Жұма, 22 Қараша 2024
1528 3 пікір 1 Тамыз, 2023 сағат 12:42

Орыс олигархтары Ресей армиясын қаруландыруда

Forbes журналының Украинадағы соғыс басталғанға дейінгі соңғы рейтингіне кірген ең бай 200 ресейліктің кем дегенде 81-і орыс армиясын қаруландыруға қатысқан. Бұл жөнінде "Проект" жобасының зерттеуінде айтылады.  

Басылым мәліметіне қарағанда, аталған тізімдегі кәсіпкерлер 2014 жылдан 2023 жылға дейін Ресейдің қорғаныс министрлігімен құрған ашық келісімдердің жалпы сомасы 220 миллиард рубльді құраған.

"Проект" атап өткендей, бүгінгі күні бұл кәсіпкерлердің 80-і санкция тізімінде. Сонымен бірге олардың 14-і ғана Киевтің одақтастары деп есептелетін елдердің санкция тізіміне енсе, 34 кәсіпкер Украинаның өзінің ғана сакнциясына іліккен.

Украинада соғыс басталғаннан кейін ресейлік олигархтардың біреуі ғана – "Тинькофф банктің" негізін қалаушы Олег Тиньков Кремль саястына қарсы шыққан. Кезінде ол президент Владимир Путинді қолдайтынын және оны өмірі өткенше ел басшысы ретінде көргісі келетінін айтқан. 2022 жылдың қазан айында Тиньков орыс азаматтығынан бас тартқанын мәлімдеген. Бұл шешімді ол "Путиндік фашизммен серіктес болуды қаламайтынымен" түсіндірген. Өткен аптада ол өзінің Ұлыбританияның санкциялық тізімінен шығарылғанын мәлімдеді.

"Ресейдің Қарулы күштерін қаржыландырып жатқан олигархтар бір жарым жылдан бері соғысты айыптайтын сөз айтқан емес. Олардың компаниялары Ресей қорғаныс саласын жабдықтауға тиісті тауарлар жеткізіп келеді. Олардың көмегімен украиндерді өлтіріп жатқан қару-жарақ шығарылып жатыр", - деп жазылған зерттеуде.

"Украин билігі жүздеген адам қаза тапқанын хабарлаған Мариуполь қаласындағы театрды атқылау үшін ФАБ-500 авиабомбалары қолданылған. Бұл бомбаны өндіру үшін алюминий ұнтағын Олег Дерипаска ("En+ Group") мен Виктор Вексельбергтің ("Ренова") компаниялары жеткізіп жатыр. Бұдан бөлек бомба жасайтын тетіктерді алып келуге Владимир Евтушенковтың үлесі бар "Система" компаниясы да жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған зерттеуде.

Сонымен бірге кәсіпкерлер Михаил Шелков ("ВСМПО-Ависма"), Евгений Зубицкий ("Группа Кокс"), Дмитрий Мазепин мен Ротенбергдердің отбасы ("Уралхим") да орыс билігіне жұмыс істеп, оқ-дәрілерді шығару үшін шикізат жеткізіп отырған.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315