Жексенбі, 10 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 2080 5 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 14:24

Энергетика министрлігі қазақ тілін керек етпей ме?

«Өзгенің тіліне өз тілін жығып беретін, намысқа жарымаған сорлы қазақғым-ай, қашан оянар екенсің», - деп Энергетика министрлігіне жазғың келеді. Бірақ олар қазақтың ауыр сөздерін пысқырмайды-ау...

Осы министрліктің қазіргі басшыларының істеген істеріне қарағанда қазақ мемлекетінің мүдесі деген ұғым оларға түсініксіз сияқты. Ендігі үміт журналистерден. Меніңше төменде жазылған мәселені көтеру, шешу қазақ тілінің өркендеуіне септігін тигізетіне және Қазақстанның салаға байланысты мекемелеріндегі қазақ тілді мамандардың құқықтары қорғалатына кәміл сенемін.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17122 болып тіркелді».

Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 алғашқы бұйрығы бойынша, 5-ші тармақтың 39-бабында: «Әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аударманы қоса берумен, конкурстық  өтінімді  мемлекеттік және орыс  тілдерінде ұсынады», - делінген еді. Бұл сөйлемде мемлекеттік тілдің және орыс тілінің паритеті сақталып тұрған. Саналы және мемлекет заң-қағидаларын сыйлайтын конкурсқа қатысушылар сатап алынатын материалдар, қондырғы, құрылғы, аспап, құрал-саймандардың техникалық мәліметтерін, сипаттамаларын, нұсқауларын және сызба-сұлбаларын қазақ тілінде және орыс тілінде ұсынатын. Осындай талап бар кезінде ҚР қазақ тілді азаматтардың мемлекеттік тілде ақпарат алу, танысу, оқу құқығы сақталған еді. Және де бұл талап мемлекеттік тілдегі техникалық ақпарат қорын көбейтуге көп септігін тигізіп тұрған еді.

Алайда, онсызда өз елінде жалтақтаған жетімнің күнін кешіп жүрген қазақ тіліне тағы бір соққы тиді.   Осы  № 196 бұйрыққа Энергетика министрінің міндетін атқарушы 26.05.2022 № 190 бұйрығы арқылы , 5-ші тармақтың 39-бабына: «Әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аударманы қоса бере отырып, конкурстық өтінімді мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынады», - деп, әлеуетті жеткізушілерге  конкурстық  өтінімді  тек бір тілде ғана ұсынуға мүмкіндік беретін  немесе деген шылау сөзді қосты. Ашығын жазғанда, бұл бұйрық күшіне енгеннен кейін, немесе деген шылау сөз арқылы құжаттамалар тек орыс тілінде ұсынылатын болды, содан  мемлекеттік тілдің қолдану аясын азайтып, шектеп, қазақ тілді азаматтар мен мамандардың жұмысына нұқсан келтіріп, тілдік шектеулер мен қиындықтар тудырды. Оған қоса бұл бұйрық, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасындағы тiл туралы ЗАҢЫНЫҢ 2, 3, 4, 7, 8, 10 баптарының талаптарына да қайшы келеді.

Осы қайшылықтарға байланысты мен ЭМ-не екі рет хат жаздым, тіркемедегі қүжаттармен танысуларыңызды сұраймын. Менің 04.05.2023 жылы жазылған № ЖТ-2023-00794200 сұрауыма нақты жауап болмағасын, 27.05.2023 жылы № ЖТ-2023-00947226 шағым жаздым. Шағымыма байланысты 19.06.2023 жылы ЭМ-нің өкілдерімен шағымды «уатсап» арқылы талқылау өткізілді. Талқылау барысында ЭМ-нің заңгері менің мемлекеттік тілде қойған сұрақтарыма мемлекеттік тілде мүлдем жауап бермей, «мне так удобно», - деп, менің сұрақтарыма тек орыс тілінде ғана жауап беріп, менің конституциялық құқтарымды шектеді.  «26.05.2022 № 190 бұйрығымен  немесе деген шылау сөз қандай себеппен қосылды?» деген менің қойған сұрағыма нақты жауап бере алмады.

Жалғыздың үні шықпас деген бар, аталған құжаттағы – «ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 26.05.2022 № 190 бұйрығымен енгізілген» - «мемлекеттік жəне (НЕМЕСЕ) орыс тілдерінде ұсынады» деген өзгерістің күші жойылып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17122 бекітілген - МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ҰСЫНАДЫ, - деген нұсқасын қайтадан күшіне енуіне ықпал етулеріңізді өтінемін.

Есжан Нартай Сейтбахиұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1158
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2653
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2687