Интернет-конференция: Нұржан Жалауқызы (2-жауап)
Интерент-конференциямыздың қонағы - «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ханым оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр. Нұржан Жалауқызы «Қазақстан» РТРК қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы туралы сұраққа жауап бере келіп былай дейді: «Жалақы мәселесіне келсек, мен осы ұжымға басшы болып келгелі бергі екі жылда қызметкерлеріміздің орташа жалақысы өсті. Корпорациямыздың Директорлар Кеңесінің шешімімен арнайы мерекелерге орай алатын қызметкерлеріміздің сыйақылары бұрын тек екі рет болса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш төрт сыйақыны құрап отыр».
- Нұржан Жалауқызы, Ұлттық арна Астанаға түбегейлі қоныс аударды. Мұның өзі қазақтың ұлттық ақпарат майданындағы елеулі жаңалықтың бірі болды. Қазақ елінің мемлекеттік саясатын, мәдени-рухани өміріндегі жаңалықтарды жұртқа жеткізуде Ұлттық арнаның орны зор екені белгілі. Осы орайда Алматыдан Астанаға қоныс аударған телеарна қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесі, баспанамен қамтылуы қалай шешіледі? Корпорация басшысы ретінде бұл мәселеде белгілі бір көмектер болатынын айта аласыз ба? Астана қымбат қала екені белгілі. Журналистердің тапқан айлығының 50-60 пайызы жалдаған пәтеріне кетеді, олардың жалақысын көтеру жағы қалай шешіледі?
Интерент-конференциямыздың қонағы - «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ханым оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр. Нұржан Жалауқызы «Қазақстан» РТРК қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы туралы сұраққа жауап бере келіп былай дейді: «Жалақы мәселесіне келсек, мен осы ұжымға басшы болып келгелі бергі екі жылда қызметкерлеріміздің орташа жалақысы өсті. Корпорациямыздың Директорлар Кеңесінің шешімімен арнайы мерекелерге орай алатын қызметкерлеріміздің сыйақылары бұрын тек екі рет болса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш төрт сыйақыны құрап отыр».
- Нұржан Жалауқызы, Ұлттық арна Астанаға түбегейлі қоныс аударды. Мұның өзі қазақтың ұлттық ақпарат майданындағы елеулі жаңалықтың бірі болды. Қазақ елінің мемлекеттік саясатын, мәдени-рухани өміріндегі жаңалықтарды жұртқа жеткізуде Ұлттық арнаның орны зор екені белгілі. Осы орайда Алматыдан Астанаға қоныс аударған телеарна қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесі, баспанамен қамтылуы қалай шешіледі? Корпорация басшысы ретінде бұл мәселеде белгілі бір көмектер болатынын айта аласыз ба? Астана қымбат қала екені белгілі. Журналистердің тапқан айлығының 50-60 пайызы жалдаған пәтеріне кетеді, олардың жалақысын көтеру жағы қалай шешіледі?
- Корпорацияның Астана қаласына көшіп келген қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қатысты, әрине, ойланудамыз. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, баспанамен қамту мәселесін тез арада шешу оңай шаруа емес. Журналистер мемлекеттік қызметшілер санатына жатпайды. Осының салдарынан тұрғын үй бағдарламасына да қатыса алмайды. Бұл мәселені біз БАҚ басшылары бірлесіп парламент қабырғасында да көтердік. Біздің ұсыныс сенаторлар тарапынан қолдау тапты. Әйтсе де, несиелік тұрғын үй бағдарламасы бойынша қызметкерлеріміздің қатысу мүмкіндігі бар. Жалақы мәселесіне келсек, мен осы ұжымға басшы болып келгелі бергі екі жылда қызметкерлеріміздің орташа жалақысы өсті. Корпорациямыздың Директорлар Кеңесінің шешімімен арнайы мерекелерге орай алатын қызметкерлеріміздің сыйақылары бұрын тек екі рет болса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш төрт сыйақыны құрап отыр. Кәсіби шеберліктері жоғары, шығармашылық ізденістерімен көріне білген бірнеше мамандардың жалақысы 10 пайыздан 30 пайызға дейін өсті. Қызметкерлеріміз жыл сайынғы демалыстарына шыққанда бір айлық жалақыларының көлемінде материалдық көмек алу мүмкіндігіне ие. Міне, мұның бәрі қолдау емес пе?
