Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1786 1 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 14:47

Екі қазақстандық компания ЕО-ның сакция тізімінде тұр

Қазақстанның "Аспан Арба", Da Group 22 және өзбекстандық Mvizion компаниялары Еуроодақ әзірлеп жатқан Ресейге қарсы кезекті санкция тізімінде бар, деп хабарлады Азаттық.

Еурокомиссия өкілінің айтуынша, бұл құжаттар осы аптада қарала бастайды. Жаңа пакет ұйымның 14-15 желтоқсанында Брюссельде өтетін саммит кезінде қабылдануы тиіс.

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанның "Аспан арба" компаниясы дрондарды импорттап, ресейлік Skymec компаниясына жөнелтіп отыр деген күдікке ілінген. Одан әрі бұл дрондар Ресей армиясымен байланысы бар компанияларға сатылған.

Ресейдің кеден қызметі мәліметінде Da Group 22 былтыр мыңдаған микрочип экспорттаған компания ретінде көрсетілген.

Өзбекстанның Mvizion компаниясы санкция енгізілген ресейлік фирмаға электрондық компоненттерді сатқаны үшін АҚШ "қара тізіміне" енген.

Еурокомиссия құжаты әлі толығуы мүмкін.

Азаттықтың биыл маусым айындағы зерттеуінде де бірқатар қазақ және қырғыз компанияларының электроника тауарларын Ресейге жөнелтіп жатқаны көрсетілген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар