Сенбі, 23 Қараша 2024
Депутаттық сауал 2041 5 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 12:45

Ұлттық киноның тағдыры кімнің қолында?

«Ақ жол» фракциясының Вице-премьер А.Көлгіновке, Мәдениет министрі А.Ораловқа депутаттық сауалы.

Автор - Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса

ҚР Мәдениет министрлігінің Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан шу шықты! Өйткені, Ұлттық киноны қолдау  орталығы 2023 жылғы мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер 153 киножобаны конкурстық іріктеуге қатыстырмай, құжаттарын қабылдамай тастады. 283 жобадан қабылдағаны тек 130-ы ғана. Сонда 60 пайызға жуығын далада қалдырды. Бұған дейін (2019-2022жж.) Орталыққа келіп түскен киножобалардың 1-5% пайызы қабылданбаса, биыл жартысынан көбін негізсіз қабылдамаған.

Биыл ол он еседен де көп, жартысынан астам болып отыр. Яғни, 153 жоба жобаларды іріктейтін Сарапшылар кеңесіне жете алмай жолда қалып отыр.  Батыраштың балтасына ұшыраған бір емес, 153 жоба өндіріске жіберілер болса, әрқайсысында кемінде 30-60 адам жұмыспен қамтылатынын ескерсек, бұл 5-10 мың адамның тағдыры. Ерекше назар аударатынымыз, бұл  жүздеген жобаның ішінде былтыр Сарапшылар кеңесі «Ең үздік сценарий» деп бағалаған режиссер Азамат Шарғынның «Шырмауық» фильміндей жобалар да қалып жатыр.

Яғни Министрлік тоқтау салып, әділеттілік орнатпаса, Ұлттық киноны қолдау орталығы осылай Ұлттық киноны қорлау орталығына айналып кетпей ме? Бұл Мәдениетті қолдауға баса назар аударып отырған Президент Тоқаевтың Әділетті қазақстан саясатына қарсы жасалып отырған саботаж деуге болады. Өйткені, қай жобаның деңгейі қандай екеніне бағаны құжат қабылдайтындар емес, сарапшылар кеңесі беруі керек.

Бізге келген, бір топ киногерлер қол қойған  арызға қарасақ, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы:

1. Өзінің шығарып алған ішкі ережесін өзгертіп тастап, ҚР үш заңын бұзып отыр – «Бәсекелестік туралы» заң, «Кино туралы заң» және «Тіл туралы» заң; Егер Орталық секілді әркім өз білгенін істеп, өзінің ережесін жасап алып, заңымызды белден басып отырса, онда Парламент не үшін бұл жерде заң шығарып отыр?!

2. Хаттама (протокол) жүргізілмеген – Орталықтың жауапты қызметкерлері іріктеу бойынша ешқандай хаттама жасамаған.  Бұл өрескел заң бұзушылық, және кері қайтарылған 153 жобаның әділ шеттетілгеніне күмән туғызады.

Олардың хабарламаларында көп қателіктер бар. Ережелердің баптары сәйкес емес немесе фильмдердің түрлерін шатасып жіберген. Мысалы, көркемсуретті  фильмді «анимациялық» фильммен шатастырған. Уақытында тапсырылған және тіркеу журналда тіркелген жобаның иесіне «сіздердің жобаңыз қабылдау мерзімінен кейін түсті» деп жауап жазылған.

3. Арызда жазылғандай, Киноны қолдау орталығында – бірде-бір кино саласының маманы жоқ. Бұл «ауруханада бір де бір дәрігер жоқ» дегенмен бірдей сұмдық емес пе?! Киноларымыздың шалажансар болып, өлмелі күйде болатыны да сондықтан.

Яғни, Киноөндірісте кәсіби біліктілігі жоқ мамандар жұмыс істейді. Соның негізінде қателіктер мен түсініспеушілік жиі орын алады дейді арызданушылар.

4. Ашық қорғауға өткен 130 жобаның ішінде, жұртқа мәлім болғандай 10-шақты жобаның құжаты тура өтпей қалған жобалардың құжатындай толтырылған дейді хатта. Бірақ, соған қарамастан, қабылданған. Бұл дегеніміз, жобалардың қабылдануы тамыр-таныс, бармақ басты, көз қыстымен, алдын-ала келіскен жүйеде өтті деуге негіз бар.

5. Құжат қабылдау кезеңінде ішкі ведомствоаралық ережелерді өзгерту туралы бұйрық қабылданған (10.03.2023ж. №71 бұйрық), алайда Орталық бұл туралы еш жерде ресми түрде хабарламаған. (тәртіпке сәйкес ереже өзгерістері құжаттарды қабылдау күніне дейін болуы қажет. Ал Құжаттар қабылдау 6 наурыздан басталған. Осы жаңа ережедегі өзгеріс құжаттарды кері қайтаруға бірден-бір себеп болған.

Жоғарыда келтірген дәйектер негізінде қоғамда резонанс тудырып отырған бұл жағдайдан шығудың мынадай жолдарын ұсынамыз:

1. Тәуелсіз жұмыс тобы құрылып, Орталық өткізген іріктеу нәтижесі бойынша, жобалардың құжаттарына тексеріс жүргізілсін;

2. Келешекте мұндай жағдай мен қарама-қайшылықтар орын алмас үшін, біркелкі ашық жүйе жасалсын. (іріктеу шарты туралы ұсыныс бар).

Үміткерлерді Іріктеу ережесі мен қағидаларына ұсыныстарды жазбаша жібереміз.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371