Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1174 0 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 15:39

Қадыров: «Тәртіпсіздік жасағандарды «шекесінен» атыңдар»

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жаппай тәртіпсіздіктің алдын алуды және қажет болса оған қатысқандарды "шекесінен атуға" бұйрық берді. Бұл жөнінде "РИА Новости" агенттігі жазған.

Өткен жексенбіде Дағыстан әуежайын антисемиттік акцияға қатысқандар басып алған.

"Тәртіпсіздікке бір адам шықса, оны ұстап, түрмеге отырғызыңдар. Болмаса үш рет әуеге ескерту оғын атып, ол адам заңға бағынбаса, шекесіне атыңдар. Одан кейін шықпайтын болады. Бұл менің бұйрығым", - деді Қадыров шешен үкіметінің отырысы кезінде.

Шешенстан басшысы Владимир Путин секілді Дағыстандағы антисемиттік акцияларға Киев пен Батыс елдерінің "қатысы" барын айтты.

Украина сыртқы істер министрлігі Мәскеудің бұл сөздерін кінәні басқаға аудару әрекеті деп атаған.

Махачкаладағы оқиғаға қатысушылар Газадағы палестиндерді қорғау үшін шыққанын айтқан.

Қадыров өзі әлеуметтік желілерде Израильді "геноцид" жасап жатыр деп айыптап, оны нацистік Германиямен салыстырған.

Дағыстанда жексенбіде тәртіпсіздікке байланысты 83 адам ұсталғаны хабарланған. Бірақ оларға қандай да бір айып тағылғаны белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006