Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4641 0 пікір 22 Мамыр, 2013 сағат 08:01

Айша Үсен. Студенттер қалай тамақтанып жүр?

Студенттер қалай тамақтанып жүр? Асханалардағы тамақтың бағасы студенттердің қалтасына сай ма? Алдымен  осы сұраққа жауап беріп көрейік.

ҚазҰУ журналистика факультетінің асханасында мәселен, біріншіге берілетін лағман 300 тг, ботқа 200 тг. Ал екіншіге берілетін мантының 1 талы 70 тг болса, палау 300 тг, котлет қосылған күріш ботқасының құны 400 тг. Сүтті шай 40 тг, сүтсіз шай 30 тг, тіпті қайнаған су 10 тг, самса 90 тг, гамбургер, пицца 150 тг. Аспазшы Кәмшаттың айтуынша,барлық тағам түрі Қазақ Америка университетінен дайындалады екен. Асханаға осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері келеді. Мәселен, лағман, палау, ботқа сынды тағамдар аламыз, себебі олар арзан және студенттер осы тамақ түрлерін жақсы көреді. Жалпы біз бағаны азық-түлікті сатып алуға кеткен шығынға қарай есептеп қоямыз. Асханада шошқа етінен жасалған тағамдар сатылмайды,-деді.

Студенттер қалай тамақтанып жүр? Асханалардағы тамақтың бағасы студенттердің қалтасына сай ма? Алдымен  осы сұраққа жауап беріп көрейік.

ҚазҰУ журналистика факультетінің асханасында мәселен, біріншіге берілетін лағман 300 тг, ботқа 200 тг. Ал екіншіге берілетін мантының 1 талы 70 тг болса, палау 300 тг, котлет қосылған күріш ботқасының құны 400 тг. Сүтті шай 40 тг, сүтсіз шай 30 тг, тіпті қайнаған су 10 тг, самса 90 тг, гамбургер, пицца 150 тг. Аспазшы Кәмшаттың айтуынша,барлық тағам түрі Қазақ Америка университетінен дайындалады екен. Асханаға осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері келеді. Мәселен, лағман, палау, ботқа сынды тағамдар аламыз, себебі олар арзан және студенттер осы тамақ түрлерін жақсы көреді. Жалпы біз бағаны азық-түлікті сатып алуға кеткен шығынға қарай есептеп қоямыз. Асханада шошқа етінен жасалған тағамдар сатылмайды,-деді.

Бір қарағанда қолжетімді сияқты болып көрінгенмен, есептей келсек, бір студент түстенуі үшін 400-500 теңге жұмсайды екен. Ал бұндай қаржыны кез келген жастың қалтасы көтермесі анық. Сондықтан студенттер бір самса мен сүтсіз шайды қорек етуге мәжбүр болады. Асқазан ауруы, біріншіден, жүйелі құнарлы тамақтанбағандықтан, екіншіден, күйзеліс пен жүйкеге шектен тыс түскен салмақтың салдарынан пайда болады. Ал күні бойы бір бәлішті қорек етіп жүретін студенттер қауымыныңосы ауруға жиі шалдығатыны айтпаса да түсінікті. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан асқазан ауруына, әсіресе, бірінші курстың студенттері жиі шалдығады. Себебі, үйдегідей үш мезгіл тамақ жоқ, әрі алғашқы айларда оқуға, жаңа ортаға үйренісе алмай қиналады. Ас қорыту жүйесі бұзылған жас ең алдымен жүйелі тамақтанып жүруі керек. Дер кезінде емделмесе, сырқаты асқынып, созылмалы түрде ауысады. Аурудан түбегейлі арылу үшін диета сақтауы қажет, Әсіресе, кеспе, сүт көже секілді сұйық тамақтарды ішіп жүргені жөн. Бұған қоса салауатты өмір салтын ұстанып, шылым шегу, ішімдік ішу секілді жат қылықтардан аулақ болған абзал.

Студенттер не дейді?

Келдібаева Нұргүл, АГТУ 4 курс студенті:
-  Азық-түлік қымбаттаған сайын асханадағы тамақтың құны да өседі. Мәселен, бұрын самса 40-50 теңге болса, қазір 60-70 теңге. Ал ыстық тамақтың бағасы бұдан да қымбат. Түстеніп шығу үшін кем дегенде 500 теңге жұмсауға тура келеді. Егер жолақы мен күнделікті сабаққа қажет кітаптардың көшірмесіне кететін шығынды есептемесек, тек қана тамаққа айына 15000 теңге жұмсайды екен. Пәтер жалдап немесе жатақханада тұратын студенттерге тіпті қиын. Олар ыстық тамақтың орнына «Роллтон», «Биг Бон» секілді дайын кеспелерді ішеді.

Каиров Дастан, ҚазҰАУ 2 курс студенті:
-  Ең бастысы уақыттың жетіспеушілігі. Әр оқытушы әр түрлі емес пе. Апайымызға қарным ашып тұр асханаға барып келейінші десең түсінбейді, содан сабақ біткенше ішің ауырып отырады, оқытушының лекциясы құлағыңа кіріп шықпайды. Асханаға студенттердің бәрі бара бермейді, әркім қалтасына қарай тамақтанады. Жастардың 80 пайызы тез дайындалатын «Роллтон» мен қытай кеспесін ішетіні де жасырын емес. Бұл біріншіден, студенттердің әлеуметтік жағдайына,екіншіден, уақыт жетіспеушілігіне байланысты.

