Жарқын Жеті. Ұйғырлар қазақ пен қытайдың ортасына неге от жаққысы келеді?
29 сәуір - Алаш баласы ұмытатын күн емес. 1950 жылы 19 сәуірде Қытайдың Кеңсу өлкесінде қолға түскен Оспан батырды 29 сәуірде Үрімші қаласында кәменестер атты...
Қытай қазағынан Оспан батырдан соң қару ұстаған батыр тумады. Қалам ұстаған бір батырымыз болып еді, Қалың елі қазағы Отанын аңсаған ұлын бауырына баса алмады. Қасірет ішінде Қажығұмар Шабданұлы өмірден озды. Қытай қазағы бұл күнде Оспан батыр туралы, Қажығұмар Шабданұлы жайында ашық айта алмайды. Құдайға шүкір, бодан қазақ айта алмағанымен, азат қазақ айта алады. Бірақ, тірі Оспанның артынан еруге жарамаған бір топ енді келіп, өлі Оспанды өздерінің "ҰЛТТЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ" жасап алғаны қалай? Шетелдерде қашып жүрген ұлты ұйғыр кейбір зиялылар Қазақтың Оспан батырын да ұрлап алғысы келіп жүр.
Жә, әңгімемізді асықпай тыңдаңыз.
8 сәуір де біз ұмыта қоятын күн емес еді. Осыдан тұп-тура 68 жыл бұрынғы 8 сәуірде, қазіргі Іле Қазақ Автономиялы облысының Құлжа қаласында бір армия құрылды. Біз әлде кімдер құсап, ойдан тарих құрастырып жатқанымыз жоқ. Қытай басылымдарындағы деректерді алға тарта кетелік. Байдудың ақпарат кеңістігін қараңызшы...
http://baike.baidu.com/view/4540242.htm
http://baike.baidu.com/view/4540242.htm
29 сәуір - Алаш баласы ұмытатын күн емес. 1950 жылы 19 сәуірде Қытайдың Кеңсу өлкесінде қолға түскен Оспан батырды 29 сәуірде Үрімші қаласында кәменестер атты...
Қытай қазағынан Оспан батырдан соң қару ұстаған батыр тумады. Қалам ұстаған бір батырымыз болып еді, Қалың елі қазағы Отанын аңсаған ұлын бауырына баса алмады. Қасірет ішінде Қажығұмар Шабданұлы өмірден озды. Қытай қазағы бұл күнде Оспан батыр туралы, Қажығұмар Шабданұлы жайында ашық айта алмайды. Құдайға шүкір, бодан қазақ айта алмағанымен, азат қазақ айта алады. Бірақ, тірі Оспанның артынан еруге жарамаған бір топ енді келіп, өлі Оспанды өздерінің "ҰЛТТЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ" жасап алғаны қалай? Шетелдерде қашып жүрген ұлты ұйғыр кейбір зиялылар Қазақтың Оспан батырын да ұрлап алғысы келіп жүр.
Жә, әңгімемізді асықпай тыңдаңыз.
8 сәуір де біз ұмыта қоятын күн емес еді. Осыдан тұп-тура 68 жыл бұрынғы 8 сәуірде, қазіргі Іле Қазақ Автономиялы облысының Құлжа қаласында бір армия құрылды. Біз әлде кімдер құсап, ойдан тарих құрастырып жатқанымыз жоқ. Қытай басылымдарындағы деректерді алға тарта кетелік. Байдудың ақпарат кеңістігін қараңызшы...
http://baike.baidu.com/view/4540242.htm
http://baike.baidu.com/view/4540242.htm
Біз шеттегі қазақ баласының осы тарихын Алаш тарихынан бөлектеп қарағанды қашан доғарсақ, сонда ғана өзімізді толыққанды бір тұтас ұлт ретінде сезіне алатын шығармыз. Оспан батырға Қазақ елінде ескерткіш қоя алмадық. Қытай жеріндегі қазақтардың алдыңғы ғасырда зұлымдыққа қарсы қанды төңкеріс жасағанын біз Жер бетіндегі күллі қазақтың қарашаңырағы болған Қазақстанда қаншалықты деңгейде көтере алып жүрміз? Ең бір түсініксіз жері, Алматы жағалаған Ұйғырлардың өзі сол кездегі Үш Аймақ Төңкерісінің батыры болған, Қазақстанмен ешқандай қатысы жоқ, ұлты ұйғыр Ғениге Алматы маңынан ескерткіш қойып алғанда, үшбу төңкерістің алғашқы оғын атқан, төңкеріс отын ең алғаш тұтандырған, ұлты қазақ Әкбар батыр мен Сейт батырға Қазақ отанынан ескерткіш бұйырмағаны қалай? Ғениді уағыздаушылардың Әкбар мен Сейтті ұмыта қалғаны қалай?
