Сенбі, 23 Қараша 2024
1714 4 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 16:04

Байқоңырда қазақ тілі мектеп бағдарламасынан тыс уақытта оқытылады

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі тек сабақтан тыс уақытта және ата-аналардың қалауы бойынша оқытылады, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Аталған пәндерді («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы») оқыту Байқоңырдың ресейлік мектептерінде тек білім алушылардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету шеңберінде (басқа білім алушылардың құқықтарына нұқсан келтірмей), яғни олардың қалауы бойынша (ата – аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша) сабақтан тыс қызмет нысанында – негізгі жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде ғана мүмкін болады»,- деп хабарлады Байқоңыр қаласының білім басқармасы.

Жергілікті билік М.К.Янгель атындағы №7 орта мектепте  2022 жылдан бастап білім алушылар мен олардың ата-аналарының тілектерін ескере отырып, 5, 6, 8, 9 сыныптарда Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы бойынша сабақтан тыс уақытта сыныптар ұйымдастырған.

Олардың айтуынша, басқа мектептерде жүргізілген сауалнама мен мониторинг нәтижесінде білім алушылар мен олардың ата-аналары сабақтан тыс уақытта мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындалуға, шет тілдерін үйренуге, спорттық бағытқа және патриоттық тәрбиеге басымдық беретін көрінеді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458