Жұма, 22 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 3016 10 пікір 3 Шілде, 2023 сағат 11:55

«Үңгірдегі ұлтшылдық»: Абаев Ресейге елші болды

Сурет: sputnik.kz

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған құжатта.

Дәурен Абаевтың еңбек жолы төмендегідей жалғасқан:

* 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған.

* 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеген.

* 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарған.

* 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

* 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

* 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары.

* 2009 жылдың қазанынан — Қазақстан президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

* 2011-2016 жылғы 6 мамырға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарған.

* 2016 жылдың мамыры мен 2019 жылдың ақпан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.

* 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың мамыры аралығында – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі.

* 2020 жылдың 4 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

* 2022 жылы 11 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

* 2023 жылдың наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болды.

Дәурен Абаев 2021 жылы «Үңгірдегі ұлтшылдық» деген сөзімен қазақ қоғамының наразылығын тудырған. Сол жылдары белсенді Қуат Ахметов бастаған азаматтар ерікті «тіл патрульдерін» құрып, дүкендер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінен «қазақ тілін қаншалықты білетіндерін» тексерген.

Ал сол уақытта ҚР Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып жүрген Дәурен Абаев белсенділердің бұл әрекеттерін айыптай сөйлеп, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен дүкен сатушыларынан қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен әрекетті «үңгірдегі ұлтшылдық» деп бағалаған.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322