Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін 1021 0 пікір 25 Маусым, 2023 сағат 12:42

Қазақстан барша конфессияның сеніміне тосқауыл қоймайтын қоғам құрды

Абай облысындағы Бородулиха ауданындағы Новопокровка ауылық мешітінің имамы Тағала Тұрсымұлымен жүздесіп, еліміздегі дін саясаты һәм елішілік ұлтаралық келісімнің жай-жапсары төңірегіндегі сауалдарымызды қойған едік. Енді соны оқырман назарына ұсынып отырмыз.

– Дін саласындағы саясатты, қоғамдық және ұлтаралық келісім жайлы сөз етсеңіз?

– Сіздерге беретін сұхбатымды, ең әуелі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары БАҚ беттеріндегі сұхбаттарындағы дін туралы айтқан ой-пікірлеріне ден қояр болсақ:  «Халқымыз мың жылдан астам уақыттан бері мұсылман өркениетінің құрамына кіреді. Ислам елімізде діннің, мәдениеттің, білім мен ғылымның өркендеуіне оң ықпал етті. Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сынды шығыс Ренессансындағы ұлы ғалымдар мұсылмандық ізгілік дәстүрлерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп бастаған қазақ халқының рухани дүниесі Ислам ағартушылығы шеңберінде қалыптасты.

…Ислам амалсыздық пен фанатизмді жоққа шығарып, қарсыластарды татуластыруға және қайшылықтарды бітімгерлік жолмен шешуге ұмтылады. Қасиетті Құран Ислам негіздеріне қарсы келмейтін басқа дін ілімдеріне төзімділік танытуға, өзге мәдениеттердің көріністеріне құрметпен қарауға шақырады.

…Ілім тұрғысынан ұшталған Исламды дамыту үшін қазақстанның барлық мүмкіндіктері бар. Біз прогресс, бейбітшілік және әділеттілік, дін мен адамгершілік құндылықтарды құрметтеу, толеранттылық және басқа дін ілімдерінің өкілдерімен тату көршілік қағидаттарында қоғамды құрудың лайықты үлгісін барша әлемге көрсетуге қауқарлымыз» деген асыл ойларынан бастағым келіп отыр.

Тәуелсіздік алысымызбен ұлтымыздың рухани жаңғыруы орын алды. Алаш қауы бабалар дініне бет түзді, мойын бұрды. Елімізде тек біздің қазақтар ғана емес, басқада көпшілік қауым өздерін мұсылман санайды. Осы басым көпшілік исламды басқа ұстанушылары аз өзге конфессияларға қарағанда республикамыздығы басты дінге айналдырып отыр. Өз басым мұсылман ретінде өзге отандастарымыздың діни ұстанымына шәк келтірмеймін, қайта бәріне имани кеңпейілдікпен қараймын. Бұл бір ғана менің емес, өзгеде мұсылман жамағаттардың ұстанымы болып табылады.

Заманауи Қазақстан барша конфессиядағылардың наным-сеніміне тосқауыл қоймайтын қоғам құруға бет түзді. Еліміз көп жағдайда дінге бей-жай қарайтын Батыстық үлгілерге мойынсұнбайды. Қазақ қоғамы «баптистер», «евангелистер», «кришнаитер», «маронитер» тағы басқа түп қазығынан тізгін үзген секталық жат ағымдарға тізгінді қолдан бермейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биік мінберлерден таза исламның терроризм мен экстремизммен ешбір байланысы жоқтығын үнемі айтып келеді. «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде бұл өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын» деп осы бағытта не істеп не қоятынымызды айқындап берді.

Бұған дейін мемлекет басшысы: ««Жиһад идеяларын насихаттайтын, экстермизм мен лаңкестік жолымен жүретін радикалды топтар елеулі саяси күшке айналды. Олар мұсылмандардың барлық тарихи кезеңдерде барша дін өкілдерімен диалогқа дайын болғандығын және ешкімге зиян келтірмегенін естен шығарған. Ислам әлемінің оқшауланып, дамуын тежеуге итермелеуде. Ислам өркениетіне тән алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениет дәстүрлерін мейлінше арттыру қажет.Меніңше, бұл қазіргі заманның ең өзекті пробеламаларының бірі. Себебі қазіргі кезде бірқатар мұсылман мемлекеттері кедейлікпен, халықтың сауатсыздығымен, денсаулық сақтау ісінің артта қалуымен, күрделі демографиялық ахуалымен, лаңкестік сын-қатермен, заңсыз есірткі айналымымен және сыбайлас жемқорлықпен байланысты қиындықтарды бастан өткізуде. Бұл сын-қатерлердің барлығы да имандылық дағдарысынан және әскери-саяси текетірестен алып шығатын пәрменді тетіктерді, идеологиялық әрі моральдық әдістерді іздеуді талап етеді», - деген болатын.

Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндердің съездін өткізіп келеді оған 30 тарта елден дін басшылары қатысып, еліміздегі тату-тәтті діни бірлікті көріп, таңданыстарын жасыра алмағандары өмір шындығы. Е тұрғындарының 80 пайызы өздерін мұсылманбыз деп санайды. Еліміздегі осы мұсылман жамағаты күні бүгінге дейін өзге дінді ұстанушыларға қатысты әсте бір күш көрсету дүмпулерін жасаған емес. Бұл қазақ билігінің зор жетістігі деп санауға болады.

– Жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне діни тұрғыдан қандай баға берер едіңіз?

– Бәріміз білетін бір ақиқат ғылыми-техникалық алға басушылық қай салада болмасын қарыштап дамығанымен дінді адамзат санасынан ығыстырып шығара алмады. Демек, бұл дінсіз қандайда болмасын ғылымның тұл екендігін білдіреді. Бірақ тап осы қай салада болмасын ғылыми-техникалық алға басушылық дін мен замана адамының діни санасына терең өзгерістер енгізіп отырған жайы бар. Осылайша дін заманмен бірге адымдап, өзініи имани шумағын шашуға кірісті.

Осы орайда бұндай күрт өзерісті бетбұрыстан елімізде тыс қалмайды. ХХ-ХХІ ғасырдағы 30 жыл уақыт елімізде өзіндік ерекшелігі бар «діни ренессанс» туғызды. Осы «діни ренессанс» дүмпуі өз кезегінде теріскейдің күнгейі бар деген сияқты теріс тұстарының барлығын танытқанын несіне жасырамыз. Бұндай теріс үрдіспен Қазақ елі бұрын бетпе-бет келмеген еді. Қазақстанда діни ахуал тұрақты болғанымен, деструктивті діни ағымдардың қатарында жүрген жерлестеріміз әлі аз емес.

«Өкінішке қарай, бізде біртұтас бағдарлама жасалмағандықтан, балаларымыз ұлттық дәстүрлі дүниетанымды бойына сіңірмегендіктен, әлбетте ол адамда рухани ваккум пайда болады. Абай атамыз: «Адам баласы дүниеге екі түрлі мінезбен келеді. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам, екіншісі – көрсем, білсем» дейді. Өкінішке қарай, біздің ата-аналарымыз сол баланың «көрсем, білсем» деген жанының құмарлығын қанағаттандырмағандықтан, жанының құмарлығына ерген балалар жат ағымның қармағына ілінеді. Қазіргі кезде мемлекет осының бәрін бақылап, бағдарлап отыр. Бірақ аталған мәселені шешетін кешенді бағдарлама жоқ. Мәселен, бұл мәселені шешкен Түркия сияқты мемлекеттер бар. Олар балаға мектептен бастап, өздерінің бұрынғы дәстүрлі діни өкілдерін, ұлттық дәстүрлі дүниетанымын оқытады», - дейді дінтанушы О.Жәлел.

Бұл арада менің айтпағым Омар Жәлелдің сөзінше, кез келген мемлекетті мемлекет деңгейінде ұстап тұратын ең негізгі фактор – халықтың дәстүрлі дүниетанымы. Мемлекет сол дүниетанымды қорғауы керек. Ал, Қазақстанда бұл тұрғыда проблема баршылық.

Міне осыны қазақстандағы дәстүрлі дін иелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жеңе білуіміз керек.

Көпконфессионалдық жағдайына мұсылмандар түсіністікпен қарайтын болса, өзге елдерде орын алып жатқан діни қақтығыстан қазақ қоғамы аман қалатына сенімім мол. Қазақстан 300 жыл патшалы Ресейдің отары болғаны белгілі. Артынша 70 жыл КСРО құрамында болдық. Ал, қазір еліміз тәуелсіздігін жариялап, зайырлы қоғам құрғанымызда, неоколонализм деген ұғым пайда болды. Бұл дегеніміз – «жер бетінде ұлт жоқ, бәріміз бір мұсылманбыз» дейтін радикалды топтардың идеологиясы. Иә, ұрпағымызды осы ұраншы топтың жетегіне жібермей, елімізде діни тұрақтылықты сақтауға үлес қосу әр мұсылман жамағатының асыл парызы.

 

Сайтхуджа Томирис Маратқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364