Жұма, 22 Қараша 2024
1221 1 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 15:36

IPHR Макронға Қаңтар оқиғасы мәселесін көтеруді үндеді

International Partnership for Human Rights (IPHR – Адам құқықтары бойынша халықаралық қызметтестік) ұйымы Франция президенті Эммануэл Макронды Қазақстан мен Өзбекстанға сапары барысында адам құқықтары мәселесін көтеруге шақырды.

IPHR'дың Макронға жолдаған ашық хатында Қазақстанда қанды Қаңтар оқиғалары кезінде заң бұзғандар жазасыз қалғаны, былтыр Қарақалпақстандағы наразылық акцияларынан кейін жергілікті белсенділердің, журналистердің және блогерлердің қуғын көргені жазылған. Ұйым мұның бәрі қазақ және өзбек билігінің "саяси реформалар туралы ресми риторикасына қайшы келетіні" туралы айтқан.

"IPHR сонымен бірге Макронды қазақ және өзбек лидерлеріне Франция мен Еуропа одағы адам құқықтары бойынша халықаралық талаптардың сақталуына мән беретінін және ынтымақтастық даму үшін аталған талаптардың орындалуын күтетінін ескертуге шақырады", - деп жазылған ұйым мәлімдемесінде.

Айта кетсек, бүгін Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, ертең Өзбекстанға барады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318