Сенбі, 23 Қараша 2024
1348 3 пікір 7 Қараша, 2023 сағат 17:37

Киік еті экспортқа шығарыла ма?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ақбөкендердің етін сату мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуырда Экология министрлігі Қазақстанда ақбөкендердің саны аулау және ату арқылы реттелетінін мәлімдеді. Шенеуніктер біздің елімізде киік етін сатуға заңмен рұқсат беру көзделіп отырғанын жеткізді.

Брифингте журналистер Сапаровтан осы өзекті тақырып бойынша қосымша ақпарат беруін сұрады. Ол ақбөкеннің етінің қанша тұратынын нақтылай алмады, бұл Экология министрлігіне қатысты мәселе екенін айтып, сатылым тек Қазақстан ішінде болатынына сендірді.

"Жануарларды аулау және ату туралы шешімді Экология министрлігі қабылдайды. Ет комбинатында біздің ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді.

Біз экспортқа әлі дайын емеспіз, шетелге сату үшін ет комбинаты экспорттаушылар тізімінде болуы керек. Инспекция сонда барып, сатып алуға болтанынын немесе болмайтынын анықтауы керек. Әзірге тек Қазақстан ішінде", - деді ол.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371