Серік АХМЕТОВ, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі: «Экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасалған»
|
|
- Серік Нығметұлы, Үкімет 2012 жылдың басында экономиканың өсу қарқыны 7% болады деп мәлімдегені есімізде. Шын мәнінде өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 5%-ды құрады. Бір сұхбатыңызда, биыл осы қарқынды сақтап қалуға күшіміз жетеді деген едіңіз. Алайда Экономика министрлігі ІЖӨ-нің биылғы өсімін - 6% деңгейінде болжады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа қатысты сұраныстың азайып бара жатқанын ескерсек, мұндай болжам қандай көрсеткіштерге сүйеніп жасалып отыр? - Баспасөзде «Қазақстан энергетикалық тәуелсіздікке қашан қол жеткізеді?» деген сауал жиі көтереді. Премьер-министр ретінде мұндай сауалдарға не айтар едіңіз? Елді мекендерді табиғи газбен, электр қуатымен қамтамасыз етуде нақты қандай жұмыстар атқарылуда? Сонымен қатар баламалы қуат көздерінің мүмкіндігін пайдалану барысы қалай? - Серік Нығметұлы, қарапайым тұрғындарды алаңдатып жүрген сауалдардың бірқатарына тоқталып өтсем деп едім. Елімізде зейнетақы жүйесін жаңғырту реформасы басталды. Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры құрылып жатыр. Қазір қоғамда алыпқашпа әңгіме көп, зейнетақымыз не болады, жинаған қаражатымыз қалай сақталады деген сұрақтарды да оқырмандарымыз жиі қояды. Жалпы, қорларды біріктірудің халыққа қандай пайдасы бар? Ал зейнет жасын теңестіру мәселесі бойынша қазіргі таңда ынтымақты жүйе аяқталу сатысында тұрғандықтан, уақыт өте азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуға баса көңіл бөлініп отыр. Ұлттық және шетелдік сарапшылар жүргізген зерттеулер бойынша егер қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесі қалатын болса, зейнетақы төлемдерін өсірмек түгілі, осы күйінде сақтап қалудың өзі қиынға соқпақ. Біріншіден, орташа өмір сүру жасының ұлғаюы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі сияқты әлем елдерінде байқалған үрдістер бізде де орын алды. Бірқатар Еуропа елдері әйелдердің зейнет жасын 65-тен 67 жасқа дейін көтеруді жоспарлауда. Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әйелдердің үлесі 45%. Олардың орташа зейнетақы жинақтары ер адамдардан 25%-ға төмен. Әйелдердің қажетті зейнетақы жинақтарын толтыра алмауының бірден-бір себебі - жинақтау жүйесіне қатысу мерзімінің және ер азаматтарға қарағанда жалақысының аз болуы. Халықаралық сарапшылардың ұсынысы бойынша, әйелдер қажетті зейнетақы жинағын жинау үшін ең кемі бұл жүйеге 30-35 жыл бойы тұрақты қатысуы керек. Сондықтан келешекте тиісті деңгейде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін зейнет жасын ұлғайту - қажеттілік деп түсінген жөн. Заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Онда зейнеткерлікке шығу кезеңін әр жыл сайын 6 айға ұзарту арқылы он жылдың көлемінде шешу туралы ұсыныс бар. Енді Үкімет зейнет жасына жақындаған әйелдерді жұмыспен қамтуды көздейтін арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр. Мұнымен бірге заң жобасында зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін шешу де көзделген. Яғни жұмыс берушілер бұл азаматтардың зейнетақы жарналарына қосымша 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік жарналарды аударады деген жаңа норма ұсынылды. Бұған дейін ол ерікті жарна түрінде жүріп, 4 мың адамды қамтыған. Жаңа өзгеріс енгізілсе 135 мыңдай адам осы міндетті зейнетақы жарналарымен қамтама-сыз етіледі деген болжам бар. - Үкімет «Агробизнес - 2020» салалық бағдарламасын қабылдады. Ел қазынасынан ауыл шаруашылығын қолдауға қыруар қаражат қарастырылып отыр. Әйтсе де ауыл шаруашылығын қолдаудың 2014 жылға дейінгі бағдарламасының әлі аяқталмағанын білеміз. Жаңа бағдарламаны мерзімінен бұрын қабылдауға не себеп? - Өткен жылдың соңында «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеген сөзіңізде «қуатты өңірлер - еліміздің экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының негізі» деген едіңіз. Осы орайда тұңғыш рет өз алдына Өңірлік даму министрлігі құрылды. Сәл бұрынырақта дайындалған моноқалаларды дамыту бағдарламасын орындау аталған министрлікке міндеттелді. Дегенмен бағдарламаға енбей қалған шағын қалалардың жағдайы қалай болмақ? - Орталықтан бес мыңнан астам мемлекеттік қызметкер өңірлерге барып жұмыс істейді деген мәселе көтерілуде. Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру реформасы қалай жүзеге асады? Қазір ауылдық жерлердегі мамандар жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдап отыр. Осы мәселенің жай-жапсарын түсіндіріп айтсаңыз. - Ең өзекті мәселенің бірі - халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Бұл орайда жаңадан бағдарлама қабылданды, оның болашағы қандай? Орташа табысы бар азаматтар арзан баспанаға шынымен қол жеткізе ала ма? - 2017 жылғы «ЭКСПО» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алдық. Халықаралық маңызы бар шара, әрине, еліміздің беделіне, әлемдік аренадағы абыройына үстемдік қосары сөзсіз. Дегенмен аталған шара экономикамыздың дамуына, жекелеген азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қандай мүмкіндіктер береді? - Бұйыртса, Дүниежүзілік сауда ұйымы-на өткелі жатырмыз. Келіссөздерді аяқтау қай мерзімге жоспарланып отыр? Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кедендік одақ аясында әлемдік ұйыммен байланысымыз қалай өрбімек? - Журналистік қызметімізге байланысты үкіметтік жиындардан, сіздің ресми сайтыңыздан көріп, бақылап отырамыз, Үкімет отырыстарын мемлекеттік тілде жүргізіп келесіз. Қоғамдық пікір мұны жоғары бағалады. Тілдік мәселеге, оның ішінде латын әліпбиіне көшуге көзқарасыңыз қандай? - Өзіңіздің үнемі ұстанатын қандай да бір хоббиіңіз бар ма? Сұхбаттасқан «Айқын» газеті |