Біз тұтас бiр ұлтты қаралаудан аулақпыз. Бірақ, телісі мен тентегін тектей алмаған ағайынға туыстық базынамызды айтқанымыз ағайындық берекені сақтау үшін керек болғанын ескертеміз!
Қытайдағы ұйғырлардың ішінен шыққан бір топ ұрылардың Қазақстан композиторларының әндерін ұрлап, авторлық құқықтарды аяқ астына таптап, әндерді өз аттарына теліп, ән мәтіндерін келсе-келмес өзгертіп, бейнебаян түсіріп жүргендігі баршамызға аян. Түу басы "Дударай" әнін ұрлаудан басталған бұл ұрлықтың соңы осы күнге дейін жалғасып келеді. Алтынбек Қоразбайдың әндерінен бастап, Рамазан Стамғазыға жалғасып, ең соңында Қайрат Нұртастың әндеріне ойысты. Әндерімізді ұрлаған ала тақиялы ағайындарымызға өкпелеп жүргенімізде, ұрлықтың көкесі Қазақ халық ертегілерін ұрлауға ойысты.
Қытай қазақтарының Күлтегін сайтында жарияланып жатқан "мың бір сапар" атты шығармамызда өте мол суретті деректер келтіре отырып, ертегі ұрлығын әшкерелеп тастағанбыз. 1958 жылы Ташкент қаласында ұйғыр тілінде төтеше жазумен басылып шыққан "қазақ халық ертегілері" деген кітапта түбі бір түркіге ортақ емес, тек қазақ халқының өзіне ғана тән рухани байлықтарымыз орыс тілінен ұйғыр тіліне аударылып басылғанына қарамастан, Шыңжаңдағы кейбір ұйғыр зиялылары қазақтың ертегілерін де өздеріне тели бастаған. Үстіміздегі жылғы Наурыз мерекесінде, Үрімшідегі ұйғыр телеарнасында "Кенже батыр" деген жасанды ертегі балаларға айтылды. Шын мағынасында, бұл ертегі, елбасымыз Нұрсұлтанның "Астана-Бәйтерек" туындысына тұздық болған «ЕРТӨСТІК» ертегісінің баспа-бас көшірмесі еді. Ұйғырдың арасында өскен, ұйғырдың барлық өркениетін ұйғырдың өзінен әрмен білетін біз бұл "кенже батырдың" қайдан пайда бола қалғанын білмей аңырдық та қалдық. Өкініштісі, "ұлтаралық береке- бірлік" деген саясаттың аясында, ұрланған қазақ әндері мен қазақ ертегілері хақында қытайдың ресми баспасөзінде ешқандай бір әңгіме қозғалған жоқ.
Оспан батыр қазақтың мақтанышы екендігінде дау жоқ. Тыйымсыз кеткен ұры «туыстарымыз» енді сол мақтанышыңның өзін көп көріп отыр.
Ұрлыққа үйренген арамза қолын енді сол батырыңның өзіне қарай созуда....
Енді, керек қылсаң, батырыңды да ұрлап алғалы отыр.
