Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 3199 6 пікір 15 Шілде, 2023 сағат 15:05

Қазақ аудармасы мен кітабының бағын қалай жандырамыз?

Сурет: Әлеуметтік желіден...

10 шілде күні Біржан Ахмердің «Көзіңдегі көктем» өлеңдер жинағына қатысты «Құдай дарытқан ғажап байлықтың иесі» атты әдеби-сыни мақаламыз сайтымызда шыққан болатын. Оқырман жұрт жылы қабылдады.

«1» деген пікір қалдырушы «Фолиант» баспасынан шығыпты. Құтты болсын. Мемлекет тіркеуінде мыңдаған баспалар бар. Таңғаламыз-ау, Мәдениет министрлігі қаламгерлердің кітаптарын шығаруда осындай «Фолиант», «Арыс», «Өлке», «Алматы кітап», «Аруна», «Нұрлы әлем», «Өнер» т.б. баспаларын мемлекеттік тапсырыспен шығатын лоттарға (тендерге) неге қатыстырмайды екен.Мұны кім тексереді! Автор, осы жағын жазыңыз» деп өтініш айтқан екен.

Енді осы өтінішті орындайтын кез келді.

Қазақ кітабының оқырманға жетуі мүмкін болмай қалды десек артық айтпаймыз. Жұрттың бәрі «ойбай, КСРО құлаған соң, бұрынғы кітап тарату жүйесі мен кітап дүкендері жекенің қолына көшіп, бәрі құрыды» деп қара аспанды төндіреді. Шынымен солай ма!?

Баспалардың ішінде мемлекеттік тілде ғана кітап шығаратындарын барша салықтан босату керек. Тендерді жойып, әр облыстың ішкі мүмкіндігі мен шығармашылық әлеуетіне қатысты еліміздегі 20 мыңға жуық кітапхананы кітаппен қамтамасыз етуін менеджерлікпен жолға қоюға қол жеткізу қажет. Бұл – бір.

Екіншіден парламентіміз орыс тілінде елімізге ағылып келіп жатқан кітаптардың қазақша аудармасы болуын талап ететін заң шығаруға тиіс. Ол үшін қазіргі жұмыс істеп жатқан «Тілдерді оқыту Орталықтары» жанынан аударма мектебі мен редакторлар алқасы құрылыса, көп нәрсе ұтамыз. Оған ақша осы бастан Қазақстан Жазушылар Одағының араласуымен қарастырлып, аудармамен тұрақты айналысып жүрген жергілікті шығармашылық тұлғаларды тарту қолға алынса бәрі орнына келер еді.

Үшіншіден, 28 әріпке негізделген кірме сөз қабылдауды қолға алып, бұрынғы орысша жазылып, орысша айтылып келген барша терміндерді құзіреті бар Ұлттық терминком мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ-орыс-ағылшын-түрік тіліндегі айтылып жазылуын ретке түсірген «Қазақ тіліндегі кірме сөздер» сөздігін сала-салаға бөліп жармай, әліпбилік ретпен жыл сайын шығарып отыруын жолға қоюға қол жеткізуге тиіспіз. Сонда орыс тілді отандастарымыз қазақ тіліндегі терміндерді жылы қабылдайды. Әрі тілімізді оқып білуге деген ынтасы артады.

Төртіншіден қазақ аудармасы үлкен өзгеріске ұшырады. Бұрынғыдай мәтінді ғана аудару қарабайыр түсінікке айналып, дыбыстық аударма, сербістік аударма, суреттік аударма, субтитрлік аударма, бейнежазбалық аударма түрлері пайда болды. Осы салада өзін танытқан аудармашылар ілегі пайда болып, ана тілімізде інтернет қызметін ұсынып жүр. Қазақ тілін дамыту деген басқа ұлттардың ана тілімізді оқып үйренуі емес, бар болғаны қазақ тілді медиа контент қалыптастыру екендігін билік ұғынатын кез келді. Орыс тілді отандастарымыздың РФ бар, олардың Орталық Азиядағы орыс тілін дамытуға бөлетін қаржыландыру көзі бар.

Екі бірдей кітаби баспасы керемет дамыған қағанаттардың ортасында тұрып, бір кітапты 5000 теңге шығарушылық үрдісін доғарып, Ресей мен Қытай нарығын қазақша арзан кітап шығару үшін кәдеге жаратуға тиіспіз. 300 беттік кітапты – 70-80 теңгеге шығарып, оқырманға 100 теңге сатылымға шығаруды ұлттық мақсат ететін кез келді. Әрі бұндай дәрежеге жетіп алған қазақ баспасы өзбек пен қырғыз тілінде де арзан кітап шығарып, олардың нарығын жаулай алады. Кітап шығаруда бір күндік пайданы емес, мың күндік ұлттық брендті қалай қалыптастыруды ойлайтын әм сол бағытта жұмыла жұмыс жасайтын кез келді. Мұстафа Шоқай арман еткен түрік бірлігі қазақ еліндегі аудармашылардың басын қосу арқылы өзінің мәдени тағантасын бекемдейді.

Сөз соңында айтпағымыз: өзге тілден ана тілімізге, ана тілімізден өзге тілге тәржіма жасайтын аудамашылар үшін Халықаралық Ісләм Жарылғапов пен Кеңес Юсупов атындағы орден мен медаль табыстауды рәсімдесек, қазақ аудармасы мен кітабының бағы жанады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480