Сенбі, 23 Қараша 2024
1618 0 пікір 3 Қараша, 2023 сағат 15:04

Ресейлік олигарх Усмановтың тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды

Германияның Майндағы Франкфурт қаласының соты "көлеңкелі ақшаны заңдастыру" айыбымен ресейлік олигарх Алишер Усмановтың тәркіленген мүліктерін қайтарып беру жөнінде шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, прокуратураға бұғатталған мүліктерді ұстауға тыйым салынды. Бұл жөнінде Усмановтың баспасөз қызметі хабарлады.

"Интерфакс" мәліметінше, тәркіленген мүліктердің бәрі Усмановқа қайтарылады.

Былтыр қыркүйек айында Қылмыстық тергеу жөніндегі федералды қызметі Тегернзее көлі жағасындағы Усмановтың вилласына, Франкфурттегі пәтеріне және "Дилбар" яхтасына тергеу жүргізген. Тінту барысында бағалы заттар тәркіленген.

Der Spiegel басылымының мәліметінше, Майндағы Франкфурт соты тінтуді заңсыз деп мойындаған.

Осыдан кейін олигархтың адвокаттары тәркіленген мүліктерді қайтарып алу жөнінде сотқа өтініш түсірген. Сот бұл өтінішті қанағаттандырған.

Биыл қазан айында полиция қызметкерлері Алишер Усмановтың Германиядағы бірнеше үйін қайта тінтіген.

Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін батыс елдері Путин айналасындағы адамдарға санкция сала бастаған. Олардың ішінде Алишер Усманов та бар.

Forbes мәліметінше, Алишер Усманов Ресейдегі ең бай адамдардың бірі. Оның дәулеті 14,5 млрд доллар шамасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371