Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 2217 2 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 13:13

Ресей мен Қазақстан: Қытайдың сеніміне жарыс...

Путиннің Былтыр 24-ақпанда Украинаға бастаған соғысы Ресейді өркениетті Батыс әлемінен алшақтатып, керісінше, Қытайға жақындата түсті. Миллиардтар елі Еуроодақ пен Америка шектеу қойған орыстың мұнайы мен газының басты тұтынушысына айналды. Бір кезде әлемнің «екінші әскери державасы» атанған Ресейдің айбынды әскерінің күні Қытайдың жаңа технология пайдаланылған дрондары мен байланыс құралдарына қарап қалды.

Өзге елдерді қатты күшімен емес, жұмсақ күшімен шырғалауды басты мақсат ететін Қытай билігінің шын қалауын Кремль стратегтері де жақсы түсінген сияқты. Қарашаның 16-18 аралығында Петеррборда өткен 9-кезекті халықаралық мәдениет талқы жиналысында Ресей президенті Путин келесі 2024-жылдың «Ресей-Қытай мәдениет алмасу жылы» болып бекітілгенін сөз етті. Кремль қожайынының айтуынша, екі елдің байланысы бұрын-соңды болмаған деңгейде даму үстінде екен. Жыл соңына қарай екі елдің биылғы сауда-айырбас сомасы 200 миллиард доллардан асып жығылады деп күтілуде.

Путин мырзаның бұның алдында Бейжіңге барып, Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» экономикалық жобасының 10 жылдық мерейтой жиналысына қатысқаны мәлім.

Ел президенті Тоқаев та дүбірлі жиналысқа қатысып, келген соң келесі 2024-жылдың «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» болып бекітілгенін шүйіншілеген еді. Оның алдында Парламент екі ел азаматтарының цифлық мәліметтерін алмасу заң жобасын қабылдады. Қарашаның 10-шы жұлдызынан бастап екі ел азаматтарының шекарадан визасыз кіріп-шығу тәртібі ресми жолға қойылды. Енді екі ел азаматтары барған елінде 90 күнге дейін виза аштырмай-ақ тұра алатын болады.

Мұнай бағасы аспандап тұрған 2005-жылы Қытай тарабы Путинге Ресеймен шекаралас Қиыр Шығысында қытай юанымен сауда-айырбас жасайтын еркін экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс айтқанда, ол бірден бас тартқан. 2008-жылғы Америкадан басталған қаржы дағдарысы, Қырымды тартып алу, Украинаға жалпы беттік шапқыншылық – Путин билігіне айтарлықтай соққы беріп, оны аттан түсіріп, Қытайдың айтқанына көнуге еріксіз мәжбүр еткеніне куә болып отырмыз.

Орыс тілі кеңістігіндегі Ресей мен Қазақстанның Қытаймен байланысы сауда, экономика, жаңа технология саласымен ғана шектелмей, мәдени жақта қарқын алуы – кімнің мүддесіне пайдалы екені айтпаса да түсінікті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467