Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4457 7 пікір 10 Қазан, 2023 сағат 14:34

Арман Шораев қазір қайда жүр?

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Менің осы өздерін оппозицияда жүрмін деп есептейтін жігіттердің кейбір қылықтарына таң қаламын. Бәрі бірдей емес, әрине. Алайда олардың ішінде не өмірді білмейді, не саяси күрестің қандай болатындығын мүлдем түсінбейтіндер де жетіп артылады.

Ондайлар үшін әлемжеліге шығып, билікті сынаған болып, ақылды сөздер айтып, көпшіліктің көңілін аударсам болды, бәрін де қалпақпен ұрып алам деп еептейді.

Қалың жұртшылықтың алдында көш бастау үшін алдымен өзің таза болып, атқарған істеріңнен мін шықпауы керек. Халықтың мұң-мүддесімен бірге өмір сүрсең ғана, мұратқа жетесің. Ал әлем желіде анда-санда жылт етіп, әдемі сөйлеу үнемі абырой әпере бермейді.

Мәселен, бір кездерде әлемжеліде аса белсенді Арман Шораев деген жігіт ағасы болды. Өзекті мәселелерді қозғап, саясатта алдына жан салмады. Парламент депуттығына сайлау басталғанда одан қатты үміткер болды. Бұл науқан аяқталысымен әлгі жігітіміз көзден бұл-бұл ұшты. Қазір еш жерде де жоқ. Әлемжеліден мүлдем ғайып болды. Тек бір өкініштісі, өзін шынымен сыйлайтын мыңдаған жанкүйерлерімен дұрыстап қоштасуға да жарамады. Мұнысын түсінбедік, әрине.

Десек те, біздің топшылауымызшы мұның бір ғана себебі бар. Ол депутттыққа өте алмауына өз оқырмандарын кінәлайтын секілді. Мұнысы үлкен қателік, әрине. Әлемжеліде отырған мыңдаған достарының барлығы бірдей сайлауға барып, белсенді түрде дауыс береді деу үлкен адасқандық.

Олардың дені сені құлай тыңдағанымен, күні ертең диваннан жұмсақ жерін көтеріп, саған дауыс беруге бармайды. Олар сондай ерекше контингент. Бұларға сену - басы артық дүние. Дұрысы, барлық сайлау учаскелерін жаяу аралап, халықпен бетпе-бет кездесу. Сонда ғана бір нәтиже береді.

Ринат Зайытов пен Ермұрат Бапи дәл осылай істеді. Оның үстіне бұлардың өмірбаяндарында ешбір кінарат жоқ. Бизнесмен де емес. Ал Арманның бір кездерде Дариғамен қоян-қолтық дұмыс істегені бар. Оның партиясында болды. Әрине, мұны оған кінә қылып тағу да артық шығар. Алайда қазір ескі Қазақстанда Назарбаевтың отбасына жақын болып, майлы жіліктің басын ұстағандарға көпшілікттің құлай сене қоюы қиын.

Бұл менің жеке басымның пікірі. Әйтпесе Арманнан алты аласым, жеті берісім жоқ. Оның мықты журналист болғандығын да жақсы білемін. Халықтың қамын ойлайтын азғантай азаматтардың қатарынан екендігін де мойындаймын. Менікі тек саяси күрестің құйтырқысы көп болатындығын еске салып өту ғана. Бір рет қана сүрінген Әміржан Қосановтың тағдыры осының куәсі.

Жайберген Болатов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394