Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3703 0 пікір 20 Тамыз, 2013 сағат 09:43

Орта білім беру департаментінің директорынан жауап күтеміз!

Депутаттық мандатын «Хабар» телеарнасындағы жүргізушілікке айырбастауға мәжбүр болған Ирак Елекеев мырза  ҚР БҒМ Мектепке дайындық және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаевамен (суретте)сұхбаттасатынын айта келіп, көрермендерден сауал сұрастырған екен (https://www.facebook.com/elekeevirak). Орта білім мәселесі бізде аса өзекті жайттарға душар екенін ескере келіп, бұл жайтқа біз де өз оқырмандарымызды тарттық. Құрметті оқырман қауым, сауалдарыңызды нақты да қысқа қоя беріңіздер. Сауалдарыңызға Жаңыл Жонтаева  ханымнан ресми түрде жауап алуға тырысамыз.

Serik Ergali:  Қазақстанда неге мемлекеттік мектеп жоқ, орта білімнің бәрі этностық мектептерде берілуде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, неміс дегендей.Қашан біртұтас мемлекеттік білім беруге көшеміз?

Quanish Tynybek:  Өткен жолы Қызылорда облысында көптеген мектеп директорлары қызметінен кеткенін естіген едім. Жалпы соған қатысты айтайын дегенім, білім ошағы аталатын мектептердің штаттық құрамына қатысты еді. Әр мектептің директорлары бұрыннан қалған кәрі тарландар деп (20-30 жыл жұмыс істегендер) оларға қосымша ставкалардан жазып беру дәстүрге айналған, сенбегендер кез келген ауыл мектептерін тексеріп көрсін. Және мұғалімдер қауымының біліктілігін арттыруға, талап қоюға байланысты қандай жаңа бағдарламалар қолға алынып жатыр?..

Оралтай Жолымбаев:  Шағын мектептерге арнап қашан ресурстық центр ашылады?

Оралтай Жолымбаев: 2015 жылы профильдік мектептердің жұмысы басталады. Осының жағдайы қалай болады?

Ерік Суханберлин: Мектептегі оқулықтар мәселесін айтыңызшы...

Тазабек Сәмбетбай: Орта білім саласындағы педагогтардың материалдық жағдайын арттыру қалай жолға қойылған, қандай мүмкіндіктер бар? Және олардың біліктілігін арттыруда жаңа әдістер қаншалық жүзеге асырылуда?

2-сауал: Алматы қаласында бар орта білім обьектілерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету құқығына ие болған монополистер қаншалықты бұл іске құзіретті?

Мақсат Ілиясұлы:  Оңтүстік Қазақстанның 200 мектебі не үшін жабылды? Осы уақытқа дейін істеп келген 200 мектеп аяқ астынан неге өрт қауіпсіздігін сақтамай қалды? Бұл тағы да халықтан, мұғалімдерден ақша жинаудың бір тәсілі емес пе? Осы мәселеге орай өрт сөндіру қызметкерлерінің пікірін тыңдап, арнайы топ құрса жақсы болар еді.

Serik Ergali: Мектептің шаруашылығы мен білім-тәрбие саласы ажыратылуы керек: Білім/тәрбие жөніндегі басшы Білім беру саласына тікелей бағынуы керек, ал мектеп шаруашылығы әкім мен ата-аналар комитетіне қарауы қажет. Бұған сіздің уәжіңіз қандай, Жаңыл ханым?

P.S.

ҚР БҒМ Мектепке дайындық және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаеваға қояр сауалдарыңыз болса, мархабат.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320