Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1489 10 пікір 7 Қараша, 2023 сағат 17:19

Экс-президенттің Болат Назарбаевпен фотосы желіде тарады

Экс-президенттің байлығы әлем бойынша сатылып жатыр, ал оның інісі Болат Назарбаев мүгедек арбаға таңылды, деп хабарлады ҚазТАГ  журналист Әсет Матаевтың дереккөздеріне сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, Алматыда Н.Назарбаевқа шаруашылық қызмет көрсетумен «Қазақмыс» компаниясы айналысады. Сондай-ақ, дереккөздер Назарбаевтың Алматыға көшуі мүмкін екенін, ал оның көмекшісі Абай Бисембаев мүліктерін сатумен айналысады екен.

Интернетте Назарбаевтардың отбасылық фотосуреті жария болды.

Онда бұрынғы президент өзінің күйеу баласы Тимурр Құлыбаевқа тиесілі Comlux авиакомпаниясының Airbus A320 NEO VIP ұшағымен ұшып жүргені жазылады.

«Борт бұрын «Президент істерін басқаруға»  тиесілі болған, бірақ 2022 жылдың тамызынан бастап Airbus «Қазақстан мектептері мен даңғылдары, әуежайы мен университеті адамының» қажеттілігі үшін Comlux-ке берілді», - делінген хабарламада.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап BN INVEST холдингін басқарды. 2016 жылы «Саликалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Болат Назарбаевтың есімі бірқатар стратегиялық салалардағы активтерді монополиялық басып алу, сондай-ақ рейдерлік шабуылдау сияқты әрекеттермен танымал.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың денсаулығының күрт нашарлағаны туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

10 пікір