Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4225 0 пікір 27 Маусым, 2013 сағат 18:08

Уәлихан Ғабиденұлы. «Ана Тілі» деп жүргеніміз – ауызекі тіл

Жазба тіл әріптер тізбегі арқылы бейнеленеді. Кез келген тілдің жазылымын адамдар тұрақтандырады, ол түрлі қағида – ережелерге бағынады да, сөздердің жазылымының өзгеріске ұшырауын тежеп тұрады.  

Қазақ тілі сөздіктеріне үңілсек қазақ тіліне тән кейбір құбылыстарды аңғарамыз:

(1)  «О , Ө , Ұ , Ү» әріптері тек ғана сөздердің бірінші буынында ғана кездеседі, басқа буындарда кездеспейді ( біріккен сөздерде мұндай ахуал жоқ, мысалы: Талдықорған, Бекболат ... т.т). Әйтседе ішінара сөздердің этимологиясына қарасақ бұл дыбыстар әсілі басқа буындарда да болуы керек екен , бірақ өзгеріске ұшыраған. Мысалы: Көкпар сөзі көк және бөрі деген екі сөзден құралған екен①. Ноқай сөзі моңғол тіліндегі Нохой сөзінен келіпті②. Сәлем сөзі о баста еврей тілінде «бейбітшілік, тыныштық» мағанасын беретін «шалом ( салум )» сөзінен түркі тілдеріне еніп, өзгіске ұшыраған③. Сама сөзі қытайдың «ча» және «мо» деген сөздерінің бірігіуінен жасалыпты④. Ышқыр ----- іш + құр (құр --- бау, белбеу деген сөз)⑤. Бұдан шығатын қортынды: егер соңғы буындарда «О , Ө , Ұ , Ү» әріптері келсе, олар «А, Е, Ы, І» дыбыстарының біріне өзгеріп айтылады.

(2)  Екі дауысты дыбыс қатар келіп қалса, осы екі дыбыстың ортасына бір дауыссыз дыбыс қосылады. Мысалы: Аға + іні ----- Ағайын⑥.

(3)  Біріккен сөздерде буын үндестігі сақталмайды. Мысалы: Көкаршын, сайгүлік ... т.т.

Жоғарыдағы  қағидаларды кірме сөздерді жазуда және оқуда пайдаланамыз. Сөздердің жазылымы ережелерге бағынса да, сөйлеу тілінің еркін дамуын ешқандай қағида – ережелер бұғаулап тастамауы керек, яғни «сөздердің айтылуын жазылуы белгілейтін» қағида тілді өміршең ете алмайды. «Бір нәрсені дамысын деп тілесең оған еркіндік сыйла». Бұл осы заман философиясының ең басты рухы.

  Төменде қазақ тілі латын графикасына көшкен жағдайдағы тек кірме сөздердің ғана жазылымы мен айтылымы туралы ұсыныстар ортаға қойылады.

Жазу дегеніміз – айтылмақшы болған объектінің шартты белгілері, оны әріптердің жай ғана тізбегі деп түсінбеу керек. Кейде бір объектінің жазылымы әр түрлі болуы мүмкін, мысалы: М.Мақатайев деген сөзбен Мұқағали деген сөзді оқығанда, қосымша ескертуі болмаса, әдетте санамызда бір ғана ұғым пайда болады. Сол үшін жазылымы қалай болса, солай дыбыстау керек деген уәж тиянақсыз деп есептелінеді. Осыны негізге ала отырып, кірме сөздерді жазғанда, қайсы тілден енген сөз болса, мүмкіндігінше сол тілдің латын графикасындағы нұсқасы бойынша жазу керек, ал оны оқығанда, жоғарыдағыдай мүмкіндіктер арқылы «қазақиландырып» дыбыстаймыз. Мысалы: Экономия. Қазақ латын графикасымен жазғанда «Ekonomia» болып жазылуы тиіс. Жоғарыдағы бірінші қағидаға негізделгенде, соңғы буындардағы «О» әріпі «о» болып дыбысталмайды, екінші қағидаға негізделгенде, артқы буындағы « i мен a » - ның ортасына «й» дыбысы қосылып барып айтылады, үшінші қағидаға негізделгенде, буын үндестігі сақталмайды. Сонымен оның жазылуы бір ғана «Ekonomia» болғанымен, негізгі дыбысталуы «екәнымыйа» болып, тағы да «екінымыйа, екіномыйа ... »... т.т. әр қилы болып айтылуына мүмкіндік табылады. «Passport» деп жазып «паспырт» деп оқи береміз, «Azia» деп жазып «азыйа» деп айту да дұрыс болып шығады. Профессор – ды Professor деп жазып, пырафессыр деп айтуда қазақшаға жат болмай шығады.

Біздің «Ана Тілі» деп жүргеніміз, түбін қуғанда ауызекі тіл, сан ғасырлық даму барысында оның өзгерістері аса баяу әрі табиғи болған, сол арқылы ол өз өміршеңдігін сәулелендіріп отырған. Кірме сөздерді жоғарыдағыдай жазғанда қазақ тілінің кейбір қасиеттеріне ықпалы тиеді деп алаңдау қажетсіз, себебі кірме сөздердің жалпы тіл қорымызда ұстайтын үлесі шамалы, оның үстіне ыңғайы табылғанда бір бөлім кірме сөздер аударылып отыратындықтан елеулі әсер жасай алмайды, сондықтан айтылым жазылымға тәуелді болып қалмай, сөйлеу дағдысы азат болса ғана, тіл еркін дами алады.

①  ②③④⑤⑥«Қазақ Тілінің Қысқаша Этимологиалық Сөздігі» ----- Алматы, «Ғылым» баспасы, 1966 жыл.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320