Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1530 0 пікір 5 Тамыз, 2023 сағат 13:41

Елорда тынысы: Қоғамдағы басты дерттермен қалай күресеміз?

Қазіргі қазақ қоғамындағы жұрт назарын өзіне аударып отырған өзекті тақырыптарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, діни экстремизм мен лаңкестік, сыбайлас жемқорлық пен есірткі бизнесі, броконьерслік, алкотәуелділік, шылымқорлық, т..с.с. жатады. 

Осы бағытта Елордамызда көптеген тындымды істер жүзеге асып жатыр. Бізге Батыс демократиясы осыларға қарсы күрес ашсаңдар біздің қатарымызға қосыласыңдар деп емексітеді, бірақ Астанадағы БАҚ осы бағытта ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен астастырған құнды дүниелерді алаш оқырмандарына ұсынып үлгерді. Біз тек өз тарапымыздан тек соларды ой сүзгісінен өткізіп оқырман назарына жоғарыда сөз етілген проблемалар бойынша тізбектеп беріп қана отырмызү

Бүгінгі көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін бәріңіз білесіздер. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Отбасындағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне қоғам алаңдаулы. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне – маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жағдайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан, әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған өзіміз күнде куә болып отырмыз. Негізінен, қай халық та отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтуды жөн санамаған. Әрі «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген жазылмаған «заңдарымен» бекітіп қойған. «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деп үй ішіндегі дау-жанжалға араласудың орынсыз екендігін білдіреді. Зорлыққа төзімсіздік отбасында, баланың кішкентай кезінен бастап тәрбиеленуі керек. «Анасын көріп, қызын ал» дейміз. Өмір бойы таяқтан көз ашпай, үреймен күн кешсе де, «балаларым әкесіз өспесін» деген жалған намысты ұстанған ананың қызы зорлыққа қарсы тұра ала ма? Әкесі шешесін ұрып-соғатынын көріп өскен ұл өзі үйленгенде күйеу болудың жөні осы деп, жұдырығын ала жүгіруге бейім болатыны да рас. Осындайда, шыдамның да шегі бар және оның салдары да қорқынышты екенін айта кетуіміз керек.

Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

2022 жылы құқық қорғау және арнайы органдар 3 мыңға жуық есірткі қылмысын анықтаған болатын. Оның 60 пайызы есірткіні сатуға қатысты тіркелді. Төрт ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, жетпіс шақты жасырын есірткі зертханасы жойылды. Тәркілгенген есірткінің көлемі 16 тонна болса, оның ішінде 5,7 тоннасы марихуана, 918 кг гашиш, 102 кг героин және 582 келісі синтетика.

Есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Тек биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 518 есірткі қылмысы анықталса, оның 338-і өткізу фактісі, 59-ы контрабандаға қатысты тіркелген. Сондай-ақ есірткі тасымалымен айналысатын бір ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, 11 жасырын есірткі зертханасы жойылды. Осы аралықта 986 келі есірткі тәркіленді. Оның 317 келісі марихуана, 126 келісі гашиш, 81 келісі апиын, 417 келісі героин және 142 келісі синтетикалық есірткі болатын.

Браконьерлік қылмыс мемлекеттік табиғи ресурстарды сақтау және тұрақтылығын қамқорлық міндетті. Адамзаттың қайғылы тәжірибесі ретінде, бәрі өзара байланысты болып, сондай-ақ жалпы сөзсіз өзгерістер биоценозын ауданының бір түрін жою. Шын мәнінде, қазіргі заманғы браконьер - тек өз дереу пайда көреді және оған игілігі үшін адам болашаққа жоқ, мейірімділік жоқ ортаны жоюға дайын.

Кейбір адамдарда алкогольге тәуелділік соншалықты күшті және күшті, сондықтан қарапайым өмір барлық мағынаны жоғалтады. Алкоголь ішушілер үшін маңызды нәрсе - бұл алкогольдің келесі дозасын іздеу. Неліктен әзірге дамыған медицина жағдайында мәселені бірден шеше алатын әмбебап және қуатты медицина құрылмады? Шынында да, алкоголизм сияқты патологиямен адамзат мыңдаған жылдар бұрын кездесті.

Дәрігерлер алкогольге тәуелділікті ауыр және күрделі аурумен байланыстырады. Бұл ауру ұзақ және жеке емдеуді қажет етеді. Бірақ маскүнемді маскадан бас тартуға шақыра отырып, өз маскасымен қауіпсіз қалпына келтіруге жол берілмейді. Адамның шығуы өте қиын болатын қатал шеңбер бар. Алкоголизмді өз бетіңізше қалай жеңуге болады, тиімді жолдары бар ма?деген сауалдар қазақ қоғамын толғандыруда.

Біз қазіргі қазақ қоғамындағы дерттерді тек санамалап қана өттік.

Адам — қоғамдағы ең басты құндылық. Адам, адамның жан дүниесі — мəңгілік тақырып. Адамның табиғаты өте күрделі, ол ғасырлар бойы тіршілік дүниенің сан қилы өзгерістерін бойына жинақтаған.

Бұл туралы ұлы ойшыл Абай адамды ақыл, парасат иесі ретінде жоғары   қояды. Біз соның кейбір тұстарын осы мақаламызға өзек еттік. Қазіргі қазақ қоғамындағы жұрт назарын өзіне аударын отырған өзекті тақырыптарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, діни экстремизм мен лаңкестік, сыбайлас жемқорлық пен есірткі бизнесі, броконьерслік, алкотәуелділік, шылымқорлық, т..с.с. проблемалар Астаналық БАҚ-та кеңінен сөз етіліп, оқырмандар арасында зор беделге ие болды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364