Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 8 Қыркүйек, 2009 сағат 09:58

Өркен ДАРХАН. Ертемен мінген есектің кешке қайда апаратынын білмейсің

Буы бұрқыраған бұл жаңалығымызбен Игнобель сыйлығының иегері атансақ та болар еді. Тоқылдақтың басы неге ауырмайды, өзін-өзі өлтіруге кантри сазының кесірі бар ма деген сияқты мәселелер қасында әлгі мәтеліміз қисынды естіледі. Әрі бұл Қайырбек Сүлейменовтың аузынан тастамайтын сүйікті мәтелі еді. Сөйткен Қайырбек Шошанұлы Елбасы жарлығымен Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы атты құзіретті орнын босатты. Ауыс-түйістің себебін оның ҚР Ардагерлер кеңесіне төраға боп баруымен түсіндірді. Осылайша, жиырма жылдан бері президент командасында жүрген сұр кардиналдың бірі Сүлейменов көлеңкеге кетті... Биылғы жылдың 12 мамырында алпысқа толған ағамыз Сібірде, Новосибирск қаласында туған. Тәжірибелі заңгер. Жай тергеушіліктен жұмыс жолын бастаған Қайырбек Шошанұлы басқа қызметтерді былай қойғанда, екі мәрте - Ішкі істер министрі, екі мәрте - ҚР ІІМ ішкі әскерінің қолбасшысы болды. Президент көмекшісі қызметіне Қайырбектің келуін саясаттанушылар Оңтүстік Қапқаздағы бескүндік соғысқа байланысты геосаяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырған-ды. Ал оппозициядағы ағайын оның Рахат Әлиевпен ит пен мысықтай араздығын еске салып, сол арқылы жаңа қызметінде «қашқынды ұстау мен оның сыбайластарынан құтылу» деген миссияға кіріседі десті. Қазір... бұл екі міндеттің қайсысының үдесінен шыққанын сараптау қиын.

Буы бұрқыраған бұл жаңалығымызбен Игнобель сыйлығының иегері атансақ та болар еді. Тоқылдақтың басы неге ауырмайды, өзін-өзі өлтіруге кантри сазының кесірі бар ма деген сияқты мәселелер қасында әлгі мәтеліміз қисынды естіледі. Әрі бұл Қайырбек Сүлейменовтың аузынан тастамайтын сүйікті мәтелі еді. Сөйткен Қайырбек Шошанұлы Елбасы жарлығымен Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы атты құзіретті орнын босатты. Ауыс-түйістің себебін оның ҚР Ардагерлер кеңесіне төраға боп баруымен түсіндірді. Осылайша, жиырма жылдан бері президент командасында жүрген сұр кардиналдың бірі Сүлейменов көлеңкеге кетті... Биылғы жылдың 12 мамырында алпысқа толған ағамыз Сібірде, Новосибирск қаласында туған. Тәжірибелі заңгер. Жай тергеушіліктен жұмыс жолын бастаған Қайырбек Шошанұлы басқа қызметтерді былай қойғанда, екі мәрте - Ішкі істер министрі, екі мәрте - ҚР ІІМ ішкі әскерінің қолбасшысы болды. Президент көмекшісі қызметіне Қайырбектің келуін саясаттанушылар Оңтүстік Қапқаздағы бескүндік соғысқа байланысты геосаяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырған-ды. Ал оппозициядағы ағайын оның Рахат Әлиевпен ит пен мысықтай араздығын еске салып, сол арқылы жаңа қызметінде «қашқынды ұстау мен оның сыбайластарынан құтылу» деген миссияға кіріседі десті. Қазір... бұл екі міндеттің қайсысының үдесінен шыққанын сараптау қиын. Мүмкін, Әлнұр Мұсаевтың сынаптай бұзылып, «Рахатты» сатып жіберуін, Австрия билігінің алдында кішкене болсын, Әлиев сүйкімділігінің кете бастауын - Сүлейменовтың көрінбейтін тірлігіне санауға болар. Бір анығы, Сүлейменов беделін салып болсын, осы кезге дейін бір-бірімен бәсекелес болып келген күштік құрылымдардың жұмысын үйлестіруге жұмыс жасады. Ересен демесек те, ескеруге тұрады. Бұның бір жанама әсерін соңғы кездері бет-жүзіне қарамай, тиын жасырғанды да, түйе жұтқанды да түрмеге тоғытып жатқан Бас прокуратура, ҰҚК мен Қаржы полициясының қызметінен көруге болады. Әрине, бұның бәрі Елбасы берген карт-бланшпен жүзеге асып жатқаны да жасырын емес. Әйтсе де, Қайырбек қанша қаһарына салса да, билік пен оппозицияны бір ымыраға келтіре алмады. Консенсус, келісімге келгенде Сүлейменовтың сілесі қатты. Амалы не, оппозицияны өз ойынына ойнатуға әккісі жетіңкіремеді. Мысық аңдысымен мәмілеге келмеді деп сын айтуға аузың бармайды, себебі, Сүлейменов - бастан-аяқ қара күш, шалт қимыл иесі. Дегенмен, «ұлы дүрмек» - президент сайлауының уақыты сырғып келеді...

Осыдан да, Сүлейменовтен босаған орынтақ Тәжинге бұйырды. Мақтауын асырғанымыз емес, бірақ Марат Мұханбетқазыұлы - президент командасында танылған прагматик. Ол - стратег. Ол - идеолог. «Қазақстан -2030» да, Еуразиялық қауымдастық идеялары да Тәжин деген саяси технологтың өнімдері. Айта кетерлігі, Марат Тәжин ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне осымен төртінші рет тағайындалды. Үш мүмкіндік берілгенде де, үдесінен шыға білген. Айталық, 1999-2001 жылдары Әкежанның әлегінен кейінгі толқыған көңіл-күйді түзулеу, 2002 жылы «жас түркілердің» саяси вертикальға берген сабағына тойтарыс беру, ал 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбаев өлімінен соң туған саяси дағдарыстың салдарын жіпсіту секілді міндеттерді мойнына алды. Төртінші рет... штурвальды қолына алған Тәжиннің бұл жолғы тапсырмасының жүгі ауыр, жауапкершілігі мол. Біріншіден, ол соңғы кездері баспасөз беттерінен түспеген «қаржылық кландар, элиталық әулеттер арасындағы билікбөліс, меншікталас» тақырыбын реттеуде тың стратегия, жаңа тетік табуы тиіс. Екіншіден, дағдарысқа байланысты әлсіреп қалған биліктің идеологиялық базасын күшейтіп, халықтың электоралдық сеніміне стимул беру, сол арқылы алдағы сайлауға дайындау болса керек. Олай болса, Тәжиннің осы жолы да тартынып қалмасы анық.

Айтпақшы, Елбасымыздың тағы бір жарлығымен Қанат Саудабаев ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ескере кетерлігі, бұл азамат өтпелі кезеннің өткелегі қинап тұрған 1994 жылы осы лауазымда болған-ды. Бар-жоғы алты ай министр болғанында НАТО-мен арадағы ең ірі келісім - «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламаға қосылуды рәсімдеп есте қалып еді. Енді, ЕҚЫҰ секілді ұйым арқылы Еуропаға төрелік айтудың сәті туғанда бұл қызметіне қайта оралды. Әрине, Тәжиннің басшылығы тұсында СІМ бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Бастысы - Бастилия (ЕҚЫҰ) алынды, ал мемлекетшіл тұлға Саудабаев ісі жолға қойылған қызметті жеңілімен алып жүре алады.

 

«Абай-информ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395