Шәріпхан Қайсар. Марченко тағы былықтырмақшы
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко еліміздегі барлық банктердің электронды ақша айналымын, яғни төлем карточкалары мен банкоматтық жүйесін басқаратын орталықтандырылған жалғыз оператор құруды ұсынуда. Бұл туралы www.nuradam.kz сайтында «Секретное письмо Марченко президенту Назарбаеву» атты мақалада жан-жақты айтылған. http://www.nuradam.kz/ru/news/pablicity/2013/May/361.
Осы уақытқа дейін ойына келгенін істеп, талай істі былыққа батырған Марченконың орталықтандырылған жалғыз оператор құру туралы ұсынысы тағы да қолдау тапса, нәтиже қандай болмақ? Сұраққа жауап беріп көрейік.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко еліміздегі барлық банктердің электронды ақша айналымын, яғни төлем карточкалары мен банкоматтық жүйесін басқаратын орталықтандырылған жалғыз оператор құруды ұсынуда. Бұл туралы www.nuradam.kz сайтында «Секретное письмо Марченко президенту Назарбаеву» атты мақалада жан-жақты айтылған. http://www.nuradam.kz/ru/news/pablicity/2013/May/361.
Осы уақытқа дейін ойына келгенін істеп, талай істі былыққа батырған Марченконың орталықтандырылған жалғыз оператор құру туралы ұсынысы тағы да қолдау тапса, нәтиже қандай болмақ? Сұраққа жауап беріп көрейік.
Мен, әрине, банк саласының маманы емеспін. Солай десек те қазіргі уақыттың өзінде банк жүйесінің жұмысы электронды ақша айналымына тікелей тәуелді. Тіпті банктердің жұмысының негізі деуге болады. Енді алдағы аз жылдарда дамыған шет елдердегі сияқты қолма қол ақшаны ешкім қолына ұстамайтын болады. Қазіргі күннің өзінде адамдар айлық жалақысын карточка арқылы банкоматтан алады, тауарды да банктык карточка арқылы төлейді, несие алу, оны өтеу де банкоматтар арқылы жүзеге асырылады. Демек, егер банктерден банкомат және карточка жүйесін тартып алса, ол банктердің ары қарай қалай жұмыс істейтінін елестетудің өзі қиын. Ол отандық қаржы жүйесіне орасан зор қиындықтар әкелуі ықтимал.
Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, жеке меншік банктердің негізгі қызмет түрін тартып алу олардың билікке тікелей тәуелділігін туғызады. Соның салдарынан банктер арасындағы бәсекелестік, қаржылық даму тоқтайды немесе бәсеңдейді. Оның арғы жағында халыққа сапалы қызмет көрсету мәселесі жатыр...
Үшіншіден, орталықтандырылған жүйе банк саласында қызмет ететін мыңдаған адамның жұмыссыз қалуына әкеліп соқтырады. Бұл онсыз да қиын кезде әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне апаратын жол.
Ең негізгісі ертең әлемдік қаржы дағдарысы тереңдеп, долларға тәуелді Қазақстан экономикасы әлсіресе, соның салдарынан қаржы тапшылығы туындаса немесе Ұлттық банк бұл қызметті ойдағыдай жүргізе алмаса, Г. Марченко мырза Президентке тағы бір хат жазып, орталықтандырылған жалғыз операторды басқаруды шет елдік қаржы институттарына беруге ұсыныс жасауы мүмкін. Ал, бұл мемлекет қауіпсіздігіне барып тірелетін мәселе екені айтпаса да түсінікті.
Осыған дейін мемлекет бірнеше банкті басқаруына алып, оларға мол қаржы салғанына қарамастан мәселені шеше алмағанын білеміз. Жиырма жыл бойы қалыптасқан банктік жүйені бұзу, жеке меншік, коммерциялық банктерді күшпен мемлекет басқаруына беру - жақсылыққа алып бармайды. Осыған байланысты Григорий Марченконың бұл ұсынысының тигізер салдары туралы банк, қаржы саласының мамандары, сарапшылары ойланып, сараптамалар, зерттеулер жүргізіп, өз ойларын, ұсыныстарын бергені жөн.
P.S.
Жалпы өзі Марченко - былығы көп адам. Ол алдымен бір реформаны қолға алады. Ол шаруа аяғына жетіп, нәтиже бермей жатып көпіріп мақтанады. Жұртқа мадақ айтқызады. Бір кездері ол еліміздегі Зейнетақы қорлары туралы қомпаңдап сөйлеп жүрген. Банк жүйесін де мақтаудан жалықпайтын. Қазақ банктерінің кереметтігіне шәк келтіретіндер болса, сақалын сыпырып тастауға да дайын екендігін айтып сарнайтын. Ақырында міне, «сақал түгіл мұрт та жоқ»: Марченко бәрін даттап, бәрін жоққа тән етіп шыға келді. Енді қайдан естіп білгені белгісіз, әйтеуір жаңа бір іске ден қойған сияқты. Қазақстан міне, 20 жылдан асты реформалар мен эксперименттерден көз ашпай келеді. 20 жыл оңай уақыт емес. Эксперименттер өтіп, реформалар тұрақтайтын кез болды. Тұрақтанған реформаның өзі - нәтиже. Сол нәтижені талқандап бұза беру бұл күнде марченколардың ермегіне айналып бара жатқан сияқты...
Abai.kz