Оспан батыр деген сөздің өзін Қытайдағы қазақтар осы күнге дейін қорқа-қорқа әзер айтады. Бұл есім ресми баспасөзде тек тарихи шығармаларда ғана аталса аталар-ау, былайғы шығармаларда басы бүтін ұмыт қалдырылатын, ауызға алынбайтын, ауызға алудан, қаламға ілуден көп жұрт қорқатын бір есім. Бұл да саяси қысымнан ғой. Қорқа-қорқа, үрек-үрке, әр нәрседен өз басын қорғаштап үйренген бодан жұрттың басындағы сордың бір көрінісі осы. Қытай компартиясының көзқарасы бойынша ‹банды› аталып, Үрімшіде өлім жазасына үкім етілген әрі сол арада атылған Оспан батырдың ‹бандылығы› сол Қытай компартиясымен өліспей-беріспей алысқан Гүмандан басшысы - Жияң Кайшиден ары емес шығар-ау. Бірақ, тележәшікті аша қалсаң, тақырбас Жияң Кайшы шыға келеді. Кітапты аша қалсаң, тағы сол. Керек десең, соңғы кездегі Қытай телесериялдарында Жияң Кайшиді де оң жағынан көрсете бастады. Баяғыда оны сыпырмайым терістеуші еді ғой. Ендігі киноларында жапон басқыншыларына қарсы гоминдан әскері де қарсы алысқан болып шығып жүр. Шындығы да сол еді ғой. Жапонға бетпе-бет келіп соғысқандар сол Жияң Кайши әскері болды да, ол кезде Мау дегеніңіз алба-жұлба қайыршы киімін киіп алып, шөп шақайын сүйретіп, тау-тасты паналап жүрген нағыз бандыңыздың өзі еді ғой. Қызыл орыстың көмегі, ақшасы, құралы, халықаралық жәрдемі болмаса, нағыз бандыңыз сол Маудың өзі болар еді... Бір қызығы, нағыз кері төңкерісші Жияң Кайшиді айтуға рұқсат-тағы, Оспан «бандыны» айтуға бір көрінбес тыйым бар. Бұл тыйым ашық, әшкере құжат түрінде түспеген болса керек. Бірақ ел-жұрт бәрібір оны айта алмайды. Әнімізді ұрлаған ала ниетті, ала тақиялы, алаөкпе, алакөңіл, ала көйлекті ағайынға өкпеміз қара қазандай болып жүргенде, ұрлаған деген олай емес, былай деп тұрып, біздің қазақ ертегілеріне қол салды ғой. Енді бір қызығы тарихымызды да ұрлатып алатын көрінеміз.
Үш аймақ төңкерісі туралы алтышаһар зиялылары жазған қаншама кітаптарды Шыңжаңнан оқыдық. Әрине, Шыңжаң үкіметі рұқсат берген, осы заңды баспалардың барлығына ортақ бір ерекшелік бар. Ол - үш аймақ төңкерісінің ең басты жетекші орынында қазақ халқы тұрғандығын көмескілендіріп, күңгірттендіріп, барлық тарихи ерліктер мен оқиғаларды ұйғырларға телу қастандығы. Сенбесеңіздер, осыған дейін басылған үш аймаққа қатысты барлық жазбаларды қараңызшы. Бірақ, Қытайдағы қазақ мұны да ашық айта алмай іштен тынып отыр.
Қытайдағы ұйғырлардың мұнысына көз жұмсақ та, ендігі бір сұмдық қарекет шетелдегі ұйғырлардың арасында жүріп жатыр. Қытайдағы ұйғырлардың қылығы жалған тарих кітаптарында қазақтардың еңбегін көмескілендіріп, барлық тарихи соғыстарды ұйғырларға телігісі келсе, керек десеңіз, үш аймақ соғыстарындағы ең көп, анығында, әскердің сексен де тоқсан пайызын құраған қазақтар екендігін ұмыттырғысы келсе, ол тарихтың барлығын ұйғырларға телігісі келсе, шеттегі қашып-пысып жүрген ала тақиялылар да ұрлығын ұмыта қойған жоқ. Ең басы Оспан батырдан бастап өздеріне тели бастаған. Былайғы елге Оспанды ұйғырдың батыры етіп көрсетпектің бір жымысқы амалы орындала бастаған. Құдайға шүкір, атамекенге оралған жазушымыз Жақсылық Самитұлы Оспан батырды жазып қалдырды ғой.
Оспанды оңай-оспаққа ұрлата қоймаспыз деп, түу сонау 2000 жылдарда бұл мәселе хақында бейғамдық танытып жүрген екенбіз.
