Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4215 0 пікір 30 Мамыр, 2013 сағат 09:22

Еуропа қазақтары: Коррупция жойылса, Қазақстаннан керемет ел жоқ!

Еуропа қазақ қоғамдарының өкілдері: Юнусбек Тораман (Берлин), Шұғайып Ерол (Келн), А.Аюби (Дания), Әлия (Америка), Бекир Зенгин (Голландия), Селчух Чакрах (Норвегия), Алтынай (Ресей), Бешерхан Малабахан (Берлин), Ақмарал Әмірқұлова (Белгия), Құрбанәли Гулен (Франция), Садия Сурер (Германия),  Исмайыл Кесижи (Ұлы Британия),  Нураман Аюби (Дания), Махмұт Башташ, т.б.

abai.kz порталы ұйымдастырған арнайы дөңгелек үстелде Еуропадағы қазақ қоғамдарының басшыларымен төмендегі үш сұрақ төңірегінде ой бөлістік.

  1. Қазақстанның қазіргі жағдайына, бағыт-бағдарына байланысты не айтасыздар?
  2. Өздеріңіздің қазіргі жағдайларыңызға көңілдеріңіз тола ма?
  3. Еуропа қазақтары мен атажұрт арасындағы байланыс, шетелдегі диаспора мәселесі.

 

Абдулхаюм Кесижи, Еуропа қазақтары қауымдастығы федерациясының төрағасы:

– Қазақстан қай-қашанда бар қазақтың атажұрты. Осылай басқосуымыздың өзі Қазақстанның тәуелсіздігінің арқасы. Қазақстанның Орта Азияның көшбасшысы болуға ұмытылған қадамы бізді қуантады. Халықаралық іс-шаралар мен беделді ұйымдарға төрағалық етуі де үлкен жетістік.  

Еуропа қазақ қоғамдарының өкілдері: Юнусбек Тораман (Берлин), Шұғайып Ерол (Келн), А.Аюби (Дания), Әлия (Америка), Бекир Зенгин (Голландия), Селчух Чакрах (Норвегия), Алтынай (Ресей), Бешерхан Малабахан (Берлин), Ақмарал Әмірқұлова (Белгия), Құрбанәли Гулен (Франция), Садия Сурер (Германия),  Исмайыл Кесижи (Ұлы Британия),  Нураман Аюби (Дания), Махмұт Башташ, т.б.

abai.kz порталы ұйымдастырған арнайы дөңгелек үстелде Еуропадағы қазақ қоғамдарының басшыларымен төмендегі үш сұрақ төңірегінде ой бөлістік.

  1. Қазақстанның қазіргі жағдайына, бағыт-бағдарына байланысты не айтасыздар?
  2. Өздеріңіздің қазіргі жағдайларыңызға көңілдеріңіз тола ма?
  3. Еуропа қазақтары мен атажұрт арасындағы байланыс, шетелдегі диаспора мәселесі.

 

Абдулхаюм Кесижи, Еуропа қазақтары қауымдастығы федерациясының төрағасы:

– Қазақстан қай-қашанда бар қазақтың атажұрты. Осылай басқосуымыздың өзі Қазақстанның тәуелсіздігінің арқасы. Қазақстанның Орта Азияның көшбасшысы болуға ұмытылған қадамы бізді қуантады. Халықаралық іс-шаралар мен беделді ұйымдарға төрағалық етуі де үлкен жетістік.  

Айта кетерлігі, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы жыл сайын іргесін кеңейтіп келе жатыр. Яғни әр елдегі қазақ қоғамдары бізбен бірлесіп, бір мақсат төңірегінде жұмыс жасауға ниет байлап отырмыз. Алла қаласа алдағы күнде тек Еуропадағы ғана емес әлемдегі қазақ диаспорасының басын қоссақ деген ойымыз бар. Дүниежүзіндегі бар қазақ бір шаңырақтың, бір ұйымның төңірегінде топтассақ, алатын асуымыз әлдеқайда биік болады деп сенеміз. Егер Қазақстан тарапынан лайықты қолдау болса Дүниежүзілік қазақ диаспорасы І жастар конференциясын өткізу жоспарымызда бар. Бұл бүкіл әлемдегі қазақ диаспорасын біріктірудің алғашқы қадамы болар еді.

Біз дүниежүзінің қай түкпіріндегі қазақ болса да, оның меншікті мекені Қазақстан деген декларация қабылдадық. Қазақ елі үшін, Алаш мүддесі үшін бірігем деген кез келген қаракөзді өзекке теппейміз. Біздің қолымызда тұрған үлкен мүмкіндігіміз, үлкен қаражатымыз жоқ. Осындағы жігіттердің Алла ризашылығы үшін елім деп, жерім деп ерікті түрде жасап жатқан жұмыстары.

