Сенбі, 23 Қараша 2024
1200 1 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 13:34

2025 жылдан бастап киік мүйізі Қытайға экспорттала бастайды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан ақбөкендердің мүйізін Шығыс елдеріне сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жақында Экология министрлігі Қазақстандағы ақбөкендердің саны аулау мен ату арқылы реттелетінін хабарлады. Шенеуніктереліміз киік етін сатумен заңды түрде айналысатынын атап өтті.

Ulysmedia.kz редакциясы ақбөкендердің мүйізін сатуға қатысты министрден жауап алып, «киік мүйізін Қытайға сату жаспарланып отырғанын ведомство басшысы растады» дейді.

Оның айтуынша, мүйіздер қазір сатылмайды, өйткені бұған CITES – 1973 жылы Вашингтонда өткен Халықаралық табиғатты қорғау одағының қарары нәтижесінде қол қойылған халықаралық үкіметтік келісім бойынша тыйым салынған.

"Ақбөкендердің мүйіздері дәстүрлі түрде Шығыс елдеріндегі фармацевтиканың құрамдас бөлігі болып табылады, негізінен Қытайда. Бүгінгі таңда оларды экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ, өйткені CITES халықаралық ұйымы жануарлардың жекелеген түрлері, соның ішінде ақбөкендердің бөлшектері мен дериваттарын экспорттауға тыйым салды", — деді ол.

Экология министрлігінің басшысы ведомство шенеуніктері ақбөкендердің мүйіздерін сатуға рұқсат алу үшін Швейцарияға аттанғанын айтты. Экспортты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

"Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Комитет төрағасының орынбасары қазір Женевада, CITES-тің жануарлар дүниесі комитетінде жүр.  Онда ақбөкендердің дене бөліктері мен дериваттарын экспорттауға  салынған тыйымды алып тастау мәселесі талқылануда, – деді Нысанбаев.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда киіктерді аулау мерзімдері белгіленгені хабарланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395