Бұл қазақ ежелден қазақ аталып келеді. Аспан алақандай, жер тебінгідей кезінен біз қазақ деп аталғанбыз. Әрі Алла қаласа, заман ақыр, жер тақыр болғанша қазақ деп аталмақпыз, иншалла. Бірақ мына арада сиқыршының көз байлағаны сияқты, бір сиқыр ойын ойналып жатыр. Ол - біздің қазақ екендігімізді көмескілендіріп, бізге бір тың атау қосып берген. Онысы - көшпенділер. Көшпенділер десе мейлі ғой, оның алдына бір саяси атау - «Шығыс Түркістан» дегенді қосып қойған. Сонымен, қазіргі Алтай тауы, Майлы Жайыр, Тоқта Барлық, Еренқабырға арасындағы, анығын айтқанда, терістік Шыңжаңда жасайтын 3 миллион қазақ бір-ақ жолда «Шығыс Түркістан көшпенділері» деген атауға ие болғанбыз да қалғанбыз. Мынада үлкен саяси қастандық жатыр. Бұл не сұмдық?
Бұл қазақтың қазақ екендігін көмескілендіріп, елдің барлығы білетін қазақ деген атауды қолданбай, қайдағы жоқ бір «көшпенділер» деген атауды қолданудың ар жағында бір арамза ой жатыр. Мұнда мынадай саяси мақсат, анығында, түрлі жымысқы, пасық арам есеп жатыр.
Бұл - Қазақтың ерлік тарихын ұрлау.
Себебі, шетел ақпараты, әсіресе Еуропа, Америка, Араб, Шығыс жұрты қазіргі Шыңжаң аталатын, шетелдерде кейбір баспасөзде Шығыс Түркістан деп аталатын осы бір жердің тұрғындары туралы көп біле бермейді. Бұған көп тарихи, саяси себептер бар. Ол - бөлек әңгіме. Әсіресе, Тәңір тауының терістік бетінен Алтай тауына дейінгі аралықты лықсыта толтырып тұрған қазақ дейтін халық бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Қазақтың Тәңір тауының терістігінен Алтайға дейінгі аралықты, ал ұйғырлардың құм басқан алты шаһарды мекендейтінін олардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Бірақ мына арада қазақ деген атау тым шулы. Оның үстіне, олардың саяси мақсаттарына сай келе бермейді. Қазақтың Қазақстаны бар. Қазақ десе, ел-жұрт Қазақстан арқылы таниды. Сондықтан, қытайда жасайтын қазақтарға басқа бір атау қою керек болды. Сонымен былайғы ел-жұрт, әсіресе, арнаулы түрде тарих зерттейтіндер болмаса, оның өзінде де осы өңірдің тарихын зерттейтін ілеуде бір кезігетін біреу болмаса былайғы ел мүлде түсінбейтін бір тың атау ойлап табылды. Ол - «Шығыс Түркістан көшпенділері»... Сонымен, саяси, тарихи себептерге сай, бұл «Шығыс Түркістан» дейтін өңірді «Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы районы» деген атаумен баспа-бас тең түсінетін шетелдіктер үшін алғанда, жаңағы көшпенділер деп аталғандарды «ұйғыр көшпенділері» екен деген жаңсақ ұғым келіп шығады. Әрине, жүз пайыз сенімдіміз, олар солай деп түсінеді. Бейне, арабтардың ішінде қалалық отырықты араб болғаны сияқты, көшпелі арабтар, яғни бәдәуилер болғаны сияқты, олар да ұйғырларды отырықты әрі көшпенді екен деп жаңсақ түсінеді. Сонымен, миллиондаған қазақтың аты қолдан жасанды түрде өзгертіліп, былайғы көлденең көзге, күллі Еуропа жамағатына, батыс халқына, қала берді Шығыс жұртына, арабтарға, ирандарға, қысқасы күллі ел-жұртқа жаңсақ, теріс ұғым беру... Бұл - мақсатты түрде қолдан жасалынған теріс атау. Біз ешқашан «Шығыс Түркістан көшпенділері» емеспіз. Біз аспан алақандай, жер тебінгідей кезден-ақ қазақ деп аталған елміз.
Мұндай жымысқы есептің екінші бір түрі бар. Ол - Оспан батырдың қазақ екендігін ұмыттыру. Өкінішке орай, біздің жазушыларымыз жағынан жазылып қалынған дүниелер қазақ тілінде шыққасын, дереу түрік тіліне аударылып, Түркия жамағатына танылды. Төте ұрлай алмағасын, Оспан батырды ұрлап алудың, өздеріне теліп алудың екінші бір амалы қарастырылды. Шамасы, осыдан он жыл бұрын болса керек, қолымдағы немістің атақты радиосын шұқылап, шетелдің радиосын тыңдап отырған кезім. Қазақстан егемендік алған соң, Қазақ радиосы да, Шалқар да Қытайдағы жұртқа естілмей қалды ғой. Егемен Қазақстанды жамандап-жамандап, әсіресе, 1997 жылғы Құлжадағы "февраль оқиғасынан" кейін, Қазақ радиосына қарсы естірткізбейтін, кедергі толқын таратылған соң, Қытай қазағы Қазақстан радиосын тыңдаудан мақұрым болды. Сонымен, кейбір шетелдің шектелген радиосын осы Алматыда тыңдап, бір рахаттанып қалатынбыз.
Иә, он жыл шамасы бұрын... Бір күні әлгі ала тақиялыларымыз өз радиосында «Кирей қабиласының батұры - Осман Ислам...» деп оттап отыр. Бастабында елемедік. Оспан батырдың Керей екенін елдің барлығы біледі ғой. Бірақ мынада гәп басқаша... Сөйтсек, тұтас берілімнің бас-аяғында бірде-бір рет Оспан батырдың Қазақ ұлтының Керей руынан екендігі айтылмай, жаңағы «қазақ» сөзі мақсатты түрде ұмыттырылып, мақаланың тұтас барысында тек қана «Шығыс Түркістандағы Керей қабиласының» деп қана аталды ғой... (Қабила - араб сөзі. Ру, тайпа мағынасында). Біздің аз бұрын Күлтегін сайтында жариялаған «Оспан батыр - Керей емес!» деген жолдамамыздың мәні осы еді...
Шетел жамағаты бұл қазір ұйғыр деп аталып жүрген, отырық ұйғырлардың ішінде ру-тайпа ұғымы болмайтынын, олардың «қабила» деп атап жүргендерінің, «Керей қабиласы» деп атап жүргендерінің мүлде басқа есеп екенін қайдан білсін?! Әрине, білетін шетелдіктер бар. Олар - екі топ. Бірі - тарихшылар біледі. Екіншісі - саясатшылар біледі. Тарихшылар білгенімен, бұлардың арам есебін түсіне бермейді. Түбі бір Түркі болғасын деп қарайды да, елеусіз қалдырады. Ал, саясатшылар біледі де ішінен жымияды. Себебі, шетелдегі қашқын ұйғырлардың Оспан батырды жалаулату арқылы қытайдағы қазақты өздері жаққан отқа қоса өртемек екенін біледі.
Анығында, Қытайда жасап жатқан қазақ мынаны айқын білгені абзал: Біздің өз Отанымызбар, ол - Қазақстан. Ал Қытайдағы қазақтың бұрынғы емес, дәл қазіргі күндегі атышулы «Шығыс Түркістаншылармен» еш қатысы жоқ. Қытайдағы қазақ өзі жасаған саяси Отаны - Қытай Халық Республикасының заңдарына бағынады, әрі соның заңды бұқарасы. Әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы достық келісім-шарттарға сай, заңды түрде Қазақстанға туысшылап келуге, көшіп келуге құқылы. Біле-білсе, Қытайдың қүні Қазақстансыз қараң. Қазақстанның мұнайы мен газына өле-өлгенше тәуелді болған, бір емес, үш құбырын салып, енді төртінші құбырды салуға дайындалып жатқан Қытай жұрты бір нәрсені білсін! Қазақ оларға жау емес! Қазақты шеттегі ала тақиялы қашқындардың арандатуына сай, өздерінің жауы ретінде қарамауы керек. Сол үшін қазақ баласының құжаттық жұмыстары, Қазақстанға туысшылау жұмыстары, діни наным-сенім еркіндігі ешқандай шектемеге ұшырамауы керек! Қазақ елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - Шаңхай Ынтымақтастығына сол үшін кірді. Ол білгендіктен, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына кірді. Демек, қазақ пен қытай одақ. Ендеше, қазақ-қытай одақ бола тұрып, Шыңжаңдағы қазақтардың кейбір қажетсіз қиындықтарға ұшырауы - мүлде қате шаруа. Алда, Қытайдың жаңа билігі тұсында осы мәселені Қазақстан билігі тарапынан тағы да көтере түссе екен дейміз.. Себебі, қазақ пен қытайдың қазіргі саяси мүдделілігі аясында, Қытайдағы үш миллион қазақ құжаттық жақтардан, Қазақстанға көшу жағынан, жер-мүлік құқы жағынан, жайлауларынан айрылып қалу сияқты жағымсыз жағдайлардан, бала-шағасына паспорт жасата алмау, мешіт салдыра алмау, балабақша салдыра алмау сияқты жағымсыз жағдайлардан басы бүтін азат болғаны керек бізге!!!
Алда осы үшін ұмтылуымыз керек. Бір қазақ емес, әр қазақ осы мақсат үшін ұмтылғаны абзал! Қытайдағы 3 миллион қазақ жаңағыдай жағымсыз істерге душар болмауы керек еді! Бұл бір жағынан біздің Қытайдағы қазақ басшылардың саяси қабілеттерінің төмендігінен. Саяси іскерліктері мен біліктіліктерінің нашарлығынан. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы құрылған күннен бастап-ақ, Шыңжаңдағы қазақтар қазіргіден әлдеқайда еркін, әлдеқайда кең, әлдеқайда тепе-тең саяси құқықтарға кенелуі керек еді. Қазіргі қиыншылықтарды көргені былай тұрсын, зәредей де саяси-әкімшілік кедергілер мен қиыншылықтарды көрмей, Қазақстан мен Қытай арасында үлкен дәнекер, үлкен көпір рөлін атқарып, жүре беруі керек еді. Екінші бір тұрғыдан алғанда, мұның екінші бір себебі, Қазақстан билігінде шеттегі қазаққа жаны ышитын ірі тұлғалардың кемдігінен. Құдайға шүкір, соңғы кезде шеттегі қазақтың құжаттық істеріне саяси көмектер жасалынғанымен, ол әлі де жеткіліксіз... Әсіресе, оқудағы балаларына құжат жасата алмай сандалған ата-аналардың қор болған ғұмыры туралы жазсаң, ол өзі үлкен бір әңгіме. Оқудағы баласы 16-ға келгенше, оған құжат жасата алмай, Қазақстанға әкете алмай, әлек болған ата-ана қаншама?! Демек Қытайдағы қазақ өзі ең алдымен Қытайға осыны ұғындырсын. Екіншіден, Қытай осыны ұғынсын. Қазақ оларға жау емес. Біз одақтаспыз. Ендеше, біздің мешіт құра алмауымыз, біздің мектеп құра алмауымыз, балабақшамызды құра алмауымыз да осы барыста шешілуі керек. Алла қаласа, Үрімшіден қазақ мешітін де осы барыста тұрғызармыз...
Ендеше, шеттегі қашқын ұйғырлардың Оспан батырды жалаулатқанына қуанамыз ба? Қуанғымыз келеді-ақ. Өкініштісі, олар Оспанды басқа бір мақсатпен жалаулатып жүр. Үрімші қаласында, 2009 жылы 5 шілде оқиғасы кезінде де Оспан батырдың суреті басылған жалаушаларды пайдаланған. Бірақ, Қытай жерінде соңғы жылдары туылып жатқан ұйғыр-қытай арасындағы қақтығыстардың бірде-біріне қытай қазақтары қатынасқан емес. Қатынаспайды да. Демек, шеттегі қашқын ұйғырлардың Оспан батырды жалаулатуының ар жағында қытайдағы қазақ пен қытай билігі арасына от жағу, сына қағу мақсаты бар. Осы арқылы өздері жақпақ болған отқа қазақты қоса өртемек. Онсызда алдыңғы ғасырда ақ орыстың қырғынын, қызыл орыстың қырғынын, дүңген қырғынын көрген, буржуазиялық қытаймен де, қызыл қытаймен де әбден соғысып, қырылып, таусылып, тозып бітермен болған қытайдың аз қазағын қытайға қарсы айдап салудың бір жағында, сол қазақпен бірге Қазақстанды да отқа итере кету есебі жатқаны шын. Қытай отын жағынан қазаққа тәуелді, ендеше, қытайды тұқырту үшін Қазақстанды былықтыру керек. Бұл есеп оларда бар. Сақ бол, Алаш баласы. Әніңді ұрлатарсың, ертегіңді ұрлатарсың, батырыңды ұрлатарсың, енді, отаныңды ұрлатып алма!
Abai.kz