Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1122 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 20:20

Бүгінгі Астана нағыз ұлттық мәдени ортаға айналды!

Тәуелсіздіктің асыл сыйы бұл мәдени азаттық болды десек артық айтпаймыз. Астана осы бағытта бұрын соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді. Бұрын тек Алматы да ғана жұрт назарына ұсынылатын дүниелер ендігі жерде сан тараптан дүниенің әр қиырынан ағылған Астанада тәуелсіз Қазақстанның соңғы отыз жылда мәдениет, тарих және басқа да гуманитарлық рухани салаларда қол жеткізген тамашада ғажайып жетістіктерін паш ететін тарихи аренаға айналды десек еш қателеспейміз.

Бұл орайда ерекше тоқталып өтетін дүние қазақ елін өзінің төлтума мәдениетін КСРО кезіндегі қыспақ пен қытымырлыққа қарамай жаңа дәуірге бейімделген ұлттық сипаттағы ерек қолтаңбасын қалдыра білуінің айқын нышаны жаңдан бой көтерген Елорданың келбетін әлемге тагыту жолындағы басты бағдаршам болғандығын мақтана сөз ете аламыз. Өз тағдырын қазақпен байланыстырған өзге ұлт өкілдеріде өздерінің перрезенттік парызым деп санауы көңілімізді қуантады. Міне, жаңа елорданың өзіндік ұлттық мәдени-рухани бет бейнесін қалыптасыруда ұлттар достығы үлкен рөл атқарды десек ақиқаттың ауылынан еш аулақ кетпейміз.

Енді еліміз егемендік алған дәуірдегі ел тарихына көз жіберетін болсақ, онда 1990-2000-ші жылдар аралығындағы 10 жылдықтағы көп нәрсге көңіліміз толып, жанымыз марқаяды. Осы бір аралықта біз бұрынғы жоғалтқан көптеген жаһұттарымызмен қайыра қауыша алдық десек бұл айтқанымыз ешқандай ақиқаттың ауылынан алшақ кетпейміз.

Осы ретте біз Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінің тарихи-мәдени мұра және экскурсиялық-көрме жұмысы бөлімінің басшысы Қарлығаш Бекқалиқызы Жұмаханованы сөзге тартқан едік...

Қарлығаш Бекқалиқызы:

- Осы орайда өзім істейтін Сәкен Сейфуллин музейі Астандағы барша мәдени-рухани өзгерістердің басы-қасында болды десем еш артқы айтқаным емес. Біз бұрын ақындардың басын қосатын әдеби орта тек Алматы деп танылып келсе, осы ақиқат шындыққа өз өзгерістерімізді ұжым ретінде өткізіп, талай таланттың бағын ашқан мүшайралар ұйымдастырып, Астананың нағыз ұлттық мәдени меккеге айналуына өз үлесімізді қоса білгенімізді қашанда мақтан тұтамыз.

Айтары жоқ, Астана қалай елордаға айналды, тап солай қазақтың ұлттық мәдениетінің жолы ашылып, маңдайы жарқырап, алаш тіршілігіндегі тарихи жаңа кезеңнің соны парақтары ашылды.

Ақындар айтысы Астанда кеңінен өткізіліп, наурыз меркесі өзге ұлт өкілдерінің де сүйікті мерекесіне айналып үлгерді. Қазақстан үшін дәл осы кезең еліміздің көп қатпарлы, сан салалы мәдениетін жаңа белесеке көтеріліп, жаңа соны бір сапаға көтерілуінің қас сипаты болып саналды.

Айбарлы Астанамыз жұрттың бәрі біледі Еуразияның қақ жүрегіне орналасқан мәдени-рухани қағанат болып табылады. Осы жұрт таныған мәдени-рухани қағанаттықтың қас сипаты оның гербінде көрініс тапқан десек өте орынды сөз болар еді.

Осы қала герібіндегі шаңырақ пен барыс символы бізге кқп нәрсені ұқтырады. Бір Шаңырақ астында бірлігі жарасқан еліміздегі ұлттар мен ұлыстар бір атаның баласындай ауызбіршілік таныта отырып, қазіргі қазақ елінің шынайы да, нақты бет-бейнесін қалыптастыра білді.

Қазір Астанада 100 аса ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Олар біртұттас қазақ мәдениетінің қасына топтасып, өз өмірлері мен тағдырын алаш жұртымен мәңгіге байланыстырып отырғандығы көңілімізді жайлау етеді. Астаналықтар тек бір ғана қазақ мәдениетін насихаттаудың төңірегінде тоқталып қалмай, жыл сайын өзге ұлт өкілдерінің де мәлениеті мен дәстүрін өзгелерге таныту үшін түрлі мәдени іс-шаралар мен фестивальдар өткізуді тұрақты түрде дәстүрге айналдырып келеді. Жылдан жылға бұндай шаралар бұқаралық сипат ала түсті.

Осы орайда бауырлас татар-башқұрттың басын қосқан «Таң» мәдени орталғы тұрақы түрде «Сабантой» меркесін өткізіп келеді. Осы мәдени орталықпен біздің музей ұжымы тұрақты байланыс орнатып, Сәкеннің шығармашылық өмір жолындағы татар-башқұрт іздерін біресе зерделеуге кірісіп кеттік. 1994 жылдан бері Астанада өз өмір жолын бастаған ұжым қазақ тарихына қатысты талай мәліметтері біздің музейге тарту ете білгені көңілімізді қуанатады.

Астананың ең басты мақтанышы бұл – Халықаралық қазақ әндерінің конкурсы болып табылады. Тек ұлты қазақ өнерпаздар ғана емес, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері де осы байқауларда қазақ әнніне деген өз перзенттік махаббатттарын паш етіп жүр.

Астана ТМД кеңістігіндегі ең ірі білім ошақтары шоғырланған елордалардың санатынан бұнда Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті аты жер жарады. Ең бастысы Елордамызда 36-ға тарта мәдени және көңіл көтеру орталықтары бар. Осылардың қатарына үш музейді жатқызамыз және Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінің филиалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының филиалы барлығын мақтан тұтамыз. Астанда Жазушылар мен Суретшілер одағының бөлімшелері жұмыс істейді. Осы жерде қырықтан аса газет пен екі бірдей әдеби-көркем журнал басылып шығады.

Әсем Астанымызда үш бірдей театр бар. Олар: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік қазақ драма театры, М.Горкий атындағы Академиялық орыс драма театры, К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Қазақ ұлттық музыка академиясы, Мемлекеттік филармониялар бар. Бұл өнер ошақтары түрлі халықаралық конкурстардың лауреаттары болып табылып, өнердегі толағай табыстарымен астаналықтарды қуанышқа бөлеп жүр десем еш жалған айтпаймын.

Елодамыз өнерлі де, дарынды балаларды қашанда қанатының астына алып, оларға қолда келген барша жақыслықты дер кезінде жасап отырады. Соның нәтижесінде елордалық жас таланттар Италия, Австрия, Нидерланда, Германия, Корея т.б. елдерде өткен фестивальдарда топ жарып жүргені біз үшін зор мақтаныш. Біздің ұжым дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің атын еншілегендіктен Астанада өтетін «Ақындар айтысы» республикалық конкурсы мен «Шабыт» жастар шығармашылығы фестиваліне белсене ат салысып келеді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499