- Телеарналардағы музыкалық бағдармалар көрермендерді мезі етті деп ойламайсыз ба? Қашан өзгерістер болады?
- Жоқ, олай деп ойламаймын. Әрбір телеарна өз бағдарламалар жүйесін көрерменнің сұранысын ескере отырып түзеді. Осы тұрғыдан алғанда, отандық телеарналарда музыкалық бағдарламалар өте көп деген пікірмен келісе алмаймын. Өзгерістер туралы айтсам, телеарналар қазір жаңа телемаусымға дайындық жасауда. Жақсы жобалардың болатыны сөзсіз.
- Сіз Интерньюсте жұмыс істегенде журналистерге білім беру саласына да еңбек сіңірген едіңіз. Қазір ЕҰУ журналистика факультеті дайындаған түлектерге көңіліңіз тола ма? Олар сізді профессорлыққа шақырса, барасыз ба? Онда сабақ беретіндер БАҚ редакциясының есігін ашып көрмеген, өзге саланың мамандары, педагогтар, филологтар деген сын-сөгісті жиі естиміз. Журналист ретінде бұл мәселеге сіздің пікіріңіз қалай?
- Қазақ тілді журналистерге біздің қоғамда зәрулік болмауына кейінгі жылдары аймақтарда ашылған журналистика факультеттері тәуір үлесін қосқаны белгілі. Тіпті, кейбір өңірлерде бір емес, бірнеше жоғары оқу орындарында журналистер даярланды. Рас, Қазақстанның осы мамандық бойынша тәжірибелі, ғылыми атақтары бар профессор-оқытушы құрамы әрі кеткенде үш факультетке сабақ беруден аспасы белгілі. Сонда көптеген оқу орындарының дипломдары жоғары делінгенмен, қарым-қабілеттері талапқа сай емес журналистер даярлағаны рас. Кейбір лицензиялардың алынып, факультеттердің жабылуы біздің сөзіміздің растығын дәлелдейді. Ал журналистика мамандығын бітірмесе де, өзінің қарым-қабілетімен ел сүйіспеншілігіне бөленген мамандар да жеткілікті. Сондықтан біржақты кесіп пікір айтуға келмейді. Меніңше сауатты, білікті журналистер жалғыз біздің корпорацияға емес, бүкіл елге қажет. Тек журналистика факультетін бітіргендер ғана емес, басқа да оқу орнын бітірген жастарға қатысты ой айтсам, араларында талапты да таланттылары бар, қолдарынан іс келмейтін жалқаулары мен тілге деген сауатсыздары да бар. Негізінде, менің өз басым, талантты жастарды бұрын танымасам да қолдауға әрдайым әзірмін. Ал, ұстаздық туралы ұсыныс болып жатса, әрине, мен ойланамын. Телевизиялық менеджменттің қыр-сырымен бөлісуге дайынмын.
- «Ассаламағалейкум» мен Палейге байланысты не айтасыз? Әлеуметтік желіде осы 2 сөз сіздің есіміңізбен қатар аталатын болыпты.
- Біреу біліп айтады, біреу білмей айтады деген сөз бар емес пе? Ирина Палейге қатысты әлеуметтік желідегі аты жоқ азаматтардың жазған пікірлерін орынсыз дер едім. Телевизиялық журналистиканың редакторлық, жүргізушілік, продюсерлік, жетекшілік сатыларынан өткен маманның үйретері бар екенімен «көкірегі ояу» әр жанның келісетініне шүбә келтірмеймін. Үйренуден жалықпауымыз керек.