Өміртасова Жанна, ҚазҰУ 3 курс студенті:
- Студенттердің басым бөлігі таңертең тамақ ішпейді. Бұл әдетке айналып кеткендіктен ішуге тырыссаң да батпайды. Сондықтан лекция кезінде қарнымыз щұрқырап отырады. Тамақтануға уақыттың жетіспеушілігінен, сонымен қатар асханамызда орын аз болғандықтан самса, учпучмак, бутерброд жеуімізге тура келеді. Сонымен қатар, асханамыздағы тамақтың бағасы жоғары, әр студенттің  жақсылап түстенуіне ақша жетпейді, ал ақша таусылған күндері асханаға тіпті бас сұқпаймын.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары фаст фуд, яғни тез тамақтану  үрдісі біздің де елде етек жайып барады. Ал бұлардың ағзаға зиян екенін бәріміз жақсы білеміз. Сол себепті, дұрыс және де уақытылы тамақтануға тырысайық!

ТАМАҚТАНУ. ОЛ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Ішкен тағамдар ас қорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға және лимфаға түскеннен соң, белоктардан-амин қышқылдары, майлардан-глицерин және май қышқылдары, гликогеннен-қанттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энергетикалық заттар синтезделіп отырады. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей: 1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатынасының үйлесімді балансын сақтау; 2)дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды тамақтану-ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қорытылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді. Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді. Тәуліктік тамақ құрамында қоректік заттар теңестірілген түрде болуы керек. Айрбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгеніжөн. Тағам ішіндегі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және салмағына сай келуі керек. Егер біз дұрыс  тамақтанатын болсақ, онда еске сақтау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз көтеріле түсетінін сөзсіз. Салауатты өмір салтының басты құрастырушысының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Халықтың басым бөлігі өздерінің денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Уақыттың жетіспеушілігі, тамақтану мәдениетін жете білмейтіндігі, қазіргі заманғы өмір сүру қарқыны-осының барлығы азық-түлік таңдауда қиыншылықтарға алып келді. Студенттер арасында тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдар санының көп болып кеткені алаңдатады. Өкінішке орай, соңғы жылдардың статистикасы бойынша, жастар арасында артық салмақтан, жүрек қан тамырларының ауруларынан, қант диабетінен және т.б. зардап шегушілердің саны көбеюде. Әрине, бұл аурулардың алдын алуға болады, ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып және ең бастысы дұрыс тамақтану қажет.

Студенттік кезең өте қызық және жүйке жүйесінің қарқынды жұмыс істейтін дәуірі. Ұйқының қанбауы, күн тәртібі және демалу режимінің бұзылуы, уақытылы тамақтанбау және күнделікті ақпараттық жүктеме жүйкен психологиялық күйзеліске алып келуі мүмкін. Осындай теріс жағдайдың «өтемақысы» дұрыс тамақтанбау болып табылады. Көп жағдайда студенттер ретсіз, жол-жөнекей, құрғақтай, күніне 1 ғана уақыт ыстық тамақ ішеді және көпшілігі асхана қызметін қолданбайды. Студенттер тағамдарында басым бөлікті көмірсулар алады, себебі олар арқылы қуат шығындарын толтыру жеңіл. Ағзаның дұрыс өмір сүруі үшін балансталған тағаммен бірге: ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер, микроэлементтер түсіп отыруы абзал. Тағамның калориясы ағзаның қуат шығынына сәйкес келуі өте маңызды, бұл ретте оның бойы, жасы, салмағы және күнделікті дене белсенділігі, ақыл-ой және эмоционалды жүктемелері ескеріледі. Ағзаның жалпы қалпы, оның белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі тамақтану режиміне байланысты. Тәулігіне 3- реттен аз тамақтанбау қажет және тамақтану уақытын күнделікті сақтаған абзал. Емтихан уақытында тамақ құрамына қосымша 10-15г өсімдік майын табиғи күйде қолданған жөн, ол салаттардағы дәрумендер топтамасын айтарлықтай арттырады және жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады. Ірімшік және қышқыл сүтті сусындар құрамындағы сүтті ақуыз күйзеліс деңгейін төмендетеді. Қажудан құтылып шығуға көк шай мен бір қасық бал және жарты лимон шырыны көмектеседі. Дәрігерлердің айтуы бойынша, уақытында тамақтанбау адамның есте сақтау қабілетін нашарлатады. Әсіресе таңертеңгілік тамақ ішу керек. Алайда студенттердің көпшілігі сабаққа үлгеруі үшін және  кішкене болса да ұйықтай түсу үшін таңғы асты тәрк етіп кететіні белгілі. Түске таман қарны шұрқырап отырып лекция тыңдаған студент сыртқа шыққан бойда  дәрісті ұмытып қалады.  Сондықтан тамақтану мәселесіне дұрыс көңіл бөлген абзал.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371