Исмайыл Кесижи(Ұлы британия):

– Дүниенің қай түкпірінде жүрсек те, Қазақстан егемендік алған соң еңсеміз көтерілді. Біз Қазақстанның ішкі саясатына араласпайтын, сыртқы саясаттағы жетістіктеріне қуанатын қазақтармыз.

Махмұт Башташ(Түркия):

– Ең үлкен мәселелердің бірі Қазақстаннан Еуропаға келген іні-қарындастарымыздың орысша сөйлейтіндігі дер едім. Тіпті қазақ елінің өзінде жастардың көбінде орысша сөйлейтініне куә болып жүрміз. Басқа ұлттарға күйеуге шығып жатқан қаракөз қарындастарымызды көргендеде жүрегіміз ауырады. Әсіресе, қазақ қыздарының қытайлармен үй болуы бізді алаңдатады. Енді 50 жылда Қазақстандағы кейбір облыстарда қазақтар саны қытайлардан аз болып қалмаса болғаны...

А.Аюби(Дания):

– Қазақстанның жалпы жағдайы жақсы. Өйткені егемендік алған кездегі Қазақстан мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Дегенмен біз Қазақ елі туралы пікір айтқанда үнемі шағын мемлекеттермен салыстырмай дамыған жұртпен қатар қойып көруіміз керек. Дос жылатып айтады. Шынын айтсам мен тұратын Данияның деңгейіне жету үшін қазіргі Қазақстанға 500 жыл қажет сияқты. Бір ғана мысал айтайын, бұрынғыдай емес біз қазір отанымыз Қазақстан деп мақтана алмайтын болдық. Қазақстан деген сөз шыға қалса жат жұрттықтар «Коррупцияны, Кедендік одақты» атайтын болды. Яғни бұл мәселелер қазақ елінің имиджін жыл сайын төмендетіп барады. Шығыс Қазақстанда бір танысым «Дания ауыл-шаруашылығы дамыған ел, сен маған көмектес, мен мал шаруашылығын өркендетейін» деп жанымды қоймай жүретін. Жақында хабарлассам, «Біз ет сатпақ түгілі, Белоруссияның етін сатып алуға көштік» деп қынжылып отыр. Сөйтсе, Ресей Белоруссияның ет өнімдерін экспорттауға субцидия беретін көрінеді. Соның салдарынан Қазақстанның ет өнімдері баға тиімділігінен айырылып қалыпты. Мұның өзі Қазақстан экономикасының кері кеткенін көрсетеді.

Ақмарал Әмірқұлова(Белгия):

– Қазақстан жетім балаларды шетелге беруді тоқтату керек. Бір ғана Белгияның өзінде 500-ге жуық Қазақстаннан асырап алған жетім балалар бар.

Біздің білуімізше, осында отырған көпшіліктеріңіздің ата-бабаларыңыз кезінде орыстың, қытайдың қуғын-сүргініне ұшырап, ұлттық болмысты жоғалтпау үшін, ұрпағын аман сақтап қалу үшін шетел асқандар. Ал сол бабаларымыздың арманы, мақсат-мұраты орындалды ма? Сіздердің ұрпақтарыңыздың бүгінгі жайы алаңдатпай ма?

Махмұт Башташ(Түркия):

– Жасыратыны жоқ, Еуропадағы бүгінгі қазақ ұрпағының тіл мәселесі өте күрделі болып отыр. Өзінің қазақ екендіктерін біліп, өз ұлтын қанша жерден мақтан етседе, көбі ана тілінен мақұрым қалуда. Осы құрылтайдың басты мақсаттарының бірі де осы жастар үшін.

Қызырқан Шолпан(Вена):

– Қазіргі тілін жоғалтып бара жатқан ұрпағымыздың жайына қарап, біз тас басып, ту асқан ата-бабаларымыздың аманатын толықтай жүзеге асырып жатырмыз деп айта алмаймыз. Міне осындағы қазақ қоғамдарының басшылары өздерінің ұлттық намысы, қазақшылдығының арқасында жыл сайын құрылтай өткізуге атсалысып келеді. Олар Қазақстандағы сияқты мемлекеттен қаржы алып, қол астындағы қызметкерлерін жұмсап отырған жоқ. Бәрі де өз күшімен, өз қалауымен қызмет етіп отыр. Ал тіл мәселесіне келсек, меніңше ең алдымен әркім өз отбасынан бастау керек. «Есікті жап, терезні аш» деген сияқты екі ауыз сөз болсада жас баланың құлағында қалады. Екіншіден, Қазақ елі «Бал дәурен» бағдарламасы бойынша Еуропадағы қазақ балаларын да атажұртына апарып тұрса нұр үстіне нұр болар еді... Жалпы, қарым-қатынасымыз күшейіп, қазақ елімен қыз алып, қыз берісетін жағдайға жетсек тіптен құба-құп.

