Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6154 48 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 10:53

Тамараның талтайып тұрып қабылдатқан заңының сиқы…

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңының 16-1-бабында жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары көрсетілген.

Сол шартқа сай, «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына» «1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар қабылдануы мүмкiн» деп жазылған.

Есіңізге сақтаңыз, «қандастар» деп жазылған!

Енді «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сай, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қолданысқа енгізілген «Халықтың көші-қоны туралы» туралы заңына көз жүгіртіп көрейік.

Аталған заңның «Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер» деген 20-бабына енгізілген қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы» деген норманы оқып, тағы да төбе шашымыз тік тұрды!

Иә, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары – қандастарымызды қоныстандыру үшін Үкімет арнайы айқындаған өңірлер болып саналады.

Әлеуметтік пакет тек осы Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама алған қандастарымызға ғана беріледі.

«Халықтың көші-қоны туралы» туралы заңындағы «Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер» деген осы жаңа номаға салсақ, енді шетелден Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтар өздері қоныстанғысы келетін өңірде қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасы болмаса немесе Үкімет ұсынған өңірге барудан бас тартса,  онда оларға «қандас» мәртебесі берілмейді деген сөз!

Қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 1 925 адам.

Ал, этникалық қазақтар одан екі немесе үш, тіпті жүз есе атық келсе, сол артық келгендерге «қандас» мәртебесі берілмейді деген сөз!

Демек, «қандас» мәртебесі жоқ этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмайды!

Ендеше, бұл норма тарихи Отанына көшіп келген этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын шектеп қана қоймастан, ең алдымен, «Әр адамның әр мемлекеттің ішінде жүріп-тұруына және өз қалауынша тұратын мекен-жайды таңдауына құқығы бар» деген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» 13-бабының 1 тармағына басы бүтін қайшы.

Екінші, «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» деген Қазақстан Республикасының Конституциясының 21-бабының 1 тармағына;

Үшінші, «Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға» және «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы бар» деген «Халықтың көші-қоны туралы» туралы заңының 5-бабының 3) және 4) –  екі бірдей тармағына тіпті сай келмейді!

Бір сөзбен айтқанда, этникалық қазақтардың құқығы қос аяқпен тапталып жатыр!

Дәл осы Заң жобасы жасалып, Парламентте талқыланып жатқан кезде, Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары әрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет атқаратын.

Міне, Тамараның талтайып тұрып қабылдатқан заңының сиқы!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясында сөз сөйлеп, «Бүгінде адамзат баласы бұрын-соңды басынан өткермеген аса үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп, геосаяси қақтығыстардың жаңа кезеңіне өтті. Бұған БҰҰ Жарғысындағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бір мезетте бұзылуы себеп болып отыр»,- деді.

Міне, сол Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан БҰҰ Жарғысындағы құқық біздің мемлекетімізде де бұзылып, тапталып жатыр.

Тағы қайталап айтайын,  қоныстанатын жерін таңдау – этникалық қазақтарға бірінші Алланың берген, сосын БҰҰ-ның Жарғысымен бекітілген құқығы!

Ал, көшіп келушілерді Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстандыру – мемлекеттік саясат!

Үкімет саясат жүргізем деп, адам қықығын шектемеуі және таптамауы керек!!!

 

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

48 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366