Сенбі, 23 Қараша 2024
1521 2 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:14

Бас прокурор Бишімбаев ісіне байланысты пікір білдірді

Бас прокурор Берік Асылов экс-шенеунік, әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты пікір білдірді.  

«Жуықта азаматша С.Нүкенованың Астана қаласында кісі қолынан көз жұмуы интернет кеңістікті дүр сілкіндірді. Отбасындағы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойды. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді», – деді Берік Асылов ведомствоның заңдылықты сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында.

Сондай-ақ Б.Асылов тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мемлекетке келер қауіп қандай екенін айтты.

«Отбасындағы келеңсіздіктер, зорлық-зомбылық фактілері мемлекетіміздің алға дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан президентіміз айтқандай, мұндай заң бұзу әрекеттерімен тұтас қоғам болып күресу қажет», – деді Бас прокурор.

Айта кетейік, ҚР Президентіне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қылмыстық және әкімшілік заңнаманы реформалау жөніндегі петицияға қол қойғандар саны 15 қарашада 59 мыңнан астам адамды құраған болатын. Ашық үндеу eotinish.kz порталына жарияланды.

Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Кейін Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Елорда Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу амалдарын бастады.

11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевті 2 айға қамауға алу бойынша бұлтартпау шарасын санкциялады.

12 қарашада кісі өлімі болған «Гастро-Орталық» мейрамханасының директоры ұсталды.

15 қараша өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434