"Демократиялық қоғамға сай тетіктер жұмыс істемеген соң, олардың орнын жұмыртқа лақтыру секілді әрекеттер басады"
Зейнетақы реформасы қоғамда үлкен даудың ошақ астын қағыстырған дүниеге айналды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі Серік Әбденовтің өзі де, сөзі де бас тақырыпқа айналды. Әркім әртүрлі пікір айтты. Тіпті коммунистік партия белсендісі Цуканов дейтін азамат министрге жұмыртқа лақтырып та көрді. Зейнетақы реформасы төңірегіндегі дау сонда да толастар емес.
Төменде қос сарапшының пікірі мен әлеуметтік желі қолданушысының да ойын беріп отырмыз.
Әміржан Қосанов, тәуелсіз саясаткер:
- Сөз жоқ, министр Әбденов соңғы аптада ақпараттық алаңның басты кейіпкеріне айналды. Өйткені, әйелдердің зейнет жасын ұзарту идеясы қоғамда бұрын-соңды болмаған қарсылық туғызып жатыр. Ал қоғам санасында нақ осы министр реформаның бірден-бір символына айналды. Оны сын тезіне салмай, кімді жерден алып, жерге салсын енді жұрт: биліктегі басшы ағалары жас жігітті алғы шепке шығарып қойып, оған еш жақтаспай, реформа жайында тіпті жұмған аузын ашпай отыр ғой.
Реформаның экономикалық, құқтық тұстары туралы сыни пікірлерге мен толық қосыламын.
Бірақ, кейбір БАҚ-та, әсіресе, әлеуметтік желіде қаптап кеткен «Әбденов туралы әңгіменің» екі «әттеген-айы» бар деп ойлаймын.
Зейнетақы реформасы қоғамда үлкен даудың ошақ астын қағыстырған дүниеге айналды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі Серік Әбденовтің өзі де, сөзі де бас тақырыпқа айналды. Әркім әртүрлі пікір айтты. Тіпті коммунистік партия белсендісі Цуканов дейтін азамат министрге жұмыртқа лақтырып та көрді. Зейнетақы реформасы төңірегіндегі дау сонда да толастар емес.
Төменде қос сарапшының пікірі мен әлеуметтік желі қолданушысының да ойын беріп отырмыз.
Әміржан Қосанов, тәуелсіз саясаткер:
- Сөз жоқ, министр Әбденов соңғы аптада ақпараттық алаңның басты кейіпкеріне айналды. Өйткені, әйелдердің зейнет жасын ұзарту идеясы қоғамда бұрын-соңды болмаған қарсылық туғызып жатыр. Ал қоғам санасында нақ осы министр реформаның бірден-бір символына айналды. Оны сын тезіне салмай, кімді жерден алып, жерге салсын енді жұрт: биліктегі басшы ағалары жас жігітті алғы шепке шығарып қойып, оған еш жақтаспай, реформа жайында тіпті жұмған аузын ашпай отыр ғой.
Реформаның экономикалық, құқтық тұстары туралы сыни пікірлерге мен толық қосыламын.
Бірақ, кейбір БАҚ-та, әсіресе, әлеуметтік желіде қаптап кеткен «Әбденов туралы әңгіменің» екі «әттеген-айы» бар деп ойлаймын.
Біріншіден, әйелдерді әбден әбігерге салған реформаның рухани «атасы» дәл осы жас министр емес. Ол - жоғарыдан берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауға міндетті (оның үстіне, бәріміз көріп отырғандай, тәртіпті) жауынгер ғана. Сондықтан да айтылар сынның басты нысаны мен лақтырылар жұмыртқаның басты нысанасы нақ осы жігіт емес, басқа. Ол - Үкімет, заңдарға үнсіз бас шұлғыған Парламент. Ал күні ертең сол заңдарға қол қойылса, жұмыртқа Ақорда жаққа да жөнелтілуі мүмкін.
Әрине, мен осы жас жігіттің жақтаушысы да, адвокаты да емеспін, болмаймын да! Өмірде жолыққан адамым емес. Бірақ, Әбденовке байланысты әлеуметтік желідегі әңгіменің маған аса ұнай қоймаған бір тұсы бар. Ол - кейбір жағдайда жеке басқа тиісіп, мұқатып, келемеждеу сипаты. Кездесу кезіндегі «потому что» деп екі рет қайталауының өзі ғаламторда қандай «сенсация» болғанының да куәсі болдық.
Сөйтіп, әңгіме барысы реформаның мән-мағынасына қарай емес, дәл осы қосалқы тұстарға ойысып кетіп жатты.
Меніңше, әлеуметтік желі дамыған сайын біз осындай, қоғамдық маңызы бар тақырыптарды талқылау ісінде өзіндік мәдениет қалыптастыруымыз керек сияқты.
Бірақ, сонымен қатар, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді атам қазақ. Қазіргі қоғамның билікке қояр талаптары бөлек, ғаламтордың ақпараттық мүмкіндіктері тіпті адам сенгісіз. Сондықтан билік басында немесе ел алдында жүрген кез келген адам көпшілік алдындағы сөзін де, жүріс-тұрысын да мүмкіндігінше мінсіз атқаруға тиіс екені - заман талабы.
