Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2102 2 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 13:45

Тоқаев Қазақ әскері кез-келген жағдайға дайын болсын!

Президент Тоқаев Алматы облысында өтіп жатқан «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты.

«Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Елімізді, жерімізді, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қорғау – баршамызға ортақ қасиетті парыз!», - деді мемлекет басшысы.

Президент Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап шыққан соң, шұғыл кеңес өткізді.

Ол армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен, сапалы әскери техникамен жабдықтаудың маңызын атады.

«Жақында жариялаған Жолдауымда мен жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс циклін құруды тапсырдым. Бронды техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары – мұның бәрін біз өзімізде шығара аламыз. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет», - деді президент.

Президент Тоқаев әскерді бронотехникамен және дрондармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін дрон операторларын оқытуды күшейткен.

Америкалық саясаттанушы Фукуяманың айтуынша, Украинаның басындағы жағдай Қазақстанда да орнауы әбден мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357