ой сала бастады көршіміз қатысып жатқан соғыс еліміздің қарулы күштеріне қорғаныс мәселесінде қосымша міндеттер жүктеуде десек әсте қателеспейміз. Осыған қатысты әлемдік және отандық әскери сарапшылар болжалды қақтығыстардағы еліміздің қауқары қандай болатынындығы жайлы сөз ете бастады.
Бұл орайда еліміздің қорғанысына қарап сараптау жасағандардың сөздеріне елп етіп ере кетудің жөні жоқ. Өйткені. мемлекеттік әскери ұйымдардың құрамы мен сапасы туралы дәл мағлұматтар құпия болғандықтан, әлемде және елде Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуетіне әдетте тек ашық мәліметтер бойынша баға берілетіндігін сөз еткеніміз орынды. Егер сондай мәліметтерді Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен байланыстыра қарасақ, біз келесідей ахуалды байқаймыз.
Еліміз өз егемендігін алған сәттен бастап, бейбіт ұстанымда болғандықтан, ұлттық қорғанысын — қуатты әскерді дипломатиялық тәсілдермен бірге орайластыра отырып шешу жолын берік ұстанды. Сол себепті Бас Қолбасшының шешімімен, ҚР осы уақыт аясында түрлі әскери одақтарға мүше болып, халықаралық құқық негізінде бірнеше аймақтық ұйымдардың құрамына енді.
Бұл ретте сөзімізді тарқата айтар болсақ, дипломатиялық «майдандағы» ірі әскери стратегиялық табыстарымызға біршама тоқтала кетер болсақ, бізді Ауғанстан, Шығыс Азия аймақтарындағы қауіптерден қорғауды көздеген Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымына мүшелігіміз және жұрттың кейбір бөлігі құптай бермейтін Ресеймен әскери одақ құруын ауыз толтырып айтуға болады. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі ұйымында мүшелік Қазақстан үшін сонымен бірге — офицерлер мен әскери мамандарды Ресейлік беделді әскери оқу орындарында дайындауға мүмкіндік берді. Бұған қоса, Қазақстан аспаны ТМД Әуе Қорғанысының Біріктірілген Жүйесінің қорғауында.
Abai.kz