- «Алматы» телеарнасындағы «Тіл сақшысы» сияқты бағдарлама ашу керек. Астанада қазақ тілі жағдайының мәз емес екендігін өзіңіз жақсы білесіз. Тек тілдің төңірегінде бағдарлама жасау ойыңызда жоқ па?
- Тіл тазалығын сақтау әрдайым телеарнамыздың назарында. Тек тіл мәселесіне қатысты ұтымды жоба ұсынылатын болса, қарастыруға дайынбыз.
- Ғалым Доскеннің басшылығы тұсында «Қазақстан» арнасы өзінің ұлттық арна деген атауына сай болды. Әлі де ұлттық арна. Алайда, ұлттық арна дегенге заты сай емес! Мәселен, ұлттық музыкаға арналған "Телқоңыр" деген жалғыз хабар бар. "Қазақтың жері" дейтін жобаны бұрынғылардан қалған дедіңіздер ме, жалғастырмадыңыздар! Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерге байланысты танымдық хабарлар жоқ. Неге? Әлде "көп ұлтты" мемлекеттің ақпараттық саясаты мүмкіндік бермей ме? Бәлкім, Сіз ұлттық арнаның ұлттық ақпараттық мүддесін ПА-ның қызметкерлері мен министрдің алдында қорғай алмай жүрген шығарсыз? Сізде принцип бар ма? Жоқ әлде шенеуніктердің тапсырмасын бұлжытпай орындайсыз ба? Арнаның бүкіл жауапкершілігін мойныңызға алып, тәуекелге бара аласыз ба? Өтініш: жаттанды, шығарып салма жауап бермеңізші!
- Сіздің “Телқоңырдан”басқа жоба жоқ дегеніңіз асығыстау пікір, бауырым. “Қазақстан” ұлттық телеарнасы қашан да көрерменнің көңіліндегісін дөп басуға ұмтылып, шығармашылық ізденіске толы жобаларды дайындауға барынша жауапкершілікпен қарайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде жаңа телевизиялық форматтарды меңгеру мен графиканы, инфографиканы әлемдік деңгейге сай қалыптастыру да басты мақсаттардың бірі. Тілшілеріміздің тақырып таңдауынан бастап оны зерделеуі, көрерменге ұмытылмастай етіп ұсынуы да назарда. Бұлар жаттанды сөздер емес, күнделікті шаруамыз. Тәуекелге бару дегенге келсек, Ұлттық мүддеге қатысты өзекті тақырыптардан бастап қоғамда болып жатқан кейбір жан ауыртатын оқиғалардың да ортасына барудан еш уақытта жалтарған емеспіз. Сондай-ақ, еліміздің халықаралық деңгейдегі беделіне сай мемлекеттік телеарна жасау мақсатында әлемдік стандарттарға сай тілшілеріміздің болуын, олардың зерек те терең талдаулар ұйымдастыруына мүмкіндіктер жасауды назарда ұстаудамыз. Осыдан да болу керек деп ойлаймын, Ұлттық телеарнаның көрермендері, Қазақ Радиосының тыңдармандары көбейіп келеді. Мұны біз телерадиожобаларымызға қатысты айтылған, жазылған пікірлер мен Корпорацияның сайты арқылы біліп отырмыз.
- Ұлттық арнаның сіздің орынбасарларыңыз, өзгеде кішірігім бастықтар жұмыс барысында қандай да қателіктер, күрделі мәселелер болып жатса, жауапкершілікті мойындарына алмайды. Дереу кінәліні іздейді. Сөйтіп, қатардағы журналист, шеф-редакторлардың мойнына бәрін арта салады. Неге?
- Егер нақты бір дерегіңіз болса, маған тікелей хабарласыңыз. Кінәліні бірге іздейік.
(Жалғасы бар)
Abai.kz