Сенбі, 23 Қараша 2024
2267 8 пікір 3 Қараша, 2023 сағат 16:24

Ердоған Түрікменстанды ТМҰ-ның толық мүшесі болуға шақырды

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанды ТМҰ-ға мүше болуға шақырды.

«Алдыңғы саммитте Солтүстік Кипр түркі республикасы байқаушы мәртебесін алды. Осы тарихи шешім үшін рахмет айтамыз. Осы шешіммен түркі әлемі баршаға мынаны көрсетті – Кипр түркілері оқшауланып қалса да, жалғыз емес екендігін бүкіл әлемге көрсеттік. Біздің міндетіміз – бірлестікте жұмыс істеу. Кипр түркілері түркі отбасының ажырамас бөлігі. Келесі саммитте Солтүстік Кипрдің түркі республикасын ұйымға байқаушы ретінде көреміз деген үміттеміз», - деді Түркия басшысы.

Бұдан кейін ол Түрікменстан тарабына талайдан бері айтылып жүрген ұсынысты еске салды.

«Тағы да қайталап, баса айтқым келеді. Біздің байқаушы-мүшеміз Түрікменстанды толыққанды мүше ретінде көргіміз келеді. Біздің негізгі ұранымыз: «Біздің бірлігіміз – біздің күшіміз». Түркі әлемін әртүрлі салаларда неғұрлым күшейткіміз келеді. Сондай-ақ, әртүрлі сынақтарға неғұрлым төзімді әрі бейімделгіш еткіміз келеді. Біз басшылар ретінде түркі әлемін бірлік пен ынтымаққа қарай бағыттауымыз керек», - деді Түркия президенті.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371