Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1273 5 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 15:06

Cұйытылған газдың құны кезең-кезеңімен көтеріледі

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Оның айтуынша, 2024 жылы сұйытылған мұнай газы литріне 5 теңгеге қымбаттайды.

"Энергетика министрлігі бағаны кезең-кезеңмен көтеруді жоспарлап отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады", - деді вице-министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

"Осы арқылы біз елдегі газ тапшылығын азайтамыз", - деді Жамауов.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар