Оразалы Сәбден. Ғылым тағдыры - ел тағдыры!
Қазақстан Республикасының Президенті,
ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевқа
А Ш Ы Қ Х А Т
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Әлемдік дағдарыс жалғасып отыр. Мұның себебі жүйесіздігінде екені мәлім болды. Бүгінгі күні осы жағдайдан шығудың жолын іздеу-Q20, Q8 мемлекеттерінің, т.б. елдердің өзекті ісіне айналды. Онымен әлемнің мықты ғалымдары, эксперттері айналысып та жатыр. Осындай жағдайда АҚШ, ҚХР, ЕО сияқты әлемнің жетекші елдері мен одақтары ғылымға ауқымды қаражат бөлу, ЖІӨ 3-4 % дейін қаржы ажыратқандары да бар екені белгілі. Тек ғылымның нәтижелерін жүзеге асыру арқылы ғана әлемде инновациялық серпіліс жасауға болатыны тағы анық.
Осыны жете түсініп Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, 2009 жылы ғылымға жаңа серпіліс беру туралы ойыңызды айтып, Үкімет пен салалық министрліктерге заңнамалық және нормативті актілеуді қоса ғылымды реформалау туралы тапсырма бердіңіз. Алғашында талпыныс жақсы болды. Тек екі жыл өткен соң, яғни 2011 жылы ғылымдағы жағдайды түпкіліпті өзгертуі тиіс деген жаңа заң қабылданды. Бірақ баршаның байқауында жағдай басқа бағытта ғана өзгерді!
Қазақстан Республикасының Президенті,
ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевқа
А Ш Ы Қ Х А Т
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Әлемдік дағдарыс жалғасып отыр. Мұның себебі жүйесіздігінде екені мәлім болды. Бүгінгі күні осы жағдайдан шығудың жолын іздеу-Q20, Q8 мемлекеттерінің, т.б. елдердің өзекті ісіне айналды. Онымен әлемнің мықты ғалымдары, эксперттері айналысып та жатыр. Осындай жағдайда АҚШ, ҚХР, ЕО сияқты әлемнің жетекші елдері мен одақтары ғылымға ауқымды қаражат бөлу, ЖІӨ 3-4 % дейін қаржы ажыратқандары да бар екені белгілі. Тек ғылымның нәтижелерін жүзеге асыру арқылы ғана әлемде инновациялық серпіліс жасауға болатыны тағы анық.
Осыны жете түсініп Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, 2009 жылы ғылымға жаңа серпіліс беру туралы ойыңызды айтып, Үкімет пен салалық министрліктерге заңнамалық және нормативті актілеуді қоса ғылымды реформалау туралы тапсырма бердіңіз. Алғашында талпыныс жақсы болды. Тек екі жыл өткен соң, яғни 2011 жылы ғылымдағы жағдайды түпкіліпті өзгертуі тиіс деген жаңа заң қабылданды. Бірақ баршаның байқауында жағдай басқа бағытта ғана өзгерді!
Ғылыми мекеме ғалымдары гранттық қаржыландыру бойынша бағдарламаларға ұсынған жобаларының қаржысы бірнеше есе қысқартылып тастағандықтан, олар бірнеше жобаға қатысып, күнелтуге мәжбүр. Екі немесе одан да көп жобаға қатысудың салдарынан ғалымның ғылыми әлеуетінің ыдырауы туындау қаупі бар (себебі ғалымның еңбегін өзінің кәсіби біліктілігін бөлшектерді желімдеуді жақсарту мен арттыруға бағыттайтын токарьдың еңбегімен салыстыруға келмейді). Ғылымдағы осындай жағдай ғылыми әзірлемелер сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Оны зерттеу жасақтамаларының екінші және үшінші сатысының тыйылуынан көруге болады. Бұл жағдайды ғылымдағы айтарлықтай шығындарды көрсетіп отырған мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымы да алға тартып отыр. Мұның үстіне ғылым, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық зияны айтпаса да түсінікті (Есеп комитеті көрсеткен мәліметтер бойынша).
Бүгінде жекелеген нәтижелерді санамағанда әлемдік деңгейде жалпы отандық ғылым үшін мақтанарлық нәрсе жоқтың қасы. Соңғы уақытта ҚР мемлекеттік сыйлығына үмітті дегендердің арасынан да лайықты ғылыми жұмыс табу өте қиындап кетті. Шенеуніктердің ұяттан безгені соншалық, тіпті ғалыммен авторлықта бірге жазылған елеусіз еңбектері мен монографиялары болмаса да Мемлекеттік сыйақыға ұсынып отыр. Және олар комиссияның белгілі сатыларынан да өтіп жатады! Мемлекеттік сыйлық бойынша комиссия қайда қарап отыр?
Еліміздегі ғылымның мүшкіл жағдайын мемлекеттік статистикалық көрсеткіштер де дәлелдей алады. Мысалы, егер 1991 жылы ғылыми қызметкерлердің саны 40 900-ге жетсе, 2012 жылы олардың саны 20 400 дейін қысқарған, яғни 2 есеге азайып отыр. Ғылымды қаржыландыру 1991 жылы ЖІӨ қатысты 0,62% құраса, қазір бар болғаны 0,17 % құрайды. Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттерден 20-25 есе төмен. Кез келген Мемлекет ғылыми, технологиялық, экономикалық дамуды орташа деңгейде ұстап тұру үшін ғылымға бөлінетін қаржы кем дегенде ЖІӨ-нің 1,5 % құрауы керек. Ғылымның материалдық-техникалық қоры да өте нашар. Егер 1991 жылы ғылыми қызметкерлердің жалақысы орташа көрсеткішке қарағанда 1,21 есе жоғары болса, ал қазірде ол тек 81% құрайды, т.б. Мұндай жағдайда ғылымның дамуы екіталай, тіпті өшпесе өспейді деп кесіп айтуға тура келеді.
Сіздің басты идеяңыз – Қазақстанның дамуына инновациялық серпіліс беруді іске асыру үшін Үкіметпен 2010-2014 жылдарға ҮИИД бағдарламасы жасақталды. ҮИИД орындалуының соңғы екі жылдағы талдамалары көрсеткендей бағдарламаға енгізілген көрсеткіштері мен нормативтеріне жете алмайтындығын көрсетіп отыр және үкімет оны қайта қарауды сұрап отыр. Шын мәнінде, аталған бағдарлама біздің болжамымыз бойынша іске аспай қалуы әбден мүмкін. Оның себебі көп. Енді ол тағы 5 жылдық жобаға ауыстырылмақшы. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі тек 5,8% құрады. Оған ғылыми зерттеу, тәжірибелі - конструкторлық жасақтау нәтижелерінің коммерцияландырылу деңгейінің төмендігі кері әсерін тигізуде.
ҚР ҰҒА, ҚР ҰИА, ҚР ШҒҰА, ҚР АШҒА және басқа да қоғамдық ұйымдардың экономиканың тиімділігін арттыруға қосқан үлесі өте төмен, көбіне олардың жұмысы формальды түрде жүргізіледі. « Ел арасында ҚР ҰҒА рөлі жоққа тең, тек корреспондент мүшелерін тағайындағаннан басқа түк бітірмейді»-деген теріс көзқарас берік орнықты. Бұны Академиктердің өздері де мойындайды. Ғылымда қалыптасқан тығырықты жағдайдан шығудың жолы - түпкілікті шараларды қажет етеді. Ресей кеш те болса осыны түсініп, соған байланысты ғылымын реформалауды бастап кетті.
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен, 4 жыл қорғасын зауытында істеп және 40 жылдық ғылыми еңбегімде фундаменталды ғылымды жетік меңгерген ғалым ретінде біздің елге, тіпті бүкіл адамзатқа дағдарыстың қиын қыстау күні туған кезеңде ғылымды реформалау бойынша Сіздің қолдауыңызды аса қажет ететін мынадай іс-шараларды алға тартуды ұсынамын:
- ХХІ ғасырдағы ғылым мен жоғарғы технологияның ерекше рөлін ескерсек, ведомствоаралық мемлекеттік орган «ҚР Президентінің жанынан Ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту бойынша Агенттік» (немесе Мемлекеттік Комитет) құру- заман сүранысына аса лайық шара болмақ.
- АҚШ-тағыдай «ҚР Ұлттық ғылыми қорын құру» керек.
- Ресейдегідей барлық ғылым академияларын бірыңғай ҚР қоғамдық-мемлекеттік ұйымы Ұлттық ғылым академиясына біріктіру қажет.
- Ғылымдағы басым бағыттар бойынша 5-6 ірі ғылыми кластерлік орталықтар құрып, оның ішінде қоғамды ізгілендіру бойынша ғылыми орталық ашу өте қажет. Мемлекеттің идеологиясының ғылыми негіздерін қамтамассыз ету мақсатымен барлық қоғамдық ҒЗИ-ын бір ірі фундаменталды зерттеу орталығына бағындыру керек. Қуатты ғылыми-техникалық әлеуеті бар Алматы мен Қарағанды қалаларында ғылыми-инновациялық кластерлер құру керек. Облыстарда ғылыми және инновациялық даму бойынша әкім орынбасарлығы лауазымын енгізу керек.
- Кадрлық әлеуетті нығайту үшін, әсіресе жастарды ғылымға тарту үшін, 1996 ж. ҚР Үкіметінің №1400 ескі жарлығына негізделген ғылыми қызметкерлердің еңбекақы саясатын түпкілікті өзгерте отырып, барлық деңгейдегі ғылыми қызмет пен әлеуметтік төлемдер бойынша ғалымның еңбекақылық, тарифтік мөлшерлемелерін еселей арттыру қажет. Яғни бұл ғалымның жалақысы 4-5 есе өсіру керек деген сөз.
- Ғылымға берілген қаражатқа салық салмау, біздің және шетел компанияларын ғылымды ынталандыру жүйесін т.б. өзгертулерді «Салық кодексіне» енгізу қажет.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің ойымызша осындай күрделі өзгерістер жасағанда ғана Қазақстан ғылымына серпіліс беріліп, инновациялық, өркениеттік XXI ғасырдың жүйрік поезының вагонына мінуге мүмкіндік ала аламыз. Бұлай етпесек әрі қарай шикізат өндіретін мемлекет болып қала беруіміз мүмкін, айтқан жерден аулақ, тіпті алпауыттарға жұтылып кетуіміз де мүмкін деген күдік те жоқ емес.
Құрметпен,
Оразалы СӘБДЕН,
Қазақстан Ғалымдар одағының Президенті,
ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ҚР ҰИА Академигі, э.ғ.д, профессор
Abai.kz