Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4605 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 08:30

Төлен ӘБДІК, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Халықтан биік төреші жоқ

 М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры астаналық көрермендердің назарына белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіковтің «Ардагер» пьесасы негізінде қойылған «Ұлы мен ұры» спектаклін ұсынды. Осыған орай туындының авторымен сұхбаттасқан болатынбыз...

– «Ардагер» пьесасы қалай туды?

– «Ардагер» – бүгінгі күн тақырыбына жазылған шығарма. Өмірдегі өзекті проб­лемалар кімнің де болса жанына батпай тұра алмайды. Заман тудырған әлеуметтік әділетсіздіктер мен келеңсіздіктерді, руха­ни өмірдің қайшылықтары – алаяқ­тық, жағымпаздық, билікқұмарлық, екіжүзділік тағы сол сияқты толып жатқан жат құбы­лыстарды әшкерелеп көрсету арқылы, ұлттық сананың қалыптасуына ықпал жасау – әдебиет пен өнердің негізгі мін­деті. Осынау берекесіздіктің көпшілігі негізінен қоғам өмірінің жаңғырма­ғаны­нан, жаңармағанынан, дамудың ескі сүрлеуінен шыға алмай отырғанымыздан екені белгілі. Бірінші акта осы ойлар қарт академиктің аузымен айтылады.

Екінші акта әке мен баланың айты­сы арқылы ұрпақтар проблемасы сахнаға шығады. Аға ұрпақ қатал заманға тап болып, тарихтың талқысына түсті, жас ұр­пақ­тың ішінде өзінің рухани әлемінен көз жазып қалып, өз елінде өгей баладай жүргендері де аз емес. Бірақ ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілуге тиісті емес. Онсыз біртұтас халық болып қайрат қылып, қиындықты жеңу қиын.

Осы идеяларды іштей толғатып, қай жанрда берерімді білмей жүруші едім, ақыры пьеса түрінде дүниеге келді ғой.

– Шығарма сахналанғанда көздеген мақсатыңызға жете алдыңыз ба?

– Пьесаның сахналануы арқылы көз­деген мақсатыма жеттім деп режиссердің айтқаны жөн шығар. Өйткені пьеса менікі болғанмен, спектакль – режиссердікі. Өз тарапымнан ризашылығымды алғашқы қойылым кезінде айтқанмын. Режиссер мен актерлердің тер төккені көрініп тұр. Тәп-тәуір шыққан жерлері баршылық. Әрине, режиссердің көруі бар да, автордың көруі бар. Екеуінің көзқарасы бір жерден шыға бермеуі мүмкін. Бірақ бір нәрсе айқын – көрермен спектакльді жақсы қабылдады. Ең үлкен жетістік – осы. Бұ­қаралық ақпарат құралдарында да жоға­ры баға беріліп жатты. Сондықтан режиссер Е.Обаевты да, қатысқан актер­лерді де шын жүректен құттықтаймын! Сахнада батылдық керек. Неғұрлым ащы шындық­ты айтсаң, халыққа ұнай бересің. Бізге ха­лықтан биік қандай төреші болуы мүмкін?!

– Режиссердің трактовкасы, қысқарту­лары көңіліңізден шықты ма?

– Режиссердің трактовкасымен келі­семін. Әсіресе, сахнаға академиктің досы шығатын жерінде көріністі жандандырып жіберген секілді. Қысқарған жерлердің қайсы бір тұстарын толықтырса қайтер еді деген пікірімді де айтқанмын. Оны өздері көре жатар.

Басты рөлде ойнаған Бауыржан түр-тұлғасы, актерлік шеберлігі жағынан лайықты екені көрініп тұр. Рөл өте күрделі. Бір жарым сағатқа жуық жаңылмай сөйлеп шығудың өзі оңай емес шығар. Бірақ рөлді аяғына дейін жақсы алып шықты. Спектакльдің екінші қойылымы біріншіден де сәтті шықты деп ойлаймын. Соған қарағанда, бара-бара өзінің ең жоғарғы кондициясына жетер-ау деген үмітім бар. Әрине, шеберлікте шек жоқ. Пьеса психологиялық драма түрінде жазыл­ғандықтан, кейіпкердің жан дүние­сіндегі ішкі драманы айшықтай беруге әбден болады. Ал Ардагердің ұлын ойнаған Азаматқа ризашылықтан басқа айтарым жоқ. Жақсы ойнайды.

– Көрермен сахна суретіне үлкен мән береді. Суретшілердің жұмысына қандай баға берер едіңіз?

– Декорацияны нашар деп айта ал­маймын. Оғаш көрінген ештеңені бай­қамадым. Рас, менің көз алдымдағы көрініс сәл басқашалау болатын. Оқиға карт академиктің кабинетінде, журналис­терге берген сұхбат түрінде өтеді. Сон­дықтан жұртқа түсініктірек болу үшін, сахнада кабинет жасалатын шығар деп ойлағам. Бірақ режиссер кең сахнаны пайдаланғысы келген екен. Еркі өзінде. Оның үстіне содан келіп жатқан кемшілікті көріп тұрған жоқпын.

Ұрыны ойнаған жігіт – талантты ак­тер. Бірақ трактовкасы өзгешелеу. Ұрының аты ұры ғой. Ол үйдің ішінде еркін жүрмей, көбірек қысылып-қымтырылса, менің ұрыма жақындай түсер ме еді деп ойлай­мын. Алайда ара-арасында әңгімеге ара­ласып, сұхбат алып жатқан журналистермен шармайласып қалатын жерлері тәп-тәуір шыққан. Жалпы, ұрының рөліне әлдебір толықтырулар енгізуді ойлап жүрмін. Кітап жазсаң, оның оқырманға ұнаған-ұнамағанын білу қиын. Оған уақыт керек. Ал спектакльдің әсерін бірден көріп отырасың. Алғашқы қойылым тұсында да көп адам әдейі келіп, өздерінің риза­шылығын білдіріп: «Театрға осындай пьеса керек еді. Сізге рақмет!» деген сөз­дерді айтып жатты. Ал мен өз тарапымнан театр ұжымына үлкен алғыс айтамын.

– Әңгімеңізге рақмет.

Қымбат СМАГҰЛОВА

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322