Әбдулхаюм Кесижи:

– Қазақ тілі ең алдыменен өз елінде, өз жерінде, өз ортасында тиісті мәртебесін алуы керек. Егер қазақ тілі Қазақстанда сыйланса, шын мәніндегі мемлекеттік тіл болса, атажаұртымыздағы әр азамат қазақ тілінде сөйлесе бұл бүкіл әлемдегі қазақ тілінің мәртебесін көтерер еді.

Біздің балаларда атажұртқа деген сағыныш, сезім аса жоғары. Тіпті кейбіреуі қазақша сөйлей алмаса да, «қазақпыз» айтқанды мақтаныш етеді. Жастарымыз әртүрлі мамандықтарды өте жақсы меңгеріп жатыр. Еуропадағы қай-қайсы мемлекетте болса да қоғамның әр саласында табысты қызмет етіп жатқан Алаш ұрпақтары аз емес. Сөз ұстаған ақын-жазушылардың да қатары көбейді. Қай тілде жазсада, бір қуантарлығы - олардың жалғыз тақырыбы бар. Ол – атамекен, отан, Қазақстан.

Сафие Сүрер (Берлин):

– Қазақ елі өзі мұрындық болып Еуропадағы қазақ қоғамдарына тиісті орынжай алып берсе, жыл сайын қазақ тілі мұғалімдері келіп осындағы қазақ балаларына сабақ берсе бұл үлкен жетістік болар еді.

Әбдірахман (Мюнхен):

– Қазақстандағы телеарналардың тіл шұбарлығы шетелде қарап отырған біздер үшін ең қиын жағдай. Ал менің ұсынысым – Қазақстандағы «Балапан» арнасын шетел қазақтарының көруіне мүмкіндік жасауы керек. Менің екі балам өсіп келе жатыр. Солар «Балапан» арнасын көрсе тілін де, дәстүрін де ұмытпайды деп ойлаймын.

Қазақстан жас мемлекет. Ендеше, әлемнің қай түкпірінде жүрседе 18 жасқа толған әрбір қазақ азаматы өз Отанының гүлденіп-көркеюі үшін қызмет етуге міндетті, қарыздар. Сіздер осы пікірмен келісесіздер ме?

Әбдірахман (Мюнхен):

– Айтқаныңыз дұрыс. Бірақ Қазақстанға барып, кәсіпорын ашамыз деп барғандар неше түрлі кедергілерге тап болып, көп қиыншылық көріп, ең соңында қайтып келгендері де бар. Онда коррупция мәселесі мүлдем шешілмеген. Бұл мәселе шешілмей Қазақстан Қазақстан бола алмайды.

Қызырқан Шолпан (Вена):

– Еуропадағы 10 мың қазақ Қазақстанға барып, жан санын арттырмасада өз әлдерінше үлес қосып келеді. Бір ғана мысал, Еуропада Қазақстан туралы қандай да бір жағымсыз ақпарат тараса, біз қазақ қоғамдары атынан өз пікірімізді білдіріп, атажұртымыздың абыройы үшін шыр-пыр боламыз. Яғни біз Қазақ елінің Еуропадағы қалқанымыз, оққағарымыз.

Менің ойымша, Еуропада жүрген әр қазақ өзіне жауап беріп, Қазақстанның атына кір келтірмей жүрсе оның өзі үлкен мәретебе. Ал, аз-кем жасалынған жұмыстарды біз үлкен үлес деп айтпаймыз. Мысалы, өткен жылы біз Австриядағы түрік федерациясымен қосылып, Қазақстанда құрбан акциясын жасадық. 15 сиыр, 50 қой құрбан шалып, әртүрлі топтағы азаматтарға таратып бердік. Бұл енді біздің азаматтық борышымыз.

Юнусбек Тораман (Берлин):

– Түркиядан барып, Қазақстанға еңбек етеміз деген қазақтың бірі біз едік. Алғаш барып жер сатып алып, кірпіш завотын салдық. Қалай жұмыс басталды, солай жемеңқорлық басталды. Әрбір камаз кірпіш санауда тұрды. Жұмысшыларды ұстап әкетіп, ақша талап етті. Айналып келгенде жұмыс істеуімізге мүлдем мүмкіндік бермеді. Ат басын артқа бұрдық.

Исмайыл Кесижи (Ұлы британия):

–  Еуропадағы қазақтың басты миссиясы осы жақта өсіп-өну, болашақта қазақтың бір отауы болып отыру. Ол үшін Қазақстан диаспора саясатын дамыту керек.

Әбдулхаюм Кесижи:

–  Өзге халықтар сияқты Қазақстанның да Еуропада лоббистері болу керек. Оның негізі біздер. Жалпы, Қазақстан тарапы қазір Еуропада әртүрлі салада қызмет жасап жүрген қазақ жастарының мүмкіндігін пайдалануға күш салғаны жөн.

Дөңгелек үстелді жүргізген - Біләл Қуаныш

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328