Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 2842 9 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:36

Нұрбол мен Ербол Назарбаевтарға 40 күн берілді

Марқұм Болат Назарбаев мемлекет меншігін заңсыз иелену бойынша қылмыстық іс орбитасында болған, бірақ соңғы алты айда оның денсаулығы күрт нашарлағандықтан ведомствоаралық тергеу тобы ол ақпаратты ешкімге жарияламай келді дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір прокурорлар мен Қаржылық мониторинг агенттігі «Бөкеңнің қай мүлкін мемлекетке қайтарамыз?» деген мәселені реттеп жатыр. Құзырлы органдар «Жаңа Қазақстан» тарапынан «ешкімнің көңіліне қарамай батыл қимылдаңдар» деген сигнал алған. Сондықтан, Болат Назарбаевтың ең қомақты мұрагері мемлекет болып шығуы ғажап емес.

Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары - Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын және барынша көп мұраға таласы бар. Дала заңы бойынша құқық қорғау органдары марқұмның қырқы берілгенін күтпек. Одан кейін мемлекет те үлес бөлу барысына белсенді кіріскелі отыр.

Дереккөздер Бөкеңнің «завещаниесі» бар дейді. Алайда Болат Назарбаев өсиеті бойынша мұрагерлік ісі оның қырқы берілгеннен кейін ғана қаралатын болады.

Бөкеңнің «Қара тізімі»

Болат Назарбаев қазасы қоғамда екіұдай сезім тудырып, тіпті оның өлімін жағымды жаңалық ретінде қарсы алғандар аз болмағандықтан, туыстары мен балалары біраз даңдайсып кеткен жазғыштардан кек қайтармақ. Тізімде Бөкең туралы зерттеу жасаған журналистер, ол туралы жағымсыз айтқан желі қолданушылары да бар. Дегенмен, ол кектің қандай формада болатыны белгісіз.

Бірақ, кек алмақ түгіл, Бөкең әулеті өз активтерін сақтап қалу жолында «басымен қайғы" болатын сияқты. Ал Нұрбол мен Ербол Назарбаевтар кез-келген уақытта сотталып кетуі мүмкін. Себебі гарант кеткеннен кейін, ешкімге гарантия берілмейтіні айдан анық.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502