Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Одақтастық ойы 1870 10 пікір 29 Шілде, 2023 сағат 13:02

Путин Африка елдерінен қолдау таппақшы ма?

Бұл бағыттағы ең алғашқы қадам КСРО дәстүрімен берген қарызын кешіруден басталды. Сонымен өзі жарымай отырған Ресей Африка елдерінінің  23 миллиард АҚШ долларын кешірді.

Бұл турасында Ресей президент Владимир Путин «Ресей – Африка» саммитінің отырысында мәлімдеді. Осыған дейін 2019 жылы өткен саммитте осы мәселе көтеріліп, Ресей жағы Африканың 20 миллиард долларлық қарызын кешіру турасында сөз қозғаған еді. Енді қарызды кешірумен тынбай, «Африка елдерінің өтінішіне орай» 90 миллион доллар бөлетін боламыз деп бір көсілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Ресей-Африка тауар айналымы 18 миллиард долларға жетсе, биылғы 2023 жылдың жарты жылдығында ол тіптен арта түскен. Ресей Африканы өз тауар нарығы деп есептеп, машиналарын, құрал-жабдықтарын, химиялық өнімдері мен азық-түліктерін экспорттап келеді. Азық-түлік экспорты Украинаның есебінен өсіп отыр. Өйткені, егіншілік аумағы соғыс өртіне оранған Украинаға бұрынғы нарығын қайтарып алу үшін көп уақыт керек болады, дейді мамандар. Ал, Ресей мұны ұтымды пайдалана біліп, қолына түскен 1 миллиард доллардың азық түлік өнімін саудалап та үлгерді.

Өйткені, ашаршылық пен азық-түлік жетімсіздігінен көз ашпаған кедей Африка Путиндік Ресей не айтса, соған көнуге мәжбүр. 2022 жылы Ресей Африкаға  11,5 миллион тонна астық экспорттаса, биылғы жылдың алты айында Украинаның ол нарықтан зорлықпен кетуіне байланысты 10  миллион тоннаны сатып үлгерді.

Bloomberg дерегінше Ресей қолына түскен астығын түрлі елдерге сатқан оның ішінде Иран мен Ливия бар. 2022 жылы Ресейдің астық сатудан түскен пайдасы 13 миллиард долларды құрап, агроэкспортшылардың әлемдік рейтингісінде 17 орынға табан тіреді.

Ресей агро өнімін көбірек тұтынатын елдер қатарында Қытай, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея мен Египет бар.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006