Оған қоса, қазіргі биліктің ішінде жүрген кез келген басшы, өзінің жеке бас жауапкершілігімен қатар, қабылданып жатқан бар шешімдер мен атқарылып жатқан бар шаруа үшін де қосымша, ортақ жауапкершілікке ие. Қазіргі жағдайда Әбденов осы қалыпта. Сондықтан «ол әлі жас қой», «қазақша ойлайды екен» деген уәждер талқылау кезінде өз ролін толық атқара алмай қалады.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:
- Ең бір қиын мәселеде белгілі бір топ немесе Үкімет жауапкершілік алмас үшін бір тұлғаны танктің астына тастағандай осындай жағдайға итермелейді. Зейнетақы реформасында Әбденов сондай жағдайға түсті. Себебі, осыдан бір жыл бұрын Әбденовті министр етіп тағайындаған кезде «Бұл қызметтік өсіруге өз басым қарсымын» деп айтқан еді.
Әбденов Үкіметтің бір мүшесі. Оның да бастықтары бар. Өзі жас жігіт, тәжірбие жинап үлгермеген оның үстіне биліктің ішінде түрлі аппараттық ойындар бар бәлкім сол жағын ескермеген болар, мүмкін ішкі қуаты жетпеген шығар, ақыры, барлық сын Әбденовтің басына шоғырланды.
Зейнетақы реформасы Әбденовтің ғана ісі емес. Мұның алдында мұндай реформа қажеттігін Марченко және қаржылық топтарға қатысы бар адамдар да көтерген. Өйткені, бұл мәселенің мәні тереңде жатыр. Бұл - ел экономикасы қанша дамып жатыр дегенмен қаржының жетіспеушілігін көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл әрекет - әйелдердің зейнет жасын көтеру, жолға салық салу секілді салықтың неше түрін ойлап тауып, халықтан қосымша ақша жинаудың қамы.
Әбденовке тіреліп тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ оның жас әрі қараусыз қалғанын пайдаланып, зейнетақы реформасы секілді өте нәзік әрі қауіпті мәселеде құрбандыққа шалып отыр. Ал, келешекте Әбденовті қызметінен алып тастап, қоғамдық пікірді оң бағытқа бұру әрекеті болуы мүмкін. Немесе зейнетақы туралы заң жобасын Сенаттың қарауынан кейін Президент оны қабылдамай тастап, ақыр соңында әлеуметтік мәселелерге жауапты орындар қара бет болып, Президенттің халық алдындағы беделі өсуі де ғажап емес.
Ал, бұл мәселеде шын мәнісіндегі әділ сын көтерілетін болса, ол тек қана Әбденовке емес, тұтас Үкіметке бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде айтылып жатқан сыни пікірлердің арасында айтарлықтай өрескел нәрсе болып жатқан. Қоғамдық ұйымдар әйелдердің зейнет жасын өсіруге байланысты қарсылықтарын көрсетіп жатқанда билік халықты пікіріне құлақ аспай, зейнет жасын өсіруді министрлік мақұлдап, мәжіліс басым дауыспен қолдап жатса оған қарсы тұру, сыни пікір айту белгілі бір жағдайды заңдылық. Сол үшін елдегі кез келген мәселені халық пікірімен санаса отырып, дер кезінде оңтайлы шешу қажет-ақ. Әйтпесе, бүгін Әбденовке лақтырылған жұмыртқа ертең басқа бір шенеунікке бағытталады.
Әдепті болайық, құқықтық мемлекет құрайық деген дұрыс-ақ нәрсе. Алайда, сол халықтың, қоғамның тілегенін, талап еткенін, сұрағанын естіп жатқан билік болмаса, ондай биліктің әрекетіне қатынас қандай болуы керек?! Себебі, әрбір демократиялық мемлекетте халықтың билікке үнін жеткізетін тетіктер болады: бейбіт шерулер, митингілер, сотқа жүгіну. Біздің елде бұлар жұмыс істемей жатыр. Неге екенін өздеріңіз білесіздер: біреуіне тыйым салынған, біреуі түрмеге жабады, сыни мақалалар еленбейді.
Дәстүрлі демократиялық қоғамға сай тетіктер жұмыс істемеген соң, олардың орнын жұмыртқа лақтыру секілді әрекеттер басады.
Сондықтан тек қана халықтан «Сіздер, құқықтық алаңда болыңыздар, заңды бұзбаңыздар» деп талап ету жеткіліксіз. Ол үшін халықтың мұңын естіп, мүддесін ескеріп, талап-тілегін өтеу керек.
Фейсбук әлеуметтік желісінің Зарина есімді қолданушысы жазған пікір:
- Кешеден бері ФБ-да министр Серік Әбденовтің "потому что, потому что" деп, бірнеше қайталап айтқан сөзін мазақ етушілер көбейді. Тапсырма орындаушы министрдің "зейнетақы реформасын" қолдаушы емеспін. Бірақ, біріншіден, микрофон министрдің алдында тұр, соның даусы анық жазылған да, ал залдан оның сөзін бөліп айғайлап жатқандардың дауысы естілмей қалған. Екіншіден, мәселе мүлде басқада. Неге қазақ министр орысша дұрыс білмегені үшін айыпты болуға тиіс?! Егер, ойын қазақша жеткізетін болса, қанша шаласауат адам болса да, дәл бұлай тұтықпас еді. Әншейінде "қазақ" деп ұрандататын ағайын Әбденовтің алдында министр болғандардың бірі Гүлжан Қарақұсова "үш есе" дегенді "үш кесе" деп сөйлегенде, неге осындай шу көтеріп, қазақша білмейді деп мазақтамады? Сондықтан, жұрт "Министрлер тек қана қазақша сөйлесін!" деген ұран тастап, соны тереңірек талқылау маңызды сияқты